///

Қазақстанда ескі көліктер жаңасына ауыстырылуы мүмкін

613 рет қаралды

Парламент Мәжілісінің депутаты Тұрсынбек Өмірзақов отандық ескі автокөліктерді жаңаларына ауыстыру керектігін ұсынып отыр.

“Тозығы жеткен мұндай мәшинелер экологияға зиян келтіріп қана қоймай, жолда жүру қауіпсіздігін де тығырыққа тірейді. Сондықтан бұл проблеманы шешу үшін индустрияландыру картасына көліктерді пайдалану қуатын арттыру бойынша тиісті жобалар енгізу керек. Сол сияқты отандық автоөндіріс аясында ескі мәшинелерді жаңаларына ауыстыру мәселесін қарау қажет” дейді депутат.

Бұған қоса халық қалаулысы қазақстандықтарға жаңа көлік сатып алуға жағдай туғызып, автонесиелендіруде жеңілдіктер беруге ұсыныс білдірді.

Аltaynews.kz

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар