//

Баянөлгейде қанша қазақ бар?

1864 рет қаралды
1

булган сум 3Екі жылдың алдында Дүниежүзі қазақтарының IV құрылтайы шақырылды. Құрылтай десе, Ұланбатырға Қазақстаннан басшы-қосшы келеді десе мұндағы бастықтар өзге қазақ қазақ еместей, ол жақтан тек соларды ғана шақыртқандай ылғи табақтас-сабақтастарын: сырмақ шеті, сорпа бетіндегі сыбайластарын сыпырып-сиырып ерте кетеді. Олардан басқа да қазақтар бар. 

Моңғолияның дерлік барлық қала, аймақтарында қазақтар тұратынын білдіру мақсатымен 2008 жылдың қазан айындағы мына ақпарды әдейі жариялап отырмыз:
Архангайдың Эрдэнэ-булганында 6, булган сум 5
Баян-Өлгийде 104196,
Баянхонгордың Баянлаг, Жаргалант, Баянхонгорында 4,
Булганның Булган, Орхонында 3,
Говь-Алтайдың Есөнбулагында 5,
Дорноговьның Айраг, Даланжаргалан, Их хэт, Өргөнжаргалан, Замын-үүд, Хажуу-улаан, Сайншандсында 394,
Дундговьның Адаацаг, Говь-угтаан, Дэлгэрхангай, Сайнцагаан, Сайхановоосында 8,
Дорнодтың Баянтүмэн, Баян-уул, Гурванзагал, Дашбалбар, Матад, Халхгол, Цагаановоо, Чулуунхороот, Чойбалсанында 150,
Завханның Жавхлантысында, Өвөрхангайдың Хархорин, Хужирт, Арвайхээрінде 27,
Өмнөговьның Гурвантэс, Даланзадгадында 24,
Сүхбаатардың Баруун-уртында 4,
Сэлэнгэнің Алтанбулаг, Баянгол, Баруунбүрэн, Дулаанхан, Зүүнбүрэн, Зүүнхараа, Мандал, Орхонтуул, Орхон, Сант, Түшиг, Шаамар, Хүдэр, Түнхэл, Хушаат, Жавхлант, Сайхан, Цагааннуур, Сүхбаатарында 2183,
Төвтің Алтанбулаг, Батсүмбэр, Архуст, Баянцогт, Борнуур, Бүдэн, Жаргалант, Заамар, Лүн, Угталцайдам, Эрдэнэ, Баянчандмань, Баяндэлгэр, Цээл, Аргалант, Зүүнмодында 1388,
Увсының Баруунтүрүүн, Бөхмөрөн, Өмнөговь, Тариалан, Түргэн, Тэс, Ховд, Хяргас, Цагаанхайрхан, Улаангомында 520,
Ховдының Алтай, Булган, Буянт, Дуу, Зэрэг, Манхан, Мянгад, Мөст, Мөнххайрхан, Үенч, Ховд, Цэцэг, Чандмань, Эрдэнэбүрэн, Дөргөн, Жаргалантысында 15751,
Хөвсгөлдің Мөрөнінде 6,
Хэнтийдің Батноров, Баянхутаг, Гурванбаян, Галшар, Дархан, Дэлгэрхан, Жаргалтхан, Норовлин, Өмнөдэлгэр, Хэрлэн, Цэнхэрмандал, Бэрх, Өлзийт, Хэрлэн, Өндөрхаанында 2385,
Дарханның Дархан, Хонгор, Орхон, Шаранголында 3176,
Орхонның Баянөндөр, Жаргалантысында 1067, Говьсүмбэрдің Сүмбэр, Шивээговь, Баянталында 59,
Улаанбаатардың 10 ауданында 10167.

mereyhan. 2jpgЖалпысы 150 мыңдай адам бар. Жоғарыдағы сандардың әрқайсысына үңілсек, аудандысында ана тілінде мектеп, медресе, мешіт жоқ. Біршамасының отбасы аралас ұлттан. Баян-Өлгий мен Қобдадан басқа жердегілердің балалары түгіл ересектері ана тілінде сөйлей алмайды. 
Бұл, әрине, зәру мәселенің бірі. Осы тұрғыда Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы, қауымдастықтың бөлімшелері мәселе көтеріп, шештіруі керек.
Мысалы: Архангайдың Эрдэнэбулганындағы 6 қазақтың алтауы да әйел. Әрқайсысында тағдырдың ауыр жүгі бар.
Құрылтайға қатысушылар өзіне мақтау, марапат, баспана сұрау, жұртын күреу, сауда-саттық тәрізді өз басының кәкір-шүкірімен «итшілеп» келгенше, осы тәрізді ұлт тағдырына байланысты мәселе көтеруін Қазақ диаспоралары мәселе қалап отыр.
Сондай-ақ, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығынан шығарылатын журнал, ақпараттық материалдар Баян-Өлгийге келмегелі де біраз жыл өтті.

Қауымдастық бұл аймақтан неге аулақ кетті?!

Асқар Шаймардан, Өлгий қаласы

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. Осы әдемі қазақтар жоғалып бара жатыр-ау, деп қорқамын. Баянөлгейлік ағайындар өздеріңізге сынай қарасаңыздар осы жағдайды анық көресіздер. Осыған әрекет жасаңыздар! Қазақ депутаттары мен аймақ басшылары бірінші кезекте ұлтты жойып алмау мәселесіне еркше көңіл аударғаны жөн.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар