///

Қазанда Жәңгір ханға ескерткіш тақта орнатылды

890 рет қаралды

ТАТАРСТАН-449-11Татарстанның Астанасы Қазан қаласында, ежелгі Ресей еліндегі өз тарихы мен дәстүрі бар Қазан федералдық университетінде қазақтың соңғы ханы Жәңгірге ескерткіш-тақта қойылды. Осы рәсім кезінде аталған оқу орнының басшысы Макзюм Салахов атап көрсеткендей, мұндағы ғылыми кітапхана қабырғасына қазақ ханына ескерткіш тақта қойылуының терең тарихи-танымдық мәні бар.

Өйткені, Жәңгір хан іргетасы 1804 жылы қаланған жоғары оқу орнының материалдық базасы нығаюына 1826 жылдан бас­тап меценаттық қолдау көрсетіп отырған. Жәңгір кезінде Қазан университеті кітапханасына XVI-XI ғасырлардағы алты түр­лі өте сирек кездесетін қол­жаз­ба­ларды сыйға тартқан. Әрі ол Қа­зан университетінің алғашқы рек­торлары Фукспен және Ло­ба­чевскиймен жақсы қарым-қатынаста болған. Олармен бір­не­ше рет кездесіп, хабарласып, хат жазысып тұрған. Өз кезегінде Қазан университетінің басшылары Жәңгір ханның өтінішін де ұдайы орындап келген. Мәселен, ректорат ханның сұранысына сай «Мұхтасар» атты кітапты құрастырып шығарған екен. Бұл кітап содан соң Жәңгірдің өз қар­жысы есебінен Парижде басы­лып шығыпты. 1844 жылы, яғни Жәңгір хан өмірден өтпестен бұрын Қазан университетінің ғылыми кеңесі қазақтың ханы Жәңгірді бір ауыздан өздерінің құрметті мүшесі етіп сайлағаны тарихтан мәлім.
Ескерткіш-тақтаның ашылу рәсіміне қатысқан Қазақстан Рес­­публикасының Ресей Федера­ция­сындағы Төтенше және өкілетті елшісі Ғалым Оразбақов пен Ба­тыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев бұл шара ре­форматорлық сипаттағы тари­хи тұлға Жәңгір ханның көп қыр­лы қызметі үшін көрсетілген құр­мет пен тағзым екені жөнінде сөз сабақтады. Сонымен бірге, бұл рәсім өзара қандас, туыстас Қазақстан мен Татарстан елдері мен жұртшылығы арасындағы достық әрі әріптестік қарым-қаты­настардың одан әрі терең­деуіне ықпалын тигізетінін атап көрсетті.
Темір ҚҰСАЙЫН,
«Егемен Қазақстан».
ОРАЛ – ҚАЗАН – ОРАЛ.

Суретте: Қазан универ­­сите­ті­нің қабырғасында Жәңгір хан­ға орнатылған ескерткіш тақ­таның көрінісі.
Суретті түсірген
Рафхат Халелов.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар