Қазақ радиосы мен теледидарынан алғаш рет «Алтайдың ар жағынан келген ару» атты әнді естігенде сүйсінбеген ағайын қалмаған шығар. Тынышбай Рахымов ағамыздың ақындық қаламынан толықсып туған әннің мәтіні де, сазгерлік шабытынан шалқи көтерілген әуезді әні де тамырында қазақ деген халықтың қасиетті қаны бар кез келген жанды еліктіріп әкеткені анық. Ал оны қалың жұртшылыққа эфир арқылы алғаш жеткізген Сәкен Қалымов сабырлы да сағынышты сезіммен беріле орындаған шеберлігімен әнсүйер қауымның жүрегі мен көңілін ә дегеннен баурап алған еді. Ән мәтіні мен әуені сәтті шығып, шебер орындаушыға кезігуі де бір естігеннен-ақ «әу демейтін баласы жоқ» ағайынның кең жүрегінің төріне бір-ақ жол тапты. Әйтсе де, қалжыңы қалмайтын қазақтың жастары «Алтайдың ар жағынан бір ару келген екен. Алғаш көруден-ақ Тынышбай ағамыз осы әнді соған арнапты» дегендей әңгіме де айтылып жүрді. Мен ол кезде Атажұрттан алыста тұрғандықтан ба, бұл әнді өте басқаша қабылдадым. «Қимайтын жан екенсің жат ұяға, Қарғам-ау, кез болдың ғой қапияда. Шіркін, Мөп-мөлдір жанарың-ай, Жаз дидар жамалың-ай. Қалдым-ау, тіл қата алмай, қарағым-ай. Қасыңа бара алмадым, Сездің бе жан арманын? Еріксіз Қалқам саған ән арнадым…» Мәтінді толық келтіру мін¬дет емес, оны бүкіл ел біледі. Осы алғашқы шумақтан-ақ, мен мұны тәуелсіз қазақ елінің сыр¬тында жасайтын қандаста¬ры¬мызға, бар¬ша бауырлары¬мызға деген ата¬жұрттағы аға¬йын¬ның сағынышы деп қа¬был¬д¬адым әрі бүкіл аға¬йын-туыс, жора-жолдастарыма осы¬лай түсіндіруге тырыстым. Өйткені ақын алыста жүрген ағайынды, олардың бойындағы қаймағы бұзылмаған қазақи асыл қасиеттерімізді, ана тілі¬міз бен ата-салтымызды, адас¬тыр¬мас ал¬тын діңгектей асыл дінімізді, ұлттығымызды айғақ¬тайтын бү¬кіл ерекшелікте¬рімізді бойында сақтап, ата-жұртты аңсаумен өмір кешіп жатқан қандастары¬мыздың Отанға деген сүйіспен¬шілігін жат жұртқа, жат ұяға қимайтын сезімін әнмен жеткізіп тұр¬ғандай сезіндім. Негізінде бұл әнді Тыныш¬бай ағамыз Үрімшідегі қазақ телеар¬на¬сында диктор болып істейтін Әмина Еркеш атты аруға арнап шы-ғарған екен. Ол жа¬йында Ах¬мет Бай¬тұрсынов ата¬мыз жасаған араб қарпіндегі қазақша төте жазу¬мен Алматыда жа¬рық көретін еларалық «Шал¬қар» газетінің тілшісі, Қытайдан келген қан¬дасы¬мыз Айжан Бодау¬байқызы¬нан білдім. Айжанның ай¬туынша, бұл ән алғаш ай¬тылудан-ақ ол жақ¬тағы ағайын¬ның арасында тез тарап, үлкен сүйіс¬пен¬шілікке ие болған. Ата-бабала¬ры¬мыздың ғасырлар бой¬ғы арма¬нына қол жеткізіп, тә¬уелсіздік туын тіккен ортақ Отан¬дарынан шыққан ән бар¬лығына ой салып, осындай өзде¬рін іздейтін, сағы¬натын ел бар¬лығына қатты қуа¬нып, бақытқа бөленген. «Бұл әнді естігенде елеңдемейтін қазақ жоқ шығар, әсіресе Алтай асып, Қытайда туғандардың арасын¬да, – дейді Айжан ару. – Олардың тойлары да бұл әнсіз өтпейді. Алғаш бұл әнді Мақпал Жүнісова апайымыз орындаған екен. Одан алып Сәкен Қалы¬мов ағамыз орындап¬ты. Оның орындауында ән өте сәтті шық¬қан. Жалпы, мен бұл әннің ба¬ғын ашқан да осы Сә¬кен ағамыз деп есептеймін. Екін¬ші жағы¬нан ән де орындаушының ба¬ғын ашқаны ақиқат. Басқа бі¬реу орындағанда бұлай болар ма еді, болмас па еді, кім білсін?! Сосын қыздар жағы осындай әннің шығуына себепші болған Әминадан бір жауап та болар деп күткен. Өйткені айтылған ой мен сағынышты сезімді тү¬сінетін кез келген қазақ қызы¬ның өзіне осын¬дай ән арналып жатқанда елжіремеуі және «Оны шығарған қандай жігіт екен?» деп ойлан¬бауы, таңдан¬бауы мүмкін емес қой! Алайда Әмина селт етпепті. Диктор болып істегенімен, өлең¬ге ебі жоққа ұқсайды. Сірә, Ты¬ныш¬¬бай ағамыз да «бір жауап бо¬лар» деп күткен болуы керек. Әрі күтіп, бері күтіп, ондай ештеңе бола қоймаған соң, қыздың аты¬нан өзі мынадай жауап ән де жа¬зып¬ты: Бұлбұл бақты сүйгендей, қыран көкті, ағажан, Алатаудан Алтайға бір ән кетті, ағажан. Адал сырды айтып тұр әуеніңіз, ағажан, Неткен нәзік әсерлі жан едіңіз, ағажан. Ән жүректі елжіретті, Сезім көлін мөлдіретті. Мен де арнадым өлеңімді, Сәлемімді, ағажан. Ақмаралды Алтай жақтан, Шалғай жатқан, ағажан. Көшкен елдің қызы едім Алтай асып, ағажан, Өмір кештім тағдырмен тай-таласып, ағажан. Алматыға барғаным елес болды, ағажан, Әніңізді келеді көп естігім, ағажан. Тағдыр тілдестірмейді-ай кейде бізді, ағажан, Елестетем беймәлім бейнеңізді, ағажан. Тілек болса көңілде айтпайсыз ба, ағажан, Алтай жаққа бір келіп қайтпайсыз ба, ағажан? Мен бұл мәтінді Қытайда тұ¬ратын туған әпкем Фариданың үйінен алдым. Ақ параққа қол¬мен «Алтайдан сәлем» деп жа¬зыл¬ған ән атауының жанында Ты¬ныш¬бай Рахым деген жазу бар. – Бұл әндi кезінде қазақтың «Ақ Баяны» атанған марқұм Мә¬дина Ералиева өз репертуа¬рына енгізіп, тамаша орындаған еді. – Шынымды, жан сырымды айтсам, Сәкен ағамыз орындаған «Алтайдың ар жағынан келген ару» әні менің өмірімді күрт өз¬гертті. Мен осы әнді тап маған ар¬нап айтқандай күй кеше баста¬дым. Радиодан алғаш естуден жаздырып алып, жатсам-тұрсам қайта-қайта қойып тыңдап жүр¬дім. Беймаза күй кешіп, есіл-дер¬тім тезірек Алматыға келу, Сәкен ағайды іздеп табу болды. Қарын¬да¬сындай болсам, қасына жақын жүр¬сем деп армандадым. Шин¬жиаң университетінің қазақ тілі әдебиеті бөлімін бітіріп, қызметке араласқан соң әке-шешеме білдір¬мей, таныс апайларым арқылы Қазақстаннан шақырту жібертіп, төлқұжатымды дайындаттым. Сөйтіп, Дәдеш атты апаймен Алматыға келдім. Ол кісі 5-6 күн болды да қайтып кетті. Мен қал¬дым. Алды¬мен Майра Ілясова апайдан Сәкен ағаның телефо¬нын алып, студияға қоңырау шалдым. Тұтқаны көтерген қызға бір ән ұсынбақшы едім деп қулық жаса¬дым, әйтпесе сөйлеспей қояр деп қорықтым. Сәкен аға тұтқаны алған соң: «Аға, мен сіздің әнде¬ріңізді жақсы көремін» дедім. Ағай: «Әндерімді ғана ма?» деп қалжыңдады. Сонда қалай екенін білмеймін «өзіңізді де» деген сөз шығып кеткені… Әмина апай жауап жазбаса да мен: Арнадың ақын аға жыр-әніңді, Тербетті бір сағыныш жүрегімді. Шіркін, Асқар тау, Шынар аға, Ақ иық Қыран аға, Әніңе тебіренбей тұра алам ба?! Алатау қыранысың, Жаһұттай жыр-әнісің, Сарқылмас тұнып тұрған бұлағысың. Балаймын өзіңізді асыл жанға, Келмеді-ау жүрек сырын жасырғанға. Қиялым қиырда жүр шыр айналып, Жүрегім өзіңіз деп жылайды анық, деп өзімше жауап жазған едім. Сөйтіп, отбасымды, бауырларым¬ды қалдырып, іздеп келдім. Бұл Жәмила деген жақын құрбымнан басқа ешкімге айтпаған сырым еді. Жақында ол «қашанғы ішіңде сақтайсың, сыртқа шығарсайшы» деп кеңес берді. Сөйтіп жүргенде Сіз кездестіңіз. Осылай мен сырымды ашып отырмын. – Сонда нағыз Алтайдың ар жағынан келген ару сіз болдыңыз ғой. Ал сіз мына әнді естідіңіз бе? «Ән салдың ақын аға маған арнап, Әуенің ел аспанын алды-ай баурап, Шіркін, Ақ иық қыран аға, Ақ маржан жыр-ән аға. Өзіңді ел сыйламай тұра ала ма? Аққу боп кетсем деймін, Асыға жетсем деймін, Алатау тау самалын өпсем деймін! От берген өлеңіңді жанарыма, Баладым атамекен самалына, Шын болса, арғы бетте жүрген ару, Міндет қой ер жігітке – іздеп бару, Жолдаймын дәру болсын орамалым, Дәм тартса, елмен бірге ораламын» деп, «Алтайдың ар жағы¬нан келген ару» әнінің әуенімен ай¬тылатын осы әнді мен алғаш есті-геннен жаттап алдым. Ол кезде біз де Өзбекстанда тұра¬тын едік. Бұл әннің шығу тари¬хы, оның кімге арналғаны жа¬йын¬да ештеңе білмедік. Бірақ мен мұны «Қыз¬дың жауап әні» деп қабылдадым. Және «тамаша жауап қайтарған екен» деп шын жүрегіммен риза болдым. Өйт¬кені менің түсінігім¬де жауап қайтарған қыз тек өз атынан емес, Алтай мен Атырау, Арқа мен Алатаудың арасындағы ұлан-ғайыр Ұлы даланы мекен етіп, тағдыр тәлкегімен төрткүл дү¬ниенің төрт бұрышына тары¬дай шашылып кетіп, Атажұртты аңсап, барша қазақ тәуелсіздіктің көк туының астына жиналса екен деп, Жер бетіндегі жалғыз ортақ Отанына оралуды арман¬дап жүр¬ген бүкіл сырттағы ағайынның сағынышы деп қабылдадым. Ме¬нің түсінігімде оны басқаша қа¬былдау мүмкін емес! Әр жұп жол¬ды қарасаңыз да, бүкіл мәтінді толық тыңда¬саңыз да, сырттағы ағайынның тарихи Отаны, ата¬жұрты, қасиетті топырағына де¬ген сарқылмас сағынышын сезе¬сіз. Ән арнаған ақынға, жер қор¬ғаған батырға, ел басқарған сұлтанға айтар сыртта жүрген ағайынды іздеп, жанашыры бар екенін білдіру, елге келуіне, аға¬йын¬мен араласуына жағдай жасау ке¬рек, осы мәселелер шешіліп, дидар бұйырып жатса, біз бәріміз кел¬мейміз бе деген¬дей жүрек тө¬рін¬дегі сыр астарлы да әдемі ба¬зына¬мен астасып жатыр. Жалпы, қа¬зақ¬¬тың қай сөзінің де қолданы¬ла¬тын орны, айтар ойы, атқарар қыз¬меті бар десек, бұл ән төрткүл дү¬ниенің бұрыш-бұрышында та¬ры¬дай шашылып жүрген сыртта¬ғы ағайынның елге деген сағы¬ны¬шы дер едім. Сіз бұл ән жа¬йында не білесіз? – Шынымды айтсам, бұл әнді Сіз¬ден алғаш рет естіп отыр¬мын. Кейін мен Қытайдан келген қандастарымыз – «Балдырған» журналының бөлім редакторы, ақын Құл-Керім Елемес, ақын Сай¬ламхан Мұстахи бауырлары¬мыз¬дан да осы ән жайында сұрадым. Тіпті Сәкен бауырымыз¬ға хабарлассам, ол да білмейтін болып шықты. Қалай дегенде де бұл әннің мәтінін өзім толық білген¬дігіме және Атажұртыма оралып, қалың оқырманға жеткізу бақыты бұ¬йырғанына қуанышты¬мын. Құтмағамбет ҚОНЫСБАЙ, minber.kz-ке ұсынған Асқар Шаймардан, Байөлке, суретте: Риза Қайырбайқызы
Парақшамызға жазылыңызАлтайдың ар жағынан келген ару
Соңғы жазбалар
Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орында. Десек те, қалада үй салатын, ауылда мал жаятын жер
Қазақстандықтар долларға қатысты ұлттық валюта бағамын бақылап отырғанда, сарапшылар рубльдің теңгеге шаққандағы қатынасын көріп алаңдайды. Тенгенің
Қазақстан 2025 жылы 2 миллиард ағаш отырғызуды жоспарлаған. Осыған байланысты Батыс Қазақстан облысында ағаштардың қалай егілгені
Фото: «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы «Мінбер» журналистерді қолдау орталығына – 15 жыл. Осыған орай Алматыда орталықтың
Фото: kff.kz 2022 жылдың ақпанында Әділет Бәрменқұлов Қазақстан футбол федерациясының президенті болып сайланды. Екі жылға жетер-жетпес
Бүгін Алматыда «Қазақстан» қонақ үйінің «Алтын Емел» конференция залында «Абай» баспасынан (директоры Ақберен Елгезек) жарық көрген
2024 жылғы 11 қарашада Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотында журналистер мен ҚР мәдениет және
Осы 2024 жылдың екінші тоқсанындағы есепте Ұлттық статистика бюросы 451 мың жұмыссыз халық бар екенін анықтаған,
12 қарашада Астанада 20 шақты адам президент резиденциясы – Ақорда маңына жиналды. Бұл туралы Азаттық Радиосы
Ақсұңқар — Алтай тауларының жаңғырығын сүйреп жеткен орасан озани ақын қыз. Бұла Бұлғынның ұлпа құрсағынан туған
Бұл сөзді ақын, менің жолдасым Бақытбек Бәмішұлы жазған! Ол 1994 жылы “Жас Алаш” газетінде жарияланып, кейін ақынның 1998 жылы жарық көрген “Мәңгі көк аспан астында” кітабында жарық көрген.
Гаусар Хавдий Рас, бұл әнді алғаш Бақытбектің қарындасы Тиканың орындауында естігенбіз
Маған да Рақымның осы әні қатты ұнаған. Әннің қалай шыққаны туралы естіп-білдім. Мен де Айжан қарындас айтқандай Әмина жауап жазар деп ойлағанмын. Алайда ол жым-жырт жатып алды. Сордан Әмина Алматыға келді дегенді естіп, қолымда бір шоқ гүлім бар, бір шампан шарабым бар, іздеп бардым. Мамандық жетілдіру институтының жатаханасына орналасқан екен. Күтіп отырдым. Кеш келді. Қонақ.. “Әмина, осындай да осындай, өзіңнен ел болып жауап күтіп едік, хабарсыз жатып алдың, содан ақындық арқа ерік бермей сенің атыңнан осындай бір жауап жаздым” деп едім, ол бұлқан-талқан боды. Мен: “Е, Әмина, сен Тұңғышбайды түсінбеген екенсің, ол саған емес, арғы беттегі атажұртын аңсап жүрген алаш аруларына арналған ән еді” дедім де, жауапты “Жас Алаш” газетіне бердім, Онда Қайрат Әлімбек пен Алмас Ахметбекұлы бартын. Мәтінді кешіктірмей жариялап жіберді. Осы жауап малданып жүргендерді де, айтып жүрген ақ ниет әншілерді де көрдім.