///

Зейнетақы жүйесінің жаңалығы зор

735 рет қаралды
1

Мемлекет басшысы 2012 жылғы 27 каңтардағы «Әлеуметтік-эконо­ми­ка­лық­­­ жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында­ осы мәселені қозғап, ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 23 қаңтардағы кеңейтілген отырысында Үкімет пен Ұлттық Банкке жинақтаушы зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту шараларын қабылдауды тапсырды. Қазіргі кезде­ зейнетақы жүйесін жаңғыртудың негізгі бағыттары анықталды. Ол туралы Қазақстан Республикасы­ Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі Астана қаласы бойынша Бақылау және әлеу­мет­тік­ қорғау департаментінің директоры­ Еркін ­Рахымбергеновпен жолығып, әңгі­ме­лес­кен­­­ едік.

2b0ad5d4fc2b3cdc4b5c60a0d46d15e8

– Алдағы өзгерістердің ерек­ше­лік­­те­рі мен мақсаты жайында айтып өтсеңіз? Халықтың қандай топ­та­ры­на­ ба­ғыт­та­латын болады?
– Зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерінің ерекшелігі барлық қазақстандықтарға қатыстылы­ғын­да­ болса керек. Бұл өзгерістер – бүгінгі зейнеткерлерге де, болашақ зей­неткерлерге де, әйелдер мен ер кісілерге, жұмыс істейтіндер мен жұмыссыздарға да қатысты. Бұл өзгерістер мемлекеттің, жұмыс берушінің және тікелей азамат­тар­дың­ зейнетақымен қамсыз­дан­дыру мәселесі бойынша қажетті жау­ап­кер­шілігін көтеруді көздейді.
Оның басты ерекшелігі – өз бетінше жұмыспен айналысатын халықты, еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстардағы адам­дар­дың­ мүддесін де жан-жақты қам­ти­ды.

– Онда жаңғыртудың негізгі бағыт­­тарын талдап берсеңіз?
– Оң өзгерістер мына бағытта жүретін болады. Бірыңғай жинақ­тау­шы зейнетақы қорын (БЖЗҚ) құру және жинақтаушы зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру; Зейнетақы жасын біріздендіру; Еңбек жағдайлары ерекше жұмыс­тар­да істей­тін аза­мат­тарды зей­нет­ақы­­мен қам­сыз­дан­дырудың мін­дет­ті кәсіптік жүйесінен ерікті жүйе­ге өту.
Жинақтаушы зейнетақы жүйе­сі­нің қызметі зейнетақымен қамсыз­дан­­ды­рудың әлеуметтік деңгейін қамтамасыз етпегені белгілі болып­ отыр. Еліміздегі жинақтаушы зей­нет­ақы­ қорларындағы салым­шы­лар­дың активтерінің табыстылығы төмен. Қорға жаңа салымшыларды тартудың орнына, бір қордан екінші қорға шақырудан аспады. Бұл ретте халықтың біршама бөлігі бұл жүйеге қатыса алмады.
Ендігі жерде жинақтаушы зей­нет­ақы қорларында жинақталған қара­­­жа­тыңыз автоматты түрде мем­­­ле­­­кет­тік бір­ыңғай қорға ауыса­ды.­ Ол үшін арыз жазып тағы басқа рәсімдерден өтудің қажеті жоқ. Салым­­шылар өз қаражатының түгел ауда­ры­латынына алаңдамауы керек.­ Бір­­ың­­ғай жи­нақ­таушы қорына өтер алдында барлық жинақтаушы зейнетақы қорларында аудит өтіп, есебі алынады.

– Бірыңғай қордың міндеті салым­шылардың активтерін табыс­ты­лы­ғын арттырып қоймай, әртүрлі себеппен тартылмаған азаматтарды тарту болып табылады дедіңіз. Ол қалай жүргізілді?
– Заң шеңберінде еңбек қаты­нас­та­ры түзіліп, жұмыс беру­ші­лер мен жұмыскерлердің жауап­кер­шілігі артады. Ал әлеуметтік жағынан аз қамтылғандар, бала күтумен еңбектен уақытша қол үзгендер де бірыңғай зейнетақы жүйесіне қаражатын аударатын болады. Мұның бәрі заңнамалық негізде шешіледі.

Бірыңғай жинақтаушы зей­нет­ақы қорының әдеттегі жинақтаушы зейнетақы қорларынан айыр­ма­шы­лы­ғы неде?
– Бірыңғай жинақтаушы зей­нетақы қоры «МЖЗҚ» АҚ базасында­ акцио­нер­лік қоғам нысанында құрылатын болады. Қазақстан Респуб­ли­ка­сы­ның Үкіметі қордың құрыл­тай­шысы мен акционері болады.
БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын тартуды жүзеге асыратын жалғыз ұйым және де азаматтардың өздерінің таңдауы бойынша ерікті және ерікті кәсіптік зейнетақы жарна­ла­рын жинақтайды. Қордың функ­ция­сы салым­шылардың жеке зей­нет­ақы­ шоттарын есепке алу және зей­нет­ақы жинақтарының есебінен зей­нет­ақы төлемдерін жүзеге асыру болып табылады.
БЖЗҚ зейнетақы активтерін ҚР Ұлттық Банкі басқарады. Бұл ретте инвестициялық стратегияны БЖЗҚ зейнетақы актив­терін басқару жөніндегі кеңес әзір­лейтін болады.
– Қарастырылып отырған зей­­нет­ақы жасын біріздендіру тура­лы­ ­түрлі пікірлер айтылып­ жатыр.­ Әйел­дер­дің зейнет жа­сы­ның 58-ден 63 жасқа көтеруді немен бай­­ла­­ныс­­ты­руға болады?
– Зейнетақы жасын біріздендіру бюджет қаражатын үнемдеу үшін емес, әйелдердің жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін және зейнетақы жинақтарының көлемін ұлғайту үшін ұсынылды.
Зейнетақы жасын ұлғайту кезең-кезеңімен, жыл сайын алты айдан қоса отырып 10 жыл ішінде жүзеге асырылады. Бұл:
– біріншіден, зейнетке шығар алдындағы адамдарға ауыртпалық салмай өткізуге мүмкіндік береді. Мәселен, 58-ге келген әйелдер 58,5 жасында зейнетке шыға береді, яғни 6 айдан кейін, ал 57-ге толғандар бір жылдан кейін немесе 59 жасында зейнетке шығады;
– екіншіден, (63 жаста зейнетке шығатын адамдар үшін) пси­хо­ло­гиялық тұрғыдан дайын болуға және бейімделуге;
– үшіншіден, әйелдердің нәтижелі жұмыспен қамтылу мүмкіндіктерін кеңейту шараларын қабылдауға мүмкіндік береді. Үкімет бала күтімі бойынша демалыстағы әйелдер, өз бетінше жұмыспен айналысатындар мен жұмыссыздар, сондай-ақ, зейнеталды жастағы әйелдер үшін арнайы жұмыспен қамту бағ­дар­ла­ма­сын жоспарлауда.
Себебі ынтымақты жүйеден зейнетақы тағайындау 2043 жылға дейін жүзеге асырылатын болады, ал зейнетақы жасын­ біріздендіру ынтымақты да, жинақ­таушы зей­нет­ақы жүйесінің қаты­су­шы­ла­ры­­ болып табылатын әйелдерге қатыс­ты болады.
Әйелдердің зейнет жасын арттыру 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еңбек өтілінің азаюына байланысты. 2012 жылы зейнетақы тағайындау үшін өтініш білдірген әйелдердің 12 % астамы 1998 жылғы 1 қаңтарға жинақталған толық еңбек өтілі жоқ, ал 2018 жылы зей­нет­ке шығатын әйелдердің бар­лы­ғында толық өтілі болмайды.­ Сол себепті зейнетақысының мөлшері толық емес еңбек өтіліне байланыс­ты­ жыл сайын бекітілетін ең төменгі зейнетақы мөлшерінен төмен болуы мүмкін.

Анықтама:

1998 жылы Қазақстан зейнетақы жүйесін реформалау нәтижесінде:
– базалық, міндетті (ынтымақты және жинақтаушы) және ерікті зейнетақымен қамсыздандыру деңгейлерінен тұратын көпдеңгейлі жүйе құрылып, қызмет көрсете бастады;
– тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму негізінде зейнетақы бағдарламасын қаржыландыру артты. Зейнетақы төлемдерінің мөлшері үздіксіз өсірілді. 14 жыл ішінде (1998-2012 жылдар) ең төменгі зейнетақы мөлшері 11 есеге (2 440 теңгеден 26 211 теңгеге дейін) артты, зейнетақы – 10 есеге (3 964 теңгеден 38 765 теңгеге дейін), ең жоғарғысы – 7 есеге (7256-дан 56047 теңгеге дейін) артты.
– жинақтаушы жүйені енгізу мен қызмет етуінің практикалық іс тәжірибесі жинақталды;
– азаматтардың зейнетақы жинақтары өсуде. 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 3183,2 млрд теңгені құрады.
Сонымен қатар, 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша зейнетақының орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін қосқанда) 41912 теңгені құрайды немесе жалпы экономика бойынша орташа айлық жалақының 40 % асты.

Айгүл УАЙСОВА

“Астана ақшамы”

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар