///

Ресейде тұңғыш қазақ журналисін еске алды

1256 рет қаралды

Ресейде тұңғыш қазақ журналисі, «Айқап» қоғамдық-саяси журналының редакторы Мұхамеджан Сералинді еске алды.

Басылымның алғашқы саны 1911 жылы Троицк қаласында шыққан болатын. Патша құрылымын сынға алғаны үшін басылым 88-шығарылымынан кейін жабылып қалады.

“Жорналдың 88 санының барлығында да қазақ халқының өмірі көрсетілген, оның беттерінде саясат туралы ештеңе жазылмаған да» дейді Троицкінің басшысы Виктор Щекотов.

“Айқап” жорналын шығарушы – журналист әрі публицист Мұхамеджан Сералин. Оның төл баласы атанған басылым қазақ халқының жалпыұлттық баспа органы мен жазбаша әдебиетінің ескерткішіне айналды, деп атап өтті арна.
” Біз бүгін осы тақырыпқа өте көп жылы сөздер айтылғанына қуаныштымыз. Біз Қазақстан мен Ресей арасындағы достық пен бауырластықты сақтап қалуға тырысамыз. Осылай үнемі болады деп сенеміз “, – деп атап өтті Челябі облысының Нағайбақ ауданының басшысы Қайырбек Сейілов.

“Айқап” жорналында Торайғыров, Дөнентаев, Сейфуллин, Майлин сияқты белгілі қазақ жазушыларының мақалалары басылып тұрды. Басылым қазақ кедей-кепшіктерінің мүддесін қорғап, халықты сауаттандыру мен алға ұмтылуға үндеп отырды. Сонымен қатар қазақ прозасының, драматургиясының , әдеби сынының және қазақ әдеби тілінің қалыптасуына ықпал етті.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар