///

Бостон ісінде айып тағылған қазақтар сотталады

848 рет қаралды
1

Бостондағы жарылысқа қатысты күдікті Джохар Царнаевтың әрекетін жасырмақ болды деп айыпталған үш адам – 19 жастағы қазақстандықтар Азамат Тажаяков, Диас Қадырбаев және америкалық Робел Филлипос 1 мамырда бірінші рет сотқа тартылды.

551662CA-2D2F-4DDF-8199-991680058DF9_w640_r1_s_cx28_cy7_cw48

Бостонда Царнаевпен бірге оқитын қазақстандық студенттер Тажаяков пен Қадырбаевқа “тергеу ісін шатастырмақ болды” деген айып тағылған. Оларға қатысты келесі сот отырысы 14 мамырда өтеді.

Ал Робел Филлипосқа “тергеушілерге жалған мәлімет берді” деген айып тағылып отыр. Оған қатысты келесі сот тыңдауы 6 мамырда өтпек.

Қазақстандық студенттердің адвокатының айтуынша, олардың жарылысқа қатысы болмаған. Қадырбаев пен Тажаяков күдікті Джохар Царнаевтың ізіне полиция түскенін ести сала оның жатақханадағы бөлмесіне барып, сезіктінің оқ-дәрі салынған рюкзагын  жоймақ болды деп айыпталады. Бұған дейін екі қазақ студенті “виза тәртібін бұзды” деген себеппен қамауда отырған еді.

Егер тағылған айыптарды сот дұрыс деп тапса, Қадырбаев пен Тажаяков 5 жылға сотталып, 250 мың доллар айып төлеулері мүмкін. Ал Филлипосқа 8 жылға дейінгі жаза кесілуі мүмкін.

Күдіктілер келесі сот отырысына дейін қамауда болады.

azattyq.org

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. Bul eki “loser” oqugha ilese almai ,byltyr oqu ornynan quylghan deidi.mine BOLASHAQ”tyng myqty baladary,qazqtyng “atyn”bukil almenge jaidy!eki mambet, eki manggurt!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар