Хабарландыру! Жаңа медианы түсінгіңіз келсе…

48171 рет қаралды
19

Minberkz_logo_small«Мінбер» журналистерді қолдау орталығы Сорос Қазақстан қоры мен ЕҚЫҰ-ның (Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы) Алматыдағы өкілдігінің қолдауымен «Қазақтілді ақпарат тәжірибесіне жаңа медиа технологияларын енгізу» тақырыбында мамыр айының 28, 29 күндері екі күндік семинар-тренинг өткізбек.

Семинар-тренингке қазақ тілінде жаңа медиа технологияны түсінгісі келетін, журналистік қызметінде ғаламтор мүмкіндігін (блог, микроблог, әлеуметтік желілер, web 2.0 тәсілдері) кеңірек пайдалануды көздейтін журналистер мен журналистикаға бейімі бар жандар шақырылады.
Тренинге қатысамын деген үміткер «Жаңа медиа және қазақ басылымы», «Блоггер болғым келеді» тақырыптарында мақала жазып, «Minber.kz» ұлттық интернет газетіне 20 мамырға дейін жолдауы тиіс. Ертерек жолданған өтініштердің қабылдану мүмкіндігі жоғары болмақ. Жазбалар мына мекен-жай бойынша қабылданады: minber.kz@gmail.com

Бұл мақалаңыз арқылы сіз жаңа медиа проблемаларын қаншалықты түсінетіндігіңіз және тақырыпқа қаншалықты ынталы екендігіңіз анықталады. Бұдан соң, әрбір қатысушыға арнайы сауалнама парағы жолданады. Сауаланама парағына қатысушылар өздері жайлы мәліметтерін енгізуі тиіс.

«Мінбер» журналистерді қолдау орталығы
www.minber.kz
minber.kz@gmail.com

Парақшамызға жазылыңыз

19 Comments

    • Пікір, қалдырғаныңызға рахмет. Бірақ, біздің шартымызды ұмытып кетпеңіз!

  1. Бұл іс-шара нағыз қазіргі қоғамдағы журналистке арналған тың бастама деп білемін. “Мінбер” ЖҚО үлкен алғыс айтқым келеді. Мен бұл семинар-тренинг міндетті түрде қатысамын!

    • Рахмет, Сымбат. Бізге алдын-ала, мақала және байланыс телефондарыңызды жіберуді ұмытпаңыз!

  2. Жер-жердегі жұртшылықты елең еткізерлік деп ойлаймын.

  3. Kurmetti ujymdastyru komitetinin musheleri,

    osy trening turaly Asqat Yerkimbaydan estidim, katysuga sol kisi kenes
    etti. Ozim kele zhatkan BarCamp sharalaryna katysyp, eki presentacija
    zhasajyn dep dajyndalyp zhurmin. Sol PowerPoint presentaciajlaryn
    zhazba makala retinde kabyldauga bola ma eken? Ol ozimnin osy salaga
    koskan ulesim bolyp sanalar dep umittenemin.
    Treningke katysyp blog, twitter, tb. zhana kuraldardy koldanu zoldaryn
    ujrenejin dep edim. Osy sharaga katysa alam dep umittenemin,
    aldyn ala rakmet,
    kele zhatkan Barcampta kezdeskenshe,

  4. Мақаланың көлемі туралы айтып өтпес пе екенсіздер?! Қысқа-нұсқа жазса да болатын шығар, ә?!

    • Әрине, Толқын. Біз сіздің мақалаңыз арқылы жаңа медиа тақырыбына қаншалықты пейілді екеніңізді анықтайтын боламыз.

  5. Рахмет! 20-мамырға дейін жіберуге тырысамын. Сәттілік тілеймін Сіздерге!

  6. Толқын, жазбаңызды ертерек жіберсеңіз, қатысу мүмкіндігі де мол болмақ. 20 мамыр – ол байқаудың жабылатын күні. Сондықтан қатысқыңыз келсе, 20-дейін жолдаңыз. Себебі сізге дейін сіздің өңірден басқа қатысушы жолдаған болса, бірінші жіберген үміткер басымдыққа ие болмақ.

  7. Жаңа медиа және қазақ басылымы
    Интернет бұқаралық ақпарат құралдарына жедел дерек алу мен тартудың зор мүмкіншіліктерин ашумен қатар, жаңа ортада құра білді, ол желілік медиа.
    Желілік медиа бұл бүгінгі күнгі бұқаралық ақпарат құралдарының жаңа түрі- оның таралу аймағы дүниежүзілік интернет компьютерлік желісі болып табылады.
    Желілік медиа журналисттер қауымы үшін жаңа бағыт аша білді. Осы сөз болып отырған желілік медиа яғни нақтырақ айтсақ желілік журналистиканың артықшылықтары мынада:
    -Жедел ақпарат тарату көзі болып табылады тәулік бойы ақпартты жаңартып, даму барысын көрсетуге зор мүмкіншілігі бар;
    -Ақпратты беру тереңдігі яғни алынған ақпаратқа суреттерді,бейне-кадрларды, дауысты қоса беру мүмкіндігінің болуы, яғни осы айтылған мүмкіндіктер арқылы кез-келген ақпаратты дәлелдей алатындығы;
    -Қаржының үнемділігі, яғни жеке офисті жалдау немесе ақпарат жинау кезіндегі журналистерге арналған көлік сияқты редакциялық шығындардың аздығы;
    -Адресті ақпарат тарату, яғни директ -мэйл қызметін қоса атқару;
    Айтылған желілік медиа яғни желілік журналистика артықшылықтарының ішінде, журналист қауымы үшін директ-мэйл қызметі аса зор.
    Директ-мэйл электронды адреске ақпараттар қызметін жеткізу қызметі.Онымен арнайы мамандандырылған қызмет көрсету мекемелері, электронды нұсқасын жүргізетін БАҚ-өкілдері айналысады .Бұл қызметті пайдаланудың ақылы және тегін екі түрі де қолданылады.Журналист өзін қызықтырған кез-келген мағұлмат алу үшін электронға жазылып, келісім-шартын түзеді.Содан соң журналисттің тапсырыс берген тақырыбына байланысты барлык мағұлматтар оның электронды жәшігіне келіп түсетін болады.Журналист оны ары қарай өңдеп, немесе тереңдетіп жаңа ақпараттар жинастырып өзінің қызметіне пайдаланады.Директ-мэйл қызметінің журналистке тиімділігі ақпарат жинауға көп уақыт жұмсамай,келіп түсіп жатқан ақпараттар тасқынымен жұмыс істеуге дағдыланады.
    Ал кемшіліктері ретінде өз басым үш мәселені қарастырар едім:
    -Авторлық құқық яғни жеке адамдардың құпиясын сақтау нормасының бұзылу қауіпінің жоғарлап кетуі;
    -журналистикамен этика нормаларының барлығы дерлік сақтала бермейтіндігі;
    -Ақпараттардың өзге де интерпретацияға ие болып мүмкіндігі:
    Көріп отырғанымыздай интернеттің журналистиканы байытқан тұстары да аз емес.
    Дегенменде кейбір қазақ басылымдарының интернет материалдарына ден қойа бермейтіндігінің мына бір фактормен дәлелдеуге болатын шығар.Көбіне редакторлардың қолда барды қанағат қылып жаңалықты жатсынатын кездері де кездеседі.Кейбір басылымдар мынадай оқылыққа жол беріп алады,Әлемде болып жатқан кез-келген қызықты жаңалықтарды орыс тілді басылымдардан аударып , өңін кіргізіп беріп жататындығын кез-келген көзі қарықты оқырман қауым аңғарады.Бұл ақпарат алудағы алғашқы көздер пайдаланылып , жылдамдыққа бағыт берсе орыс тілді “лидерлермен” бірдей жарыққа шығуға болар еді-ақ.Дегнменде бұл әрбір басылымның қазіргі заман талабына сай БАҚ-қа енгізілген жаңа технологияларға деген қөзқарасының жаңа технологияға деген талпынысынан байқалатын дүние.
    Әрбір басылымының өздерінің алға қойған мақсаты , өзіндік стилі бар.Әрбір мақала оқырман қауымының жүрегіне жол тауып , санасына ой тастайтын болуы керек,сондай-ақ оқырман қауымды қызықтыратын айдарлары да болуы тиіс,ең бастысы қоғам шындығы жазылуы керек.Ол таралымды көбейту үшін керек.
    Кейбір басылымдар мемлекеттік мүддеге қайшы келетін пікірлерді әдейі айтып , заңды толыққанды игермегендіктен заңға қарсы мақалаларды жариялап жатады.Газет бетінде жарияланған мақалада заңға қарама-қайшы келетін көзқарастар , кемшіліктер орын алып жатса , ол үшін бір ғана журналист емес күллі редакция жауап береді.Себебі баспасөздің пікірі жұртшылыққа шындық болып көрінеді. Ал жұртшылықтың сенімінен айырылып қалуға болмайды.Сол үшін де газет беделіне нұқсан келтірілмеуі тиіс.
    Этика-бұл моральдық-адамгершілік ал мұның журналистикада маңызы зор.Кейбір басылымдарда этиканы сақтамау фактірлері декездесип жатады.Ондай мақалалардың көбісі теріс пиғылды , бір-бірімен жауласып , бірінің пікіріне бірі қарсы шығып , есеп айырысу мақсатындағы мақалалар.Бұндай газеттер ұлт абыройына кері әсер тигізіп , сол газетті оқитын өскелең ұрпақты жаман тәрбиеге бастайды.Бір сөзбен айтқанда бұндай теріс қылықтар , ұлттық журналистикага түсер көлеңке!
    Баспасөз қоғамның күшті құралы.Оны жоғарыда айтылган керіағарлыққа айландыру жараспайды.Баспасөз еліміздің салт-дәстүрін , тілін , дінін , тау-тұлғалы дарындарын , ұлттық құндылығымызды көкке көтеріп , қоғам шындығын жазса , журналист қауымының да басапсөздің де халық алдын да мерейі үстем болары анық.
    Ата заңымызда былай делінген “Сөз шығармашылық бостандығына , өз көзқарастарымен сенімдерін баспа арқылы және де өзге нысанда ақпараттарды , заңда тиым салынбаған кез келген әдіспен алуға және таратуға Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдік берілген” демек еліміздегі мемлекеттік , мемлекеттік емес басылымдардың да бірдей демократиялық жолмен , яғни сөз бостандығы бойынша басылып шығуда.Осылайша еліміздегі басылымдар даму үстінде.Ал оларда мыңдаған журналисттер еңбек етуде.”Халықтың көзі мен құлағы һәм тілі” болатын от ауызды орақ тілді , халық көңілінен орын алып , әрбір мақаласы оқырман қауымының жүрегіне жол табатын санасына ой тастар , өз саласында жеңісті де жемісті еңбек ететін журналист қауымы үшін бұдан асқан мәртебе жоқ!
    “Мен аты-жөнім Ярликасинова Перизат , егерде менің жазған “жаңа медиа және қазақ басылым” атты мақаламды үздік деп танысаңыздар мына мекен-жайға “perizat_-_93” сайтына жауап жазасыздар деп “мінбер” журналисттерді орталығынан жауап күтемін.Журналистикаға бейімі бар менің , болашақта нағыз журналист болып еліме адал қызмет ету үшін 28 , 29 мамыр айында болатын СЕМИНАР- ТРЕНИНГКЕ қатысу мен үшін өте маңызды.Сіздерден ҮЛКЕН ҮМІТПЕН жауап күтемін”

  8. Ассалаумуалейкум менің де сіздердін жаңа медиа және қазақ басылымына қатысқым келеді,

  9. семинар-тренингке қатысушылар мен ұйымдастырушыларға ШЫН ЖҮРЕКТЕН ҮЛКЕН СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІН. 28 мамыр күні мен диплом жұмысын қорғаймын сондықтан бара алмаймын! Әйтпесе міндетті түрде қатысар едім.

  10. Рахмет, Сымбат! Сізге де дипломдық жұмысыңызды сәтті қорғауыңызға тілектеспіз!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар