//

Екінші дүниежүзілік соғыс

2012 рет қаралды
2

sogisМамыр айының 9- жұлдызы таяған сайын біз Екінші дүниежүзілік соғыс туралы еске алып, қасіретті дәуірге қайта-қайта оралып, жаза бастаймыз. Соғыстың шығу себептерін, басталу мен аяқталуын, келтірген зияны мен қайғы қасыретін, осы тұстағы және онан кейінгі халықаралық қатынастардың құлдырауы мен дамуына сараптама жасалаып, баға беріліп жатады. Білмгенімізді түзеткіміз келеді. Соның барлығы да азамзат баласы тыныштықта, бір-бірімен тату-тәтті, бейбіт, аман-есен өмір сүрсе екен, өткен тарихта ақтаңдақтар болмаса екен, бүгінгі ұрпақ, кейінгі келер келешек осынау қанды қырғындар себептерінен үлгі өнеге алса екен деген ниеттен туынайды.

Алайда қолында әлемді еңсерер билігі бар, қару-күші бар, жаһанды жалпағынан басып үйренген ірі мемлекеттер өткен тарихтын өңін өзгертіп, өз ыңғайларына қарай бұрмалап пайдалану жиі ұшырасып отыр. Мәселен, Екінші дүниежүзілік соғыс 1939 жылы 1 қыркүйекте басталды. Соғыс өртін тұтатқан Гитлерлік Германия тұтқиылдан шабуыл жасап  Польшаға басып кірді. Кеңестер Одағы 17 қыр­күйек күні Шығыс Польшаға шабуыл жа­сайды. Кеңестер Одағы Сыртқы іс­тер халық комис­са­ры В.М.Молотов соғыс бас­талғаннан кейін бір апта өткенде Гитлерді «табыстарымен» құттықтаған екен.

Бұл соғыстың басталуының алғы шарттары бұдан бұрын-ақ қаматамасыз етілген болатын: 1931-1932 жыл­да­ры Жапония Солтүстік Шығыс Қытайды басып алып, 1937 жылы Орта­лық Қы­тай­ға басып кіріп, 1939 жылы Моңғолия шекарасына жетті. 1935 жылы Ита­­лия Абиссинияға шабуыл жасады, ал Германия 1938 жылы Австрияға басып кірді.Міне, бұ­лар­дың бәрі агрессорлар қимылының біртұтас тізбегінің буындары, олар бірте-бірте фа­шистер шапқыншылығының ортақ тас­қынына айналды да, сайып келгенде, іс жүзінде бүкіл дүниежүзін қамтыды. Ал Кеңестер Одағына қарсы соғысты фашистік Германия 1941 жылдың 22 маусымында бастайды. Бұл соғыс 1945 жылдың 9-мамырында Германияның күйретіле жеңілуімен тамамдалды. Бұл Екінші дүниежүзілік соғыстың бір бөлшегі ғана болғандықтан оны Екінші дүниежүзілік соғыстың  аяқталуымен әсте шатастыруға балмайды. Біздің «Ұлы Отан соғыс» деп айдарлап жүргеніміз Екінші дүниежүзілік соғыстың 1941-1945 жылдар аралығындағы Кеңестер Одағы тікелей қатысқан соғыс кезеңі болса керек. 1945 жыл 8 мамыр күні Берлин түбіндегі Карлсхорстта Кеңестер Одағы, Америка Құрама Штаттары, Ұлыбритания, Франция өкілдері алдында Германия өзінің жеңілгендігі жөнінде актіге қол қойды.

Кеңестер Одағы мен фашистік Германия арасындағы соғыс осылай аяқталғанымен Екінші дүниежүзілік соғыс жүріліп жатты. 1945 жыл 6 және 9 тамызда АҚШ әуе күштері Жапонияның екі қаласына – Хиросима мен Нагасакиге атом бомбасын тастады. Екі қаланың 500 мыңға жуық бейбіт тұрғыны қырылып қалды. 9 тамызда Кеңестік Қызыл Армия Моңғолия Қарулы Күштерімен бірге Жапонияға қарсы Халхинғолда соғысқа араласты. Олардың құрамында да  қазақ азаматтары жан беріп, жан алысты. Алайда олардың есімі бұл күндері тым күңгіртеніп барады. 1945 жылы 2 қыркүйекте американдық «Миссури» линкорының бортында милитаристік  Жапон үкіметі тізе бүгетіндігі жөнінде актіге қол қойды.

Сөйтіп, 1939 жылы 1 қыркүйекте баталған Екінші дүниежүзілік соғыс 1945 жылы 2 қыркүйекте аяқталған. Мінки, осы күнді, мынау жаһандану дәуірінде әлем халқы ерекше белгілеп, атап өтер даталы күнге айналдырса құба-құп болмас па?! Екінші дүниежүзілік  соғысқа 61 мемлекет, дүние жүзі халқының 80%-ы қатысқан. Соғыс қимылдары 40 мемлекет жерінде жүріп, соғыста 70 млн. адам құрбан болды, оның ішінде Кеңес Одағының 20 млн. азаматтары.  Қазақстандықтар да барлық кеңес халқымен бірдей  ортақ жауға қарсы күреске жұмылдырылды. Соғысының алғашқы күндерінен бастап барлық майдандарда 1 млн 200 мыңнан артық қазақстандық әскери міндеттерін атқарды.  Солардың тең жартысына жуығына туған жердің топырағы бұйырмады, жау шебінде шейіт болды.  Олардың ерлік Рухы біздің жүрегімізде мәңгі сақаталады.

Қарамер

Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

  1. Біздің бабаларымыз он сегізінші ғасырда жүз жылға созылған соғыста Жоңғарларды жеңіппіз, соны неге Ұлттық Ұлы жеңіс деп тойламаймыз? Біздің қазақ болып қалуымыздағы орны бөлек құбылыс сол емес пе еді?

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар