Америка саясаткерлері Қытайдың «Достық» құбырынан қауіптеніп отыр. Түркменстаннан басталып, Қытайға тірелетін газ құбыры Түркменстан, Өзбекстан, Қазақстан және Қытайды басып өтеді. Қытайлықтар осы құбырды «Достық» құбыры деп атады. Америка қазір осы бір газ құбыры Еуропаға тасымалданатын Набукко жобасына кері әсер етеді деп санайды.
АҚШ Атлантикалық кеңесінің Еуразиялық энергетикалық орталығының директор орынбасары Александрос Петерсон осындай ойларын Trend Capital ресурсында жариялады.
Құны 8 млрд еуроға жуық болатын Набукко газ құбырының жобасы Каспий өңірінің газын Таяу Шығыс пен Еуропа елдеріне тасымалдауды қарастырады. Құрылысты 2011 жылы бастау жоспарланған. Құбырдың қуаты – жылына 31 млрд текше метр газ. Жобаға қатысушылар – австриялық OMV, венгриялық MOL, болгариялық Bulgargaz, румыниялық Transgaz, түркиялық Botas және немістің RWE компаниялары.
АҚШ саясаткері Александр Петерсонның айтуынша, Түркменстан заңнамасы қазіргі уақытта шетелдік компаниялар мен мемлекеттерге елдің аумағындағы газды игеруге тыйым салады. Алайда, Қытайлық CNPC – компаниясы мұндай құқыққа ие болған алғашқы компания.
Петерсонның айтуынша, батыс компаниялары өте баяу, ал Набукко консорциумының қазір қандай да тәсілдермен CNPC әрекетіне қарсы тұруға қуаты жоқ.
Асхат Сәрсенбайұлы
Америкалықтар “Достықтан” үркіп отыр
Соңғы жазбалар
Кеше көлік министрі Марат Қарабаев әуе апатынан қазақстандықтардың ешқайсысы аман қалмағанын растады. Бүгін Ақтаудағы ұшақ апатынан
Кеше, 25 желтоқсан күні, Ақтау қаласының маңында “Баку-Грозный” бағытындағы ұшақ апатқа ұшырады. Бұл туралы Көлік министрлігі хабарлады.
Ностальгия: Грек тілінен аударғанда nostos – үйге оралу + algos – азап, дерт, толық мәнін сағыныш,
Биылғы жылдың елеулі саяси оқиғаларының бірі 6 қазанда өткен республикалық референдум. Референдум өткізуге себеп болған қазақ
Желтоқсан ортасында конференция лига аясында елордалық «Астана» футбол клубы «өз алаңында» дәлірек айтсақ, Алматыдағы орталық стадионда
Алғашқы инвестиция үшін көп ақша болмаса да, Интернет ақша табудың көптеген мүмкіндіктерін ұсынады. Заманауи әлемде сіз
2024 жылдың шулы әрі оқиғаларының бірі – Ресей Президенті Владимир Путиннің Қазақстанға ресми сапармен келуі. Қазақстан
Желтоқсанның 23-інде Фейсбук қолданушысы Біржан Ахмер досы, әріптесі. жазушы, ұстаз Қуат Айтқалидың Семей қалалық шыршаны безендіру
Желтоқсанның 20-сында Алматы қаласында жаңа жылдық шыршаларды жағу шеруі болды. Власть сайтының жазуы бойынша, Алматы қаласы
Қазақстан Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Парламент Мәжілісінде Үкіметтік сағат барысында баяндама жасады. Баяндамадан түйгеніміз: “10 айдың