/

Келін кім екен?…

1127 рет қаралды
1

AysultanЕл құлағы елу, отыз тістен шыққан сөз отыз рулы елге жетеді деген. Бүгін еліміздің бүкіл ақпарат құралдары Елбасының жиені Айсұлтан Рахатұлы Назарбаевтың үйленетінін жарыса жазып жатыр. Құдалар құйрық бауыр жеспесе де, құда түсіп, қалыңдыққа сырға салып, үкісін тағып қойған секілді. Енді үйлену тойына дайындық жүріп жатқанын жазады ақпараттар. (Суретте: Айсұлтан)

Президенттің болашақ келінінің кім болатыны жөнінде нақты мәлімет жоқ болса да, олalia «ҚазРосГаз» АҚ  бас директоры Қайрат Боранбаевтың қызы Әлия деседі дерек көздері.

Боранбаев 1966 жылы 22 қыркүйекте  Торғай топырында туған. 1989 жылы Қазақфизкультура институтын бітірген, мұғалім. Кейін 2000 жылдары Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-ды оқыған, заңгер, педагогика ғылымдарының кандидаты екен. Ал оның қызы 25 жасар Әлия да табиғи ресустарды  пайдалану және энергетика саласында маманданған заңгер болса керек. (Суретте: Әлия)

BoranАл 23 жастағы Айсұлтанның Ұлы Британның  королдік құрлық жауынгерлері  әскери академиясын бітірген. Қазақстанның Қорғаныс Министрлігінде қызмет еткен.

Суретте: (Болашақ құда Боранбаев деседі).

http://tengrinews.kz/kazakhstan_news/mladshiy-vnuk-nazarbaeva-gotovitsya-k-svadbe—234032/

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. «Астана» теле каналының сұрағына Дариға Назарбаева былай деп жауап берген. «Жақсы сұрақ екен. Кешікпей дайындық жұмыстарына кірісемін. Бізде қысқа мерзім ішінде барлық іс-шараларды ұйымдатыратын мүмкіндік бар. Бұл тұрғыда менің үлкен ұлымды үйлендірген кезде алған тәжірибем жеткілікті. Бұны қалай тез әрі жақсы атқаруды білетін дос-жарандырым, компания бар”.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар