БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
АЗА КҮНІНДЕ БІРГЕ БОЛАЙЫҚ, БАУЫРЛАР!
31 мамыр – “Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу” күніне байланысты қоғамдық негіздегі бастаманы қолдап, ақпараттық насихат жасауға шақырамыз.
09:30 – Орталық мешіт. Құрбан шалынады. Құран оқылады.
12:30 – Ашаршылық және қуғын-сүргін құрбандары жайлы тарихи фотосурет көрмесі, “Ашаршылық” деректі фильмінің көрсетілімі. Режиссері Еркін Рақышев. (Цезарь кинотеатры. Фурманов – Жібек жолы көшелерінің қиылысы)
14:30 – Ашаршылық құрбандарына ескерткіш белгіленген орынға гүл қою. (Наурызбай – Бөгенбай көшелерінің қиылысы)
Аза күніне арнайы дайындалған қаралы таспалар таратылады. Қыз-келіншектерден шелпек пісіріп әкелуді өтінеміз. Жоғарыда айтылған орындарға жаяу барамыз.
Саяси қуғын-сүргін көргендер барша аймақтарда, әрбір ауыл-қалаларда болды. Еліміздің өңірлеріндегі белсенді бауырларды бұл іске үлес қосуға шақырамыз.
Қаралы таспаны немесе аза-бауды Әуезов көшесі, 82 ғимарат, 605-ші кеңседен алып кетулеріңізге болады, тел 375-86-54. (Абай көшесінің қиылысы, Әуезов көшесімен жоғары жүрсеңіз, сол жағыңыздағы 6 қабатты сұры түсті ғимарат)
Қоғамдық бастама мүшелері:
Мұхтар ТАЙЖАН, Қасым АМАНЖОЛҰЛЫ, Самат НҰРТАЗА, Айдос ЖҰҚАНҰЛЫ, Ғабиден ЖӘКЕЙ, Жанат ЕСЕНТАЙ, Абзал ҚҰСПАН, Берік ШАДҒАЛИ, Аман МӘМБЕТӘЛІ, Думан КӘКІМ, Мақсат ІЛИЯСҰЛЫ, Бақыт МҰХТАР, Ержан АЛАШ, Айгүл МАЗАҚБАЙ, Едіге АХМЕТҰЛЫ, Әліби ӘРІПҰЛЫ, Айдос САРЫМ, Расул ЖҰМАЛЫ, Әнуар ШОТБАЙ.
31 мамыр – “Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу” күні
Соңғы жазбалар
Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орында. Десек те, қалада үй салатын, ауылда мал жаятын жер
Қазақстандықтар долларға қатысты ұлттық валюта бағамын бақылап отырғанда, сарапшылар рубльдің теңгеге шаққандағы қатынасын көріп алаңдайды. Тенгенің
Қазақстан 2025 жылы 2 миллиард ағаш отырғызуды жоспарлаған. Осыған байланысты Батыс Қазақстан облысында ағаштардың қалай егілгені
Фото: «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы «Мінбер» журналистерді қолдау орталығына – 15 жыл. Осыған орай Алматыда орталықтың
Фото: kff.kz 2022 жылдың ақпанында Әділет Бәрменқұлов Қазақстан футбол федерациясының президенті болып сайланды. Екі жылға жетер-жетпес
Бүгін Алматыда «Қазақстан» қонақ үйінің «Алтын Емел» конференция залында «Абай» баспасынан (директоры Ақберен Елгезек) жарық көрген
2024 жылғы 11 қарашада Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотында журналистер мен ҚР мәдениет және
Осы 2024 жылдың екінші тоқсанындағы есепте Ұлттық статистика бюросы 451 мың жұмыссыз халық бар екенін анықтаған,
12 қарашада Астанада 20 шақты адам президент резиденциясы – Ақорда маңына жиналды. Бұл туралы Азаттық Радиосы
Ақсұңқар — Алтай тауларының жаңғырығын сүйреп жеткен орасан озани ақын қыз. Бұла Бұлғынның ұлпа құрсағынан туған
31- мамыр – «Аза тұту күні», жиырмасыншы ғасырдың нәубаттары мен зұлматтарынан құрбан болғандарды еске алып, солардың Аруағына бас иіп, тағзым етер күн! Бүгін Алаш баласын жер бетінен жойып жіберу үшін жындана жанталасып, қасақана қолдан қанды қырғын, аштық жасаған құтырған қанды қол жендеттердің тозағының себеп-салдарына үңіліп, адамзат баласына қасырет әкелген қара ниет қанышерлердің тегін тектеп, соларға лағынет айтып, тас ататын күн!
Өнеркәсіп орындарын етпен қамтамасыз ету Мәскеудің арнайы нұсқауымен орындалатын болды. Еңбек және Қорғаныс Кеңесінің 1931 жылғы 28 қыркүйек күні қабылдаған құпия қаулысында осы жылдың 4-тоқсанында Мәскеуге 35 000 тонна, Ленинградқа 24 500 тонна ет жеткізіп тұруы міндеттелді. Осы жылдары Ресейді етпен қамтамасыз етуде Қазақстанның үлесі 40 пайыздан жоғары болған. Қазақстанда мал етін дайындау аса қатал, қорқыту және қысым жасау әдістерімен қоса, жартылай әскери тәртіппен жүргізілген.
Осылайша астық пен ет Қазақстаннан Ресейге вагон-вагон болып кетіп жатқанда, ауылдағы үйлер иесіз қалып, жолдың бойы мен қала көшелерінде адамдар ит-құсқа жем болып, қынадай қырылып жатты.
Аштан қырылып, көмусіз қалғандардың моласына айналған Қазақстанға 1933 жылдың 1 ақпанында Ресейден 1 млн адамды қоныстандыру туралы ОГПУ төрағасының орынбасары Г.Ягоданың қолы қойылған №50062 директивасы шықты. 1939 жылы қазақ халқының жалпы саны 1926 жылмен салыстырғанда, өсу орнына, керісінше, 26 пайызға кеміген