///

«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды

1398 рет қаралды

4 маусым күні Ердебай Даурен Иманжанұлы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Бұл туралы компанияның жұртшылықпен байланыс департаментінен мәлім етті.

2009 жылдан бері Д.Ердебай  «Біріккен химиялық компаниясы» АҚ-да басқарма төрағасы болып жұмыс істеді. 2007-2009 жылдары – «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС-ның бас директоры. Сондай-ақ әртүрлі жылдары мемлекеттік қызметтерде жауапты лауазымдарды атқарды.

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Қуандық Бишімбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.

ҚазАқпарат

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар