/

Ыстамбұл: Гезі паркі

1225 рет қаралды
5

turkie 2150Күйіп-жанып тұрған жоқ,

Қоңыр салқын Ыстанбұл.

Күйінетін сияқты,

Арылсам деп ыстан бұл.

 

Екі ағаш – ну орман,

(Тұлба көлі – жүз қазан).

Көк қадірін білетін

Көп халықтан біз надан.

 

Алматы ма Ыстанбұл,

Ағашы мол саялар.

Әр бір тасын, әр талын,

Әкесіндей аялар.

 

«Шыққалы тұрған көз еді»,

Деген бар-ды бір тәмсіл.

«Бүлдірді» деп бір талды,

Ылаң салған қыршаңқы ұл.

 

Жіппен қоршап бақты бұл

Сақшылар жүр салқындап.

Тірлікті мен көрмедім,

Тамақтан алған алқымдап.

 

Гезі деген баяғы

Мекені емес кезбелер.

«Екі ағаш» деп у-шуды

Ертек еткен езбелер.

Бақытбек Бәмішұлы,

29.06.2013ж

Парақшамызға жазылыңыз

5 Comments

  1. Жақсы өлең, “Мінберден” оқып едім, жатталып қалыпты, басы артық сөзі жоқ, хинақы өлең болғандығы-ау… Бұл өдеңдер бұрыңғы “әндерден” өзгеше екен, Бақа!…

  2. “Екі ағаш – ну орман,
    (Тұлба көлі – жүз қазан).” – деген екен кезінде тұлбадағы шыпаңдар деп қойсаңыз бір жерін.Қалай қатып кетер еді.

  3. Тұлба көлі Мыңғұлда Баян- Өлгиде бар сияқты еді. Маған “мең, қал” деген мағына береді деп түсіндірген мыңғұл қазақтары.

  4. Дұрыс түсіндірген саған, Асылмұрат. Сондай көл бар. Соған байланысты “Меңді көл” деген шығармалар туындаған. Мынадай бір аңыз бар: Баяғыда біреу Тұлба көлдің жағасында тұрып сұрапты: “Осы Тұлба көлдің суы қанша екен?” деп. Сонда қасындағы қалжыңбас: “Тұлба көлі – жүз қазан” деген екен. Сол сөз тәмсіл болып қалған ғой. Ол замандағы жергілікті тұрғындары керейдің ботағарасы мен шыбарайғыры екен. Алмасбектің “шыпаңдар” деп әзілдеп отырғаны сол “Шыбарайғыр” тектілер ғой.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар