///

Ақ алтының таусылды ма, Туған Жер?

1154 рет қаралды
5

«Ұлттық банк төрағасы 20 мың теңгелік қағаз ақша теңгенің мерейтойына орай шығарылады» деп мәлімдеді.- Қазақстан баспасөздерінен;

“Ақшаның құнсыздануы оның бетіне жазылған ең жоғары санға негізінен сай келеді” – К.Маркс, “Капитал”. 

 

теңгеАқ алтының таусылды ма, Туған Жер?

Қара алтының таусылды ма, Туған Жер?

«Жиырма мыңдық жасаймын,- дейд,- банкнот»,

Азаматың ақшаменен буған бел.

 

Жиырма есеге кеміді ме, құныңыз?

Сен арысаң не болады күніміз?

Қу тасыңды құшағына ап құлайды,

Өзіңізден жаратылған құлыңыз.

 

Аса қымбат астығың да шет елде,

(Бір пәле бар ұқсайтұғын шекерге).

Алтын күннің астындағы қазағың,

Алқынады ем таба алмай жөтелге.

 

Күндіз-түні аспаныңда жанған от,

Қабырғаңда қанды ірің қалған оқ.

Суқараңғы емес, бірақ зағиптар,

Көкте иек,

Көмекей – көз – қамба

 Боқ!

 

Көдесінің әр талының «бит түбі»,

Ит жығысты жігіттігі, жидтігі.

Бала  балғын,

шала дарын  шаршатты-ау,

Өзім десе өзеленген иттігі.

 

Сайқалдықтың тілін ешкім ұқпайды,

Іріп жүрген ұлтарағы ұлт қайғы.

Анау дейміз,

мынау дейміз –

Қазақты,

Бір мықтаса мерей тойлық… мықтайды.

 

Қара құртқа қазы бітті-ау қуған жел.

Бармағыңды шайнайсың ғой, шайнайсың ғой, Туған Жер,

…Құдай сақтап қалған түйір алтыныңның буыменен

Сен де бір күн қайнайсың ғой, қайнайсың ғой, Туған Жер!              

baqit 1 2011                                                                           Бақытбек Бәмішұлы,         01.08.2013 ж. Алматы

Парақшамызға жазылыңыз

5 Comments

  1. “Азаматың ақшаменен буған бел” халықпен ойнайды өстіп…

  2. “Ақ алтының таусылды ма, туған жер”… бүгінгі қазақтың жемқор қоғамының жер байлығын бейберекет меншігіндей сырт елдерге әкесінің құны қалқандай өшпенділікпен құбырлар арқылы бақылау-тексерусіз ағызып жатқанына ақиққатты айта білгір ақынның азаматтық үні. Бұл жай бір өлең емес, жалынды өлең, жасқаншақтамай ашығын айтқан арынды өлең, келешегінен үмітін үзбеген, ойландыратын өлең. Әдебиетшілер әр жолын тарқатып зерделейтін, зерттейтін өлең. Бұған тек көре білетін көз болуға керек.

  3. Мен Бақаңның жазбаларын оқып жүремін. Бұл өлеңі де қатты ұнады. Астарлай айтқан жерлері де бар екен, байқаған адамға. Айта беріңіз!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар