//

Мұқан Исахан: Нағыз ұлтшыл гуманист Алланың Елшісі (с.а.у)

775 рет қаралды

alla“Ұлттар мен руларды жараттым, бір-бірін танысын деп” деген аятты тәпсірлегенде муассирлер ұлтшылдықты “болымды” және болымсыз” деп екіге бөледі. Осының “болымдысы” болуға жарасақ құба-құп. Ал, болымсызы тамұққа шақырады…

Болымдысы ұлтты таңдау біздің еркімізде болған жоқ. Алла-Тағала бізден рухтар әлемінде (әл-мисақ, қазақша әлімсақ, анамыздың құрсағында пайда болмай тұрғандағы әлем) “сені қай ұлттан жаратайын” деп сұраған емес. Яғни, біз Алланың қалауымен қазақ болып жаратылдық. Сондықтан, ұлттық ерекшелікке сай өмір сүру, ұлттық қасиетті қорғау, ұлттық намыс т.б. құндылықтар болымды ұлтшылдықты білдіреді.

Ал, уахапшылар сияқты (хадистерді дұрыс түсінбей) “ұлтқа бөлінуді харам, бидға, ширк” десек қателесеміз. Керісінше, Алланың қалауымен қазақ болып жаратылып, енді келіп соған қарсы келсең, сол күпірлік болады. Аллаға қарсы келгенмпен бірдей.
Нағыз ұлтшыл гуманист Алланың Елшісі (с.а.у) Уағда құтпасында: “Араб ұлтыныңисахан.1 jpg өзге ұлттардан үстемдігі жоқ. Өзге ұлттардың да араб ұлтынан мысы басым емес. Ұлықтық тек Аллаға деген жақындықпен (муқарибин) өлшенеді” деген. Демек, қай ұлт парасатты, намысшыл, ар-ұятын жоғары қояды, сол ұлт Алланың құзырында өзгелерлен жоғары тұрады.

Мұқан Исахан

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар