//

Жалға да, малға да беретін қазақта жер жоқ

1442 рет қаралды
13

«Қытай инвестициясын тартудың себептерiнiң бiрi – Шығыс Қазақстан облысында пайдаланбай жатқан жердiң көптiгi. Бұл жерлердi нелiктен уақытша қытайға жалға бермеске»… Шығыс Қазақстан облысының әкiмi Бердiбек Сапарбаевтың  “Новая Казахстана» газетіне берген сұхбатынан

DSC08167

Осы сөзді ет құлағымызбен естіп жағамызды ұстадық. Сапарбаевтың бұл сандырағы ма, әлде сасқаны ма? Сапарбаев сандырақтайтындай санасыз, салмақсыз адам емес. Ал басына күн туған адам сасады. Сапарбаев Бердібектің басына күн туып, етікпенен су кешіп жүр деп кім айтады. Төрт құбыласы тең емес пе!

Қазақстанда ата-бабадан, ақ білектің күшімен, ақыл-ойдың ісімен ұрпағына қалдырған, сіз бен бізге аманат еткен мынау Қазақ Жері үшін бір-ақ адам жауап береді. Ол – Елбасымыз, президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев. Ал сонда Ол кісінің алдын орап, аттап өтіп, «жерді жалға беремін, малға беремін» деп тап бір туған әкесінің мұраға тастаған көйлегінің етегін тәбәрек етіп кесіп-қиып кім көрінгенге үлестіремін, «қазақтың жері пайдаланынбай бос жатыр» деп жар салып, сәуегейсіп тон пішіп, астам сөйлейтін Сапарбаев Бердібек деген кім?! «Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі» деп Сапарбаевтың бұл қай сасқаны? Қара жердің қасиеті, қайта айналып соғар киесінің күшті екенін басқа білмесе де ел-жұртқа жағып жүрген Сапарбаев білер еді ғой. Қытайға жалға да, малға да алақандай болсын жер беруге болмайтынын өзге білмесе де Сапарбаев білер еді ғой… «Жаным арымның садағасы» дейтін қазақтың жаны – Жері емес пе?

Кешегіні қойып, бүгінгі әлемде болып жатқан қанды қырғын, соғыстардың барлығы да жер үшін болып жатыр. Іргеміздегі Өзбектер неге бізге ара-тұра қоқаңдап қояды? – Жер үшін. Қытай неге бізге күнде қызыл ақшасын тықпалай береді? – Жер үшін! Шешенстанды неге Ресей басып-жаншып тастады? – Жер Үшін! Авхазия, Осетия не үшін екі жарылды? – Жер үшін! Күрттер неге күнде көтеріліс жасайды? – Жер үшін! Израйл Палестинаға неге күн көрсетпейді? – Жер үшін! Үндістан мен Пәкстан неге қырғи қабақ? – Жер үшін! Ағылшындар неге үндістерді қырып салып Американы тартып алды? – Жер үшін!  Америка Сирияға неге соғыс ашпақ? – Жер үшін! Ауғанстанда неге күн құрғатпай соғыс болады? – Жер үшін… Жер үшін!!!… Бұл бізге керек пе? Қазақ халқы жерін қытайға беріп қойып тыныш отыра ала ма? Қазақты бауыздап жатса да тырп етпес «қой» – мал деп санаған адам қатты қателеседі. Алтай, Тарбағатай, Алатаудың күнгей бетін – «Үш аймақ» өлкесін түгелімен басып алғаны қытайға аз ба? Қашаған, Атырау, Ақтөбеден алып жатқан қара алтын аз ба? Жерімізде қаптап жүрген қара қытай аз ба? Қазақстанның Қытайға қарызы 15 миллиард долларға жеткенi аз ба? Қытайға жер беру осының  өтеуі ме? Қазақтың қара бас шенеуігі қазақтың ең бір жанды жеріне тиіп, ашу-ызасын шақырмақ па? Ол кімге керек, не үшін керек? Қазақ жерін енді қытайға өлсе де бермейді. Аларын қытай алған!

Сапарбаев қан төкпеймін, қарғысқа қалмайые десе райынан қайтып, қатесін түзеу керек? Бұл мәселе неге дүркін-дүркін, қайта-қайта көтеріле береді? Құдай-ау, ақша деген қағаз ғой. Бүгін бар да ертең жоқ. Жер мәңгілік. Жер ертеңіміз, болашағымыз. Жерін жалға беріп, жан сақтайтындай күн көре алмай қалған бүгін қазақ жоқ. Жалға да, малға да беретін қазақта жер жоқ.

Жер мәселесін үзілді-кесілді тиып тастауға неге болмайды? Осыдан он неше жыл бұрын «қазақтың жерін сатамыз» деп дауырыққан желөкпелерге мына бір өлеңді арнаған едім, («Мәңгі көк аспан астында» кітаптан) бүгін соны қайталауға мәжбүр болып отырмын!

Уа, халқым, сұраңдар!

Бар ма екен бұларда Ар?

Шетінен ығай-сығайлар,

Азу салды жеріме,

Іштен шыққан шұбарлар!

Емес екен кемеңгер,

Емес екен көбеңдер.

Жерімді сатам дегендер,

Қысыр емген енесін,

Құнан менен дөнендер…

Беркініп мұздай берендер,

Сап таппай көңіл елеңдер.

Тірім түгіл, күңіреніп

Шайқалып кетті даламда

Мүрделер жатқан белеңдер….

Белдерде тұрған бейіттерім,

Жер үшін өлген шейіттерім!

Қазақтың тойған ұлдары

Сатам жерді не еткенің?!

Уа, туған ұлдырым,

Ұмытпайық өлімді!

Қай құрлықтан қазбақсың

Жерді сатсаң көріңді?!

Сүйсең Жерді сүй осы?

Күйсең жерге күй осы!

Сен де,

Мен де Иесі,

Атамның қанын бойына,

Анамның сүтін сіңірген

Атпасын топырақ киесі!

Жетпесін Жерге жаман ат!

Жер – намыс,

Жер – аманат!

Жерді сатам дегенше,

Өзіңді,

Мені,

Табан Ат!

DSCF0925.1jpgБ.Бәмішұлы

Парақшамызға жазылыңыз

13 Comments

  1. Қазақтың жерін талан-таражға салу – Ақорданың нұсқауымен айтылып отыр-ау. Қазақ бір шөкім жерін жатқа берген емес. Ата-бабаларымыз сол үшін жан беріп, жан алысты. Бүгінгі шенеуніктеріміз атадан қалған байлықты оңды солды шашуда. Мұнай кетті, газ кетті, энергетикаға біреу иелік етеді. Теміржолымыз, әуе жолымыз да жаттың қолында. Ендігісі – жер еді, оған да ауыз салды. Жайықты келіп алғаны, жағаға қолды салғаны, Еділді келіп алғаны етекке қолды салған деп Мұрат жырудың күңіренетіні жайына қалды, енді өзіміз тықпалай бастадық.

  2. сол әкімнің өзін қытайға жібере салсаааааа…))))))(

  3. жердің үлкендігінен не пайда? бетпақдаланы сатып жіберу керек!

  4. Ей ! Алтайдың ( Ш Қ О ) әкімі Бедібек , шамасы екеуімз құрдас жандарыз .Ал сен жарықтығым -ау , Қасиетті қазақ жерін қытекеңдерге жалға үлестіріп , қазақ баласының ашыу ызасын тудырып жатқаның қай дәншпандығың ? Мен сен секілді тек әкім болып жаралған Астананың ерке -тотай шауып келі емеспін . Мен 15000 теңге ” өтем-ақымен” күн көріп , саналы ғұмырымда ұлтым үшін тарихый ескі қағаздарды ақтарып жұрген 1 – топтағы мүгедек азаматпын, Яғыный “тәуелсіз дерек—- таныушы” сорлы ғалыммын . Сол үшін мен саған тарихта әлемдік деңгейде аңыз болған екі мисалды айтайын :—
    1)Өзіміздің Түркяда бір әулет таудың басындағы 3 сотық жер үшін екінші бір әулетпен 70 жыл соттасып , бір -бірін атыуға дейін барған . Алақандай жер үшін .
    2) Сен жер телңмдерін үлестіріп , жалға беріп жаың қалдмай алдына түсіп жорғалап жүрген Қытайлар елінде , 1930 -жылдар шамасында , бір Лй деген кедейдің 3 сотық жерін екеуміздің әлгі Өрісбай құрдасымыз секілді помешик — жер иесі бай адам тартып алғандықтан әлгі сорлы ЛЙ өэі тұрған обылыстың сен секілді әкіміне жер дауы шағым – арызын айтыу үші 45 жыл бойы обл әкімнің кеңсе есігінің алдын аңдып , ахыры әріптесіңнің қабылдауына қолы жетпей , обыл әкімнің атқорасының босағасында еңіреп жатып аштан өлдеді . бұл аңыз әпсана емес 1965 – 1970 жылдар аралығында қытыидың бастауыш мектебінің 5 -сыныбна арналған тарих оқыулығына кірген тарихый шындық еді .
    Ал әкім құрдас өзің айтшы ! Мына халқың неге Бердібек қазақ жерін “жердің киесін кетіретін қытайларға беріп жатыр ” деп ұлардай шулап жатыр ? Сол үшін Қазақ — БАҚ-ына “қадірменді халқым -ау мәселенің мәні былай еді … ” деп ел жұрттыңды аузыңа қаратып ,ойға – орллымды , миға – қонымды , тұжырымы -тұғырлы бір уәж айтып, ашыуланған ағайынның шәршәңқы жұикесін тынштандырсаңшы . Өзің – әкімсің , өзің – ақынсың , өзің қолың таза пәк азаматсың . Халқыңа жер дауына қатысты жауап бергенің мұсылдман іретінде де Сізге парыз болмақ ! Ал бас-еке , “құрдастың құдайы бір ” деген аталы сөзге асылып өзіңе осы дұғай сәлемді жолдым. Аллаһ бізді дұрыс жолға бастағай !!!

  5. Досымбек, мен айтар едім осылар қазақ жерінің мүлдем пайдасыз екенін, тырнақтайын да қалдырмай сатып жіберу керек екенін, қашан ұғар екен,ә! Ал әл-Мажени мырза өте тамаша пікір айтыпты. соттық жері үшін қытай аштан өлмесе осығұрлым кең байтақ аумақққа иелік етер ме еді. Қазіргі қытай басшылары да бір жапырақ жері үшін аштан өл десе өлейін деп жүр. Біздердікі бір күн құлқыныңды тойдырайын десе, аймағын айырбастағалы отыр, айырмасы бар ма? Әлбетте!

  6. қыркүйек 12, 2013 – 17- 53 парақшадағы еміле қатесін дұрстау үшін !

    Атыңнан айналайын берен – ерек ,
    Қойыпты азаншы абыз БЕРДІБЕК деп .
    Сайыт – хатқа қате жаздым байқамай ,
    Әкім құрдас пақырыңды кешір тек …..

  7. Үстіміздегі жылғы тамыз айының соңына таман Шығыс Қазақстан облысында «Алтай – түркі әлемінің ал­­тын бесігі» атты халықаралық форум өткізілген бо­латын. Форум аясында өткізілген халықаралық кон­фе­ренсияда Алтайдың шынайы тарихи мәні мен оның түркі халықтарының дамуына әсері жан-жақты сөз болды. Он­даған мемлекет өкілдері қатысқан жиында түркі әлемінің киелі мекені Алтайдың абыройы аспандай түсті. өңір басшысы Бердібек Сапарбаев осы форум төңірегіндегі ойларын ортаға салады.

  8. «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» Өскеменде 2009 жылы тұңғыш рет Алаштың айтулы ақын­дарының ғана емес, алыс-жақын шетелдің сөз зергерлерінің қаты­суымен «Шығыс шы­нары» атты жыр мүшәй­расы ұйымдас­тырылды. Жыр додасы содан бері жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. «Туған жерге тағзым», «Туған ел – алтын бесігім» акциялары да өңірдің мәдени-әлеуметтік тынысына жаңаша серпін берді деп ойлай­мын. Ең бастысы, бұл шаралар туған жерінен жырақта жүрген азаматтардың кіндік қаны тамған өлкеге деген сағыныш сезімін оятты.
    ( БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ) )

  9. Бұдан бір ғасыр бұрын БЕРДІБЕКТІҢ дәншбан бабасы ұлт қамын ойлағанда, жарық жақтан көрі қараңғы жақта не болып жатқанын есіне алып күңіреніп, күрсінгенде “Қалың елі ҚАЗАҒЫНЫҢ қаын ойлап АЙТҚАН ;

    МӨҢКЕ БИ СӨЗІ
    Әй зар заман зар заман ,
    Азыулыға бар заман .
    Азыусызға тар заман .
    Қазақтан болған қамқорың ,
    хан есінен адасты .
    Жақыным деп жан тартпай ,
    Жаумен бірге қанасты .
    Жұртты өзіне қаратып ,
    Дін мұсылман Алашты ,
    Адам қайтып қуансын ,
    Замана не ғып оңалсын ,
    Дуанда болды ұлығы ,
    Приказда болды билігі ,
    Күнде қылған қорлығы ,
    Дуанды сезді үйіндей ,
    Приказді көрді піріндей .
    Билер пара шәйнайды ,
    Сақтаулы тұрған сүрідей .
    Арманымыз азып тұр ,
    Текеметтің түгіндей .—————— деген екен 1 ғасыр бұрын.

  10. Бердібекті жуықта бір айтыскерлер өлгендейін мақтап, онымен суреттке түскендерін дәріптеп, фейсбукке қойыпты. Солардың құлағы бітеу ме деп қалдым. Туған жерін талап жатса да былқ етпейді екен-ау!

  11. “Зуаха батыр” поэмасынан:

    Қан дегенім жаным ғой,
    Жан дегенім арым ғой.
    Ар дегенім Жерім ғой,
    Жер дегенім Желін ғой.
    Желін үшін жан қию,
    Әділетті өлім ғой!

  12. күн көреміз қайда барып алашым
    білгіштерің хал мүшкілін қарасын
    сүйегі жоқ, тіске жұмсақ болған соң
    әркім жейді біздің қазақ баласын!
    (М. Дулатұлы)

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар