//

Мемлекеттік тілді қолдау – ел бірлігін қолдау!

886 рет қаралды
5

Митинг-2Қадірлі мемлекеттік тіл, жанашырлары!

1989 жылдың 22-қыркүйек күні қазақ тілі Мемлекеттік тіл мәртебесін иеленген еді. Содан бері бұл күн «Тілдер күні» мерекесі ретінде аталып өтуде. Айтулы мерекенің аясында «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысының ұйымдастыруымен жыл сайын «Мемлекеттік тілді қолдау» акциясы өткізіліп келеді. Биыл алтыншы рет өткелі отырған бұл акцияға мемлекеттік тілдің қазіргі жағдайына бей-жай қарамайтын Республиканың әрбір азаматы бізбен бірге болады деп сенеміз.

 «Мемлекеттік тілді қолдау» акциясы Алматы қаласы әкімдігінің арнайы қолдауымен 2013 жылдың 22-қыркүйек күні cағат 11-00 де Алматы қаласы Алатау ауданы Шоланов көшесі, 159 (Б.Момышұлы және Т.Рысқұлов көшелерінің қиылысы) Орталық мемлекеттік мұрағатының үлкен мәжіліс залында өтеді.

Акция барысында белгілі өнер жұлдыздары қазақ тілін асқақтататын әндер орындайды.

КЕЛЕМ ДЕУШІЛЕРГЕ ЕСІК АШЫҚ.

 

 

Ұйымдастыру комитеті

8701-789-07-28

Парақшамызға жазылыңыз

5 Comments

  1. «Мемлекеттік тілді қолдау» акциясына келіңдер, мені қолдаңдар, аз емес екендіктеріңді көрсетіңдер! Көп қорқытады, терең батырады, басындырмаңдар мені!

  2. Тілсіз қалсақ, біз қалайша тіріміз

    Әліпбиге сына қағып қинадық,
    Әкемізге әке сөзін қимадық.
    Өзімізді ит етінен жек көріп,
    Ал өзгенің итін екеш сыйладық.

    Жырлағамыз, жылағамыз өзге үшін,
    Күл, қоқысқа көміп қойып өз күшін,
    Ол адамша…
    Біз маңырып,
    Біз едік
    Өзгерте алмай әлек болған өз түсін.

    Болған бәрі, соның бәрі болғанды,
    Қыран тілім қаңсығанды, солғанды.
    Сары сона солқылдатып сорғанды,
    Сонда-дағы шиырлаймыз сол маңды.

    Шонданайға шыққан қызыл шиқандай,
    «Ов» қашаңғы бәлси бермек қиқаңбай.
    Аянышты халің, ана тілім-ай,
    Көктен жаңбыр қойды-ау саған бір тамбай.

    Көктеп талай, көктей бырт-бырт жұлындың,
    Жанатым-ау, жарғағындай құлынның.
    Қоқаңдайды қазақшасы қортықтар,
    Тіл тигізіп: «тілі емес,- деп ғылымның».

    Араб, парсы, орыспен де алыстың,
    Алтай тектім бар ғажабын ғарыштың
    Айтасың-ау,
    Ал қазіргі кейпіміз,
    Теңбіл шұбар терісіндей барыстың.

    Әлди-әйлап әжем тербеп жөргөгін,
    Әдіптейтін әуезді үнмен өрнегін.
    Бөпелерін «баю-байлап» бөлеген,
    Өзімізден өзге жұртты көрмедім.

    …Қазағым-ай, ойының да күлкің де,
    Бұзылып тұр,
    өзіңе-өзің сілкін де.
    Жаңа ғасыр аттасақ та жаңарып,
    Күн түспей тұр неге мынау Нұр тілге!

    Неге мынау көгермейді тіліміз?
    Тілсіз қалсақ, біз қалайша тіріміз.
    Кеуде керсек күркіреген іріміз,
    Сөйлегенде шүрегейдің біріміз.

    … Жылдар бітті жат қолында жылаған,
    Көтерілді Көк байрағым құлаған.
    «Тым болмаса қазағыңмен қазақша,
    Айтпады ма, сөйлесші»,- деп Нұрағаң.

    Нұрағаның тілін неге алмаймыз,
    Міңгірлеп кеп мінбелерден алдаймыз.
    Бүйте берсек, туған тілді қазағым,
    Өзге емес, өзіміз-ақ жалмаймыз.
    2001 ж.

  3. Өміржан Әбдіхалықұлы
    Жылдағы әдет – “Мемлекеттік тілді қолдау – ел бірлігін қолдау” жиналысына бардық. Көрдік. Естідік. Сол баяғы сарын. Сол баяғы сөз. Сол баяғы шалдар. Сол баяғы қазақ тілі туралы жақсы сөз айтудан жарыс. Ешнәрсе өзгермеген. Мен де, Сен де, Ол да – сол баяғы қалпы. Өзгермегенбіз. Барлық дүние тілде бар, істе жоқ.
    Жиналыстан естіген сөздерімнің ұзын-ырғасы мынаған саяды:
    “Билік оңбаған”, “Қазақ енжар, күреспейді” “Бүйтуіміз керек, сүйтуіміз керек, қазақ тіліне қарсылардың басын отқа үйтуіміз керек”. Әрі өлең оқу, ән айту, “Жақсы айттыңыз, жақсы сөйледіңіз” деп бір-біріне көтермелеп қою. Болды.

    Суреттегі ұрансөз қағазда Ата заңның 7 бабы орысша жазылған. Сыртқы кіреберіс есіктің алдында жатыр екен. Ешкімге керексіз. Іштей орыс тіліде ешкімге қажетсіз осы қағаздай болып жерде қалсын, жер қапсын, жер жұтсын және сол тілде сөйлейтіндерді де дедік.

  4. Бүгін мемлекеттік тіл мерекесі. Кеше. Түнгі 11 сағат кезінде Алматының “Жібек жолы” бекетінде пойыз күтіп отырдым. Адам аяғы сиреген кез. Анадайда еңгезердей екі жігіт қастарында бір талдырмаш келіншек, әлде бойжеткен бар қолдарындағы фото аппараттарын алма кезек бір-біріне беріп келе жатып, мен отырған ұзын орындықтың келесі басына келіп екеуі жайғасты да үшіншісі жігіт оларды суретке түсірді. Сонан соң бірі маған жақындап келіп: “Ағасы, бізді фотоға түсіріп жібересіз бе?”- деді орыс тілінде. Мен бажырайып бетіне қарап едім ол әлгі сөзін тағы қайталады. Мен жайбірақат қана: “Түсінбедім” дедім. Сонда барып ол: “Бізді фотоға түсіріп жіберіңізші” деді. Мен бар ынта-ықыласымен оларды суретке түсірдім.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар