//

Марат Тәжин: Қазақстан тарихын ақтаңдақтардан аластау

1192 рет қаралды

Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен Ұлттық тарихты зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының ІІІ отырысы өткен.

25.09.2013

марат тажинҚР Мемлекеттік хатшысы Мемлекет басшысының ғылыми-тарихи қоғамдастықтың алдына ұлттық тарихи жадымызды қайта жаңғырту, еліміздің тарихын әлемдік-тарихи процестің бір бөлігі ретінде терең зерделеу, «ақтаңдақтарды» еңсеру жөнінде ауқымды міндет қойғанын атап өткен. Мемлекет өз тарапынан ғылыми-тарихи қоғамдастықтың толыққанды кешенді қызмет етуі үшін барлық қажетті жағдай жасап отыр.

Ғалымдардың міндеті – Қазақстан тарихын бүкіләлемдік тарихи үжерістің ажырамас бір бөлігі ретінде көріп, ұғынуға мүмкіндік беретін терең және объективті ғылыми зерттеулер жүргізу.

Отырыста Білім және ғылым министрі А.Сәрінжіпов, Мәдениет және ақпарат министрі М.Құл-Мұхаммед сөз сөйлеген. Олар ғылыми-зерттеу, оқу-әдістемелік және ақпараттық жұмыстарды жаңғырту мәселелері жөніндегі тапсырмалардың іске асырылу барысы туралы баяндаған.

Қазақстан ғалымдарының шетелдік мұрағат орталықтарындағы жұмысының алдын-ала нәтижелері туралы Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бөлім меңгерушісі М.Әбусейітова айтып берген.

Отырыс барысында Орталық Азия дәстүрлі өркениеттерін зерделеу жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу орталығы, «Геоархеология» халықаралық зертханасы, «Дүние жүзі тарихын зерделеу» ғылыми-зерттеу орталығы, Популяциялық генетика зертханасы тәрізді жаңадан құрылған ғылыми-зерттеу құрылымдарының тұсаукесері болған.

Сонымен қатар, отырыста тарих тақырыбына арналған «Mangi el» халықаралық ғылыми-көпшілік журналының сүйінші данасы және «Қазақстан тарихы» жаңа веб-порталы таныстырылды.

Отырыс қорытындысында Ведомствоаралық жұмыс тобының мүшелеріне ұлттық тарихты зерделеу мәселелері жөнінде алға қойылған міндеттерді іске асыруды жалғастыру тапсырылды.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар