Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін, 01.10.2013 жылы, отбасының жағдайына байланысты берген өтініші бойынша Григорий Марченконы Ұлттық Банк төрағасы лауазымынан босатып, оның орнына Келімбетов Қайрат Нематұлын тағайындаған (Today.Kz).
Келімбетов Қайрат Нематұлы: 1969 жылы 28 қаңтарда Алматы қаласында туған. Ұлты қазақ.
Білімі:
1986 ж. Алматы қаласындағы республикалық физика-математика мектебін үздік белгімен бітірген.
1993 ж. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеудің Мемлекеттік Университетінің қолданбалы математика және кибернетика факультетін бітірген, математик. Ағылшын, француз тілдерін меңгерген.
1993 ж. бастап әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің ассистенті, аспиранты.
1994—96 жж. Қазақтың мемлекеттік басқару академиясы жанындағы Нарық институтының қаржы және несие факультетінде оқыған.
1995—96 жж. — Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқарудың ұлттық жоғары мектебінің тыңдаушысы.
1999 ж. АҚШ-та Джорджтаун университетінде оқыған.
Еңбек жолы:
1996 ж. бастап — Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жоғары экономикалық кеңес хатшылығының аға сарапшысы.
1996—97 жж. — Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің меңгерушісі.
1997—98 жж. — Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Стратегиялық талдау департаменті директорының орынбасары.
1999—2001 жж. — Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау агенттігінің төрағасы.
2001 ж. маусым — 2002 ж. тамыз аралығында ҚР Қаржы министрлігінің бірінші Вице-Министрі болған.
2002 ж. тамыздан бастап — Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі.
2006 жылдың сәуірінен бастап – «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы.
2008 ж. қаңтардың 23 Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды.
2008 ж. қазанның 13 «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болып тағайындалды.
Қазақстан Президентінің 2011 жылғы 11 сәуірдегі Жарлығымен Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрі болып тағайындалды.
2012 ж. қаңтардан ҚР Премьер-министрінің орынбасары қызметін атқарады.
мінбер-ақпарат
Парақшамызға жазылыңыз