/

Алматы метросында 2014 жылы «Сайран» және «Мәскеу» бекеттері іске қосылады

640 рет қаралды

article1253Алматы метросында 2014 жылы «Сайран» және «Мәскеу» бекеттері іске қосылады. Бұл жөнінде бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Алматы метросын екі жыл бұрын іске қостық. Күніне мұнда 24 мың жолаушы тасымалданады. Биылғы жылдың тоғыз айында тасымалданған жолаушылар 4,8 млн адамға жетті. Адамдардың қазірде метрода жүруге үйрене бастағанын айту керек», – деді Алматы қаласының әкімі.

Бүгінде Алматы метросының екінші кезеңінде жұмыс жүргізілуде. Әкім хабарлағандай, 2014 жылдың бірінші жартыжылдығында метрода «Сайран» және «Мәскеу» бекеттерін іске қосу жоспарланып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, тұңғыш рет биыл Орталық коммуникациялар алаңында әр апта сайын облыстардың, Астана мен Алматы қалалары әкімдерінің арнайы баспасөз мәслихаттарын өткізу қолға алынды. Бүгін Алматы әкімі Ахметжан Есімов қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың іске асырылуы жөнінде есеп беруде.

Айымгүл ӘБІЛЕВА
Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар