///

Қару жинау қарашада да жалғасады

1702 рет қаралды

Халықтан заңсыз сақтаулы қару-жарақ сатып алу 30-шы қарашаға дейін жалғасады. Бұл туралы Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады. 
Акция 1 қыркүйекте басталған.  Қару тапсырған адамдарға қарудың түріне қарай 10-нен 100 АЕК мөлшерінде сыйақы берілген (1,22 млн теңгеден астам). ІІД әкімшілік полиция басқармасының қару айналымына бақылау және лицензиялау бөлімінің қызметкерлерінің айтуынша, акция басталғалы қала тұрғындары 66 дана қару тапсырған: иір ойықты – 12,  тегіс ұңғылы – 50, газ-жарақаттағыш – 1, жарақаттағыш – 3, сондай-ақ иір ойықты қаруға 3227 оқ.
Өз еркімен қару мен оқ-дәрілерді тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.
aikyn.kz

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар