///

Қазақ тілді сайттар арасындағы «Интернет-доданың» жеңімпаздары анықталды

1476 рет қаралды
1

Қазақстанда тұңғыш рет жастарға арналған қазақ тілді сайттар арасында ұйымдастырылған «Интернет-дода» атты байқаудың жеңімпаздары анықталды.

Аталған байқауға қатысу үшін мемлекеттік тілді насихаттап, жастар саясатын дамытуға үлес қосып жүрген ғаламтор желілерінен 50-ден астам өтініш түсті. «Интернет-дода» барысында тек жастарға арналған мемлекеттік тілдегі, «kz» домені бар веб сайттар ғана бақ сынады. Іріктеу кезінде веб сайттардың мазмұны, дизайны, грамматикасы, жаңартылуы, оқырмандарының саны, пікірлердің, суреттердің, фото-видео материалдардың сапасына ерекше көңіл бөлінді. Қатысушылардың санына шектеу қойылмады. Ал телеарна, радио, газеттер, мемлекеттік және шетелдік ұйымдардың сайттары байқауға қатыстырылған жоқ.

Байқау қорытындысы бойынша үш сайт жеңімпаз деп танылды. Олар: «Массагет» (Massaget.kz) – 1 орын, «Айналайын» (Aynaline.kz) – 2 орын және «Сұрақ-жауап» (Szh.kz) – 3 орын. Жеңімпаздардан бөлек, жастарға арналған қазақ тілді сайттарды қолдау мақсатында 17 сайт жүлдегерлердің қатарына енді.

Айта кетейік, «Интернет-дода» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі бүгін «Астаналық» бизнес орталығында кешкі сағат 17:00-де өтеді.

inform.kz

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. Массагет кз,ның таратқан мәліметі бойынша олар байқаудан бас тартыпты. Сонымен қатар бірнеше қазақ сайттары парақшаларына солай жазып қойған. Байқауға бөлінген қаражат дұрыс жаратылмаған, тендр шарты орындалмаған деген пікірлер айтылуда. Нақты ақпарат қандай сонда?

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар