Бiздiң елiмiзде жүргiзiлiп жатқан бiлiм саласындағы реформа-реформа емес, революция. Ал, революцияны бiлiмде, ғылымда жүргiзуге әсте болмайды. Кез-келген халық өзiнiң терең тамырынан нәр алуы тиiс. Өзiнiң тiлiнен, салт-дәстүрiнен айнымаған ұлттың ғана болашағы зор болады.Қазiр оқу жүйесiне үш тұғырлы тiл деген саясат енгiзiлдi. Тiлдi үйрену дегенiмiз – үй салу емес. Ол ұзақ жылдарға созылатын процесс. Екiншiден, барлық жеке оқу орындарынан бастап, ұлттық университетке дейiн Болон үрдiсi бойынша оқытуға дайындалып жатырмыз.
Бiреудiң шайнап берген асы бiзге ас бола ма? Жақсылыққа ұмтылу, әрине, жақсы-ақ, бiрақ, осы оқу жүйесiнiң Өзiн әлемнiң көптеген оқу орындары толайым көшiрмей, оның әбден сыннан өткен салаларын ғана қабылдауда. Мiне, ойланатын тұсымыз. тЖалпы, бiлiм алуда «әлемдiк тәжiрибе» деген қатып қалған стандарт жоқ, әр елдiң өзiндiк тәжiрибесi бар. Демек, шет тiлiн жаппай бiлудi мiндеттеу – антипеда-гогикалық бағдарлама. Мұны әлемдегi билiктi қолдарына алу үшiн ойлап тапқан – «трансұлттық компаниялар». Кезiнде ағылшын тiлiне қарсы шыққан елдер де болды.
Мәселен, Ұлыбританияның көп жылдар отары болған елдердiң 20-30 пайызы ғана ағылшын тiлiнде сөйлейдi. Орта мектеп бiтiрген орыс сыныбының оқушылары мемлекеттiк тiлдi меңгермей жатқанда оларға үшiншi тiлдi тықпалауымызға не себеп? Әлде бiз өз ұрпақтарымызды Ұлыбританияға, Америкаға барып жұмыс iстеуге дайындап жатырмыз ба? Зерттеу амалдары көрсетiп бергендей, ағылшын тiлдi мемлекеттердiң өзi балаларын Ұлы-британияда оқытуға ынталы емес. Оған мысал керек пе? АҚШ-тың бұрынғы президентi Томас Джефферсонның: «Жас американдықты Еуропаға не үшiн оқуға жiберемiз?» деген досына жазған хатына назар салсақ та
болар едi. Бiздiң газет бұл мәселенi бұрын да жазған. Бiз уақыт өткiзе «Сонымен… жас американдық азамат Еуропада қандай бiлiм алады? Жас американдық Англияға барды делiк, әрине, ол онда оқиды, бiрақ,оған қоса ол iшiмдiкке, ат жарысына және боксқа әуестенедi. Бұл ағылшындық бiлiм жүйесiнiң ерекшелiктерiнiң бiрi саналады. Мұндай бiлiм беру ерекшелiктерi
Еуропаның өзге мемлекеттерiне де тән. Жалпы, мұнда оқыған жас адам еуропалық рахат өмiрге бой алдырып, өзiнiң туған елiне деген жеккөрушiлiк сезiмiмен қарайды, еуропалық ақсүйектерге жасалған артықшылықтарға басы айналып, өз елiндегi кедейлер мен байлардың қатарында бiрге тұруын өлердей жек көредi, солардың өмiр сүру салтына бой ұрып, өзiн соларға ұқсатуға тыры-сады, өзiн ақсүйектердiң, монархтардың тобына жатқызғысы келедi, өзiне түк пайдасы болмаса да,солармен достық қарым-қатынаста болып, барөмiрiн құр босқа өткiзiп алады, әуенi мен жылмақай әйелдердiң тәттi исiне ерiп, өзiне және өзiнiң жақындарына керi әсерiн тигiзуге бой алдырады, сондай-ақ, өзiнiң денсаулығына керi ықпалын тигiзетiн жеңiл жүрiстi әйелдердi аңсап тұратын болады, немесе күндердiң күнiнде болмай қоймайтын, отбасылық тазалыққа деген ынайылығын жоғалтудың тәсiлдерiн үйренедi және ол қылығын серiлiкке жатқызатын болады. Кейiн ол еуропалық әйелдердiң өтiрiк күлкiсi мен олардың естен тандырар әлем-жәлем әдемiкиiм-кешегiн ұзақ уақыт ұмыта алмай, өз елiнiң қарапайым ақ адал әйелдерiнiң табиғи сұлулығын көргiсi келмейдi. Ол осы көрiнiстер арқылы өмiр бойы кеше өзi қыдырған жерлер мен үйренген істерiн ойлаумен өткiзедi. Ол өз елiне оның экономикасы мен әдеп-дәстүрiнен түсiнiк-пайымы жоқ, өз Отанының iс-тәжiрибесiн бiлмейтiн нақұрыс, шетелдiк марғау бiреу болып оралады. Ол өз Отанына өзiнiң ана тiлiнде сөйлеп, жаза бiлсе де тек шетелдiк көзқараспен қарайды. Себебi, еркiн елде ол өзге адамдар сияқты еркiн сезiнбейдi және басқалар жеткен жетiстiктердi де бағындыра алмайды. Мен бұл жерде өзiмнiң байқағандарымды ғана сiздерге айтқым келедi. Мен жас адамның 15 жастан 20 жасқа дейiн өзге елде тұрып, сол елдiң тiлiнде сыпайы сөйлеп, әдемi жаза бiлген оқиғасын көрген жоқпын. Сол сияқты басқалардың да екi тiлде бiрдей жазып, сөйлегенiн кездестiрген емеспiн. Адамның жас шағында өзiне қандай тiл жақын болса, сол тiл оның ана тiлi болуы тиiс. Менiң ұғымымша, Еуропаға барып бiлiм алған американдық жас бiлiм жағынан да, моральдық және адамгершiлiк жағынан да, өзiнiң денсаулығы мен бақыты жағынан да көп нәрсенi жоғалтады. Маған бұл жағдайлар Еуропаға келiп, кзiмен көргенге дейiн жұмбақ күйiнде болыпкелдi. Америкаға келiп көрiңiздер, бiзде кiм барынша бiлiмдi, кiм қызыл сөзге құмар, өзiнiң отандастары арасында кiм қадiрлi, олар кiмге көбiрек сенiм бiлдiредi және кiмдi жоғары қызметке ұсынады? Олардың бәрi өз Отанында бiлiм алып, жоғары тәрбие алғандар және мораль мен салт-санада өзара үйлесiм тапқан жандар». Иә, Америка демократиясының атасы не болса да ашық айтқан және ұлтқа деген жанын жеп айтқан.
Ермек Жұмахметұлы, «Алматы ақшамы»
Парақшамызға жазылыңыз