Қамыс, қоға ән тыңдайды, «гаккулеткен».
Осы екен ғой біздің көлге аққу жеткен.
ҚазССР-де туған буын ғана түсінетін қазақ-совет мәдениетінің тағы бір көрнекті өкілі ақын, композитор, қоғам қайраткері Кәкімбек Салықов бақилық болыпты. “Аққу жеткенді” әкем, “Жезкиікті” шешем жақсы көреді. Үнемі ыңылдап айтып отырады. Бұл әндер қазақ қилы заманға кез келіп, өз елінде этникалық, саяси және мәдени азшылыққа айналғанда жапа-тармағай жармасқан жақсы дүниелердің бірі еді. Ал жаңағы әйгілі екі әннің авторы марқұм Кәкімбек Салықов ағамыз саяси қызмет пен шығармашылықта қатар табысқа жеткен талантты аз қазақтың бірі болатын. Алла тағала алдынан жарылқап, артын қайырлы етсін!
Ескерту: “Аққу жеткеннің” сөзі де, әні де ағаныкі. Ал “Жезкиіктің” әні Жақсыгелді Сейіловтікі.
Ғалым Боқаш, facebookтен
Кәкімбек Салықов (22.01.1932, Еңбек ауылы, Шал ақын ауданы, Солтүстік Қазақстан облысы – 27.11.2013) – мемлекет және қоғам қайраткері, ақын.
Алғашқы өлеңдер жинағы «Сыр» 1977 жылы жарық көрді. Сол жылы «Жезкиік» атты жыр жинағы орыс тіліне аударылып жарияланды. 1981 жылы «Қырғызстан» баспасы оның «Нұрлы күндер» кітабын қырғыз тілінде, 1983 жылы Ғафур Ғүлам баспасы «Жезкиік» жинағын өзбек тілінде шығарды. «Букетовке реквием», «Эдельвейс», «Ғасырға тең бір мезет», «Че Гевара» атты поэмалары орыс тіліне аударылды.
К.Салықов — «Дала», «Қыран-дар», «Гәкку», «Жезкиік», «Еңлікғүл», «Тәттімбет», «Домбыра», «Қарақалпақ», «Кенесарының соңғы сөзі» секілді көптеген поэмалардың авторы. Ақын жемісті еңбегін бүгінгі күнге дейін талмай жалғастырып келеді. «Ойтолғақ» (2001), «Сырғалы сонеттер» (2001), «Күзгі шуақ» (2004), «Күзгі сарын» (2005), «Сенсің ел данасы» (2006), «Әлемнің сегізінші ғаламаты» (2006), «Мағжанға тағзым» (2008) кітаптары жарық көрді. «Жезкиік», «Сағыныш», «Аққу әні», «Үш арыс», «Бір аувіз сөз», «Оқжетпес», «Көкшетау», «Жамбыл ата» сынды туындылары халық әніне айналып кетті. АСТАНА. 27 қараша. ҚазАқпарат
Мінбер-ақпарат
Парақшамызға жазылыңыз
Жаны жаннатта иманы жолдас болсын!
Сырғымайды, Су жылайды