///

Ым-жымы бір депутаттар қандай шешім шығарған?

925 рет қаралды
4

монгол эрСұрақты осылай төтесінен қойып отырған себебіміз мынау: Қазақттың “қайтқан малдан қайыр бар» деген аталы сөзі тағы да расқа шықты. Басқа, басқа емес, ел етегінен ұстаған, сенім артқан мәжіліс депутаттары сенаттан қайта оралған “Еңбек мигранттарына” қатысты заң жобасын сол қалпында мақұлдай салды. Сөйтіп өздерінің жылы орнын сақтап қалды. Егер мәжілісмендер жоғары палатамен үзілді-кесілді келіспей қалса, заң бойынша, президент не сенатты, не мәжілісті таратып жіберер еді. Осыны бек түсінген мәжілісмендер сенатпен ым-жымдарының бір екенін танытып, миығынан күліп отыр. Енді шет елден келген қандастарымызға 5 жыл емес төрт-ақ жылда Қазақстан Республикасының азаматтығы берілсін деген шешімге әрі төре әрі төбе билер бір ауыздан келісіп отыр. Ал алыс-жақын шет елдерден, ел мен жерін, отанын шын аңсап зорға жеткен бауырларымызды төрт-ақ жыл бойы қаламынан қатырып қаңтарып қоймақ. Әуелі 5 жыл деп еді, кейін айнып, «рақымшылдық жасап» 4 жылға шегеріпті. Не деген «жомарттық», не деген «кең пейіл», неткен «отаншыл-ұлтшылдық» деңізші?! Бұндай депутаттардан «айналып кетейін» демеске лажың бар ма? Мұндай «милы, математик, зерделі, дархан»  депутаттар біздің парламентте ғана бар шығар. Бұқым, табаны күректей бес жылды тұтамдай төрт жылға шолтитқанына қалай ырза болмайсың! Тісіңді қайрап, тіліңді тістеп тұрып «ризалығыңды» айтуға адам аппайсың-ау.

Жалпы, шет жұртта, алып державалардың жер бөлісу кезінде атамекен, қора-қопсысымен, басқаның бодауында кеткен, одан қалды қасыретті қанды жылдарда қуғын-сүргін көріп бөтен елді паналауға мәжбүр болған қандастарымыздың Жапандағы Жалғызы – Ұлы Отанына оралуына зор мүмкіндік берген, бұндай шешімді Қазақ Елінің Тәуелсіздікке қолы енді жеткен аса ауыр кезеңінде батырлықпен қабылдаған Елбасы, Тұңғыш Президентіміз, Ғасыр Ғұламасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еді! Елбасының «Құйылсын көшің, Жиылсын есің!» деген Ұлы Сөзі Отаным деген әр қазақтың жүрегінен өшпестей орын алғаны қашан. Презинтеміз қазақтың басын қосумен түн ұйқысын төрт бөліп жүрсе, мемлекеттің парламентінен орын алған депутаттардың мына әрекеті Елбасының ұстанған саясатына көпе-көрнеу қарсы келгендік емес пе?

 Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы ел парламентарилерінің бұндай жөнсіз, қисынсыз, қисық басқан қадамына жол бермейтіндігіне қазақ халқы кәміл сенеді.

Б.Бақытбек

Парақшамызға жазылыңыз

4 Comments

  1. Мына сурет тарихи отанына қарай ұштыртып келе жатқан оралман-ау, атың сүрінбесін, сүріндірмесін!

  2. Ұзақ жыл Баян-Өлгий аймағының қадірлі әкімі болған Мизамхан Күнтуған ұлы ағамыз “Киіз үйге кірер сәтте Нұрекеңе әдейі арнап, ақын Р.Шынай жазған толғауды 16 жасар әнші қыз Б.Меруеш домбырамен жырлады. Бұл жыр-толғауды халқымыз азып-тозып жоғала жаздап жүргенде егеменді ел болғанымыз, Елбасына Нұрсұлтандай ер азаматтың келгені, шетелдегі бауырластарға атажұрт есігі ашылғаны, Ұлы көш басталғаны, болашақ үшін бірлік-береке, тыныштық керектігі бедерлі баяндалған. Нұрекеңе қарасам егіліп екі көзінен жас парлап тұр екен. Сара Алпысқызы да, бәрімізде жыладық. Шын жүрегімізбен жылап тұрмыз. Бұл қуаныштың көз жасы еді. Нұрекең киіз үй төріне жайғасып, отыра беріп, көз жасын сүртіп жатып: “Мизамхан, сен айтайын деген сөзіңді мына қаршадай қызға айттырдың ғой”деді-деп жазған еді (Ел мен ел басы АА.2003 жыл 119-б). Және осы кітаптағы мақаласында белгілі қаламгер Жамлиқа Шал ұлы сол өлеңді “Шетелде жүрген Қазақтардың жүрегінен күңіреніп шыққан қәзіргі заманның “Елім-айы” деп бағалаған. Бір ғана осы өлең жайында журналист Қайнар Олжай, этнограф ғалым Қаржаубай Сартқожа ұлы, Моңғолия Халық артисі Монголхан Арғынбай ұлы қатарлы адамдар өз лебіздерін тебіреніспен білдірген-ді…

  3. приздент тің өзі құыршақ ойнатып жасауатқан форма . приздент қазақ құрылтай және басқажерлерде оралмандаеға қабағын тұйыптурұп *қазақстанға не берсіңдер* дегенінен білгеліболады . олкісы * қандастарым бауылларым қазақстанда бейбіт бақытті өмыр қешұ ұшін бірлікде атсалысайық * десы , қайсыбүр қазақдың қазақдан шыққан сатқындар лаоуазымды депұдат болып жайбіррақат отыррып *көш тоқтасын *деп айғайлапсығареды !!!!!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар