«Мен келемін, мен келемін, мен келем,
Күннен туған, Гүннен туған Пайғамбар!».
Осы бегзат ғұмырлы жыр пайғамбарының – Мағжанның «Келемін!» деп тасқа шеге қаққандай айқын да айбынды леппен жырлауы болашақтағы мәңгілік ғұұмырының, дүние кері айналып кетсе де, ұмытылмайтынын өзі ұқтырып тұрғандай. Иә, ұлы тұлғаларда мұндай көріпкелдік сезім болатынын заман дәлелдегелі қашан. Мағжан өзі айтқандай, «Келді!». Ол тағы бір қырынан – «Мағжан» әдеби-көркем қоғамдық журналы болып өмірге келді. 2007 жылдан бастап шыға бастады. Журналдың Бас редакторы Жарасбай Сүлейменов. Астана қаласы
З.Әкімжанов
Парақшамызға жазылыңыз