Айтыс өнеріне көркемдік пен көшелі ойдың жарасымын діттеген кейінгі буын арасында дүйім жұрттың жүрегіне жол тауып, көпшіліктің көңіл төрінен орын иеленген, «тері тұнып бапталған тұлпар» ақындар аз емес. Сол дарындардың бірі – «айдын өпкен аққудың қанатындай ақжарма өлеңдерімен» даралана танылатын Дәулеткерей Кәпұлы.
Дәулеткерей айтыстарынан әлеуметтің көңілін күпті еткен сан алуан сауалдарды табасыз және солардың бәрінің өз уақытында айтылғанын аңғарасыз. Өлеңдерін ой сүзгісінен өткізген сайын, оның елдік қасиет пен ұлттық мұраттың туын жықпай, асқақ ұстап өтуді аңсайтын ақын екендігін тани түсесің.
Кенжебай Ахметов, әдебиет зерттеушісі
Жаңа кітап: Дәулеткерей Кәпұлы, «Шертолғақ». Айтыстар жинағы.– Астана: Фолиант, 2013.–392 б.
Парақшамызға жазылыңыз