2011 жылдың 1 желтоқсанында пайдалануға берілген Алматы метросы екі жылдың ішінде басқа жолаушы тасымалдау көліктерінен әлде қайда қолайлылығымен, бекеттерінің көздің жауын алатын көркем безендірілуімен қатар жүргінші-жолаушыларға жоғары дәрежеде қызметкөрсетуімен жергілікті тұрғындардың ғана көңілінен шығып қоймай шет елдіктердің де назарына ілігіп отыр.
Жуырда ғана «Алматы метрополитені» әлемнің 77 елінен 126 үміткер бәсекеге түскен байқауда «Үздік сапаны қолданысқа енгізу Еуропалық марапат» аталымының «Платинум» кубогын жеңіп алды. Сарапшыларға метрополитеннің жерасты бекеттерінің әсемдігі, тазалығы, айнадай жарқыраған тартымды жарасымдылығы мен ұжым еңбекшілерінің ерекше ілтипаты, даяшылық қызметі ұнаса керек.
Бұл күнде Алматы метросы күніне 24 мыңнан астам жолаушы тасымалдайды екен. Ал екі жылдың ішінде 13 миллионнан астам жолаушыға қызмет көрсетіп, 1 миллиярд теңгенің таза пайдаын тапқан.
Келесі 2014-жылқы жылы тағы да екі бекет – «Сайран» және «Мәскеу» бекеттері пайдаға берілмек. Метроның жалпы ұзындығы Абай даңғылы бойымен біршама ұлғайып, Алаты қаласының батыс бөлігіндегі Алтынсарин көшесіне дейін жетеді. Онда жолаушылар легі бұдан да еселене түсетін анық.
Қарамер
Парақшамызға жазылыңыз