///

SEO туралы қазақша бір ауыз сөз

4376 рет қаралды
1
SEO туралы қазақша
infoxus
SEO туралы қазақша
infoxus

SEO ұғымы Google, Yandex тәрізді іздеу жүйелерімен қатар пайда болды. Яғни, сайтты оңай табу қажеттілігінен туындады. SEO сөзі ағылшын тіліндегі Search Engine Optimization (ағыл. Іздеу жүйесін оңтайландыру) деген сөзден шыққан.

Өткен жылдың соңында SEO-ға қатысты арнайы тренингке қатысқаным бар. Сол тренингтен  түртіп алғандарымды ортаға салып отырмын. SEO туралы тұңғыш рет естіп отырғандар  үшін кейбір жайттар түсініксіз болуы мүмкін. Сондықтан бұл жазбада SEO-ны түсінуге көмектесетін негізгі ұғымдарға тоқталмақпын.

Кілт сөздер сайттың семантикалық өзегін құрайды. Бұдан бөлек метаілмек (meta tag) деген бар. Метаілмектер сайттың сипаттамасын немесе әрбір беттің жеке сипаттамасын береді.

Title (SEO жүйесінде аталған сөздер латын әріптерімен жазылғандықтан біз де латыншасын көрсетіп отырмыз) – сайттың тақырыбын көрсетуге жауап беретін ілмек. Егер бұл жоқ болса, арнайы сайттардан қарап көруге болады. Сео-мамандардың форумдарынан тауып алуға болады. Мысалы, Seo Cafe сайтын қарап көріңіз.

Интернеттегі қоқыс-сайттарды реттеу үшін Google PageRank деген ұғымды енгізді. Бұл жүйе сайттардың сыртқы және ішкі байланыстарын басты назарға алады.

SEO мамандар өз араларында іздеу жүйелерінде 30-шы парақтан кейін көрінетін сайттарды “аулада ойнап жүрген жас сайттар” деп қалжыңдайды. Бұл – сайт жаңадан ашылғанын немесе іздеу жүйелеріне арнайы ыңғайланбағанын білдіреді.

Yandex. ТИЦ деген өз алгоритмін жасады (орыс. Тематический индекс цитирования). Егер сайтыңызда ешкімге байланбаған нашар бетшелер (кодтар) болса, яндекс оған аса назар аудармайды. Ол сайтты тұтас күйінде қабылдайды. Мысалы, егер ТИЦ 10 болса, ранкі 0-ге тең, ал егер ТИЦ 31000-81000 арасында болса, ранкі 10-ға көтереді.

Alexa сайтқа жұмсалған күш пен одан шыққан әсерді саралайды. Alexa-да жақсы сайттар тізім бойынша орналасады, сондықтан тізімдегі саны аз болған сайын, оның беделі жоғары деген сөз.

Trust, яғни сенімділік деген сөз. Оған сайттың ғұмыры, қай доменде орналасқаны, ішкі және сыртқы сілтемелері маңызды.

Usability (Ыңғайлылық. Сайт түсінікті болуы тиіс)

  • навигация
  • сілтемелер
  • сапалы мәтін
  • сайттың жүктелу уақыты
  • сайт дизайны
  • сайттың домен атауы
  • үнемі жетілдіріп отыруы

SEO қазақ тілінде жүзеге асу үшін роботтарға орыс тілінде ілмектерді жазу керек. Себебі роботтар қазақ қаріптеріндегі символдарды түсіне алмауы мүмкін. Google бізде әзірге Ресейлік аймаққа қарағандықтан, өкінішке қарай, роботтармен орыс тілінде түсінісу керек.

Егер Google-дың Panda деген роботы копипаст материал тапса, сайттың деңгейі 40 есе төмендейді.

Яндекс Калининград браузеріңіз арқылы сіздің образыңызды қалыптастырып, қызығушылығыңызға орай іздеу жүйесін бейімдейді.

Яндекс Дублин жаңа алгоритмі.

Яндекс Острава

Яндекс Атом

SEO Copywriting бір парағы 2 доллар (300 теңге) тұрады. Менің ойымша, тым арзан сияқты!

  • Сайтқа сурет қоятын болса, ол суреттің түбіне міндетті түрде түсініктеме беру керек. Оқырманға бұл маңызды болмағанымен робот үшін маңызды.
  • Кем дегенде 7-12 ілмек сөздің болғаны жақсы. Қазақ тіліндегі сайттар үшін бұл ілмектер орыс тілінде де болуы керек. Себебі гуглдың, яндекстің алгоритмдері қазақ тілін түсінбейді.

SEO-копирайтинг

Семантикалық ядро үш түрлі жиіліктен тұрады

  • жоғарғы жиілік: кітап
  • орташа жиілік: қызыл кітап
  • төменгі жиілік: қалың қызыл кітап

Егер мәтінде кілт сөздер кездессе, ілмекте оны қайталағаннан гөрі синонимдерін берген дұрыс.

Әрбір жаңалыққа төменгі жиіліктегі сөздерді енгізген дұрыс

Пайдалы сілтемелер:

  1. Seo кафе – орыстілді seo-мамандар форумы
  2. Cossa.ru
  3. Advega.ru Ресейлік копипастарды тексеруге көмектеседі


Сурет CC рұқсат негізінде infoxus есімді қолданушының flickr мұрағатынан алынды

Асхат ЕРКІМБАЙ,

“Мінбер” журналистерді қолдау орталығы жанындағы

Жаңа медианы зерттеу тобының жетекшісі

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. […] БАСТЫ ЖАҢАЛЫҚТАРGoogle өнімдерінің SEO-ға ықпалы«Көп әйел алуды көксемеймін», бірақ…Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ: Халықтың қаруын қайтарғанАғылшын тілін үйренуге арналған тегін 5 аппликейшнБас редакторларлардың «Қазайтыстың» қоқан-лоққысына көзқарасы қандай?Армияға шақырылсам, ипотекадан құтылам ба?Көкейгесті сұраққа көп сөзсіз жауапЖурналистерге арналған тегін онлай-курсқа жазылу басталдыТас жүректер тайраңдап жүрSEO туралы қазақша бір ауыз сөз […]

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар