//

1000 теңгелік ақшадан табылған Атты адам

681 рет қаралды

«Қазақстанның желтоқсан айында жарық көрген жаңа 1000 теңгелің банкнотта Саха республикасының (Якутия) ұлттық елтаңбасы бейнелеген» деп жазады Ykt.ru порталы. Ол – тасқа бәдізделген ат үстіндегі ежелгі адамның бейнесі.

Біздің жыл санауымызға дейінгі 6-9 ғасырлардан мұра болып жеткен тастағы таңбалардан алынған бейне бүкіл түркі халықтарына ортақ жәдігер екендігі анық.

1000 tenge

Алайда, Якутияның Ykt.ru порталында бұл сурет жергілікті якут елінің түп-төркіні болып саналатын курыкан халқының ұлттық мұрасы болып саналады, салт атқа мініп, қолына байрақ ұстаған жауынгер бейнесі республика халқының бірлігі мен күш қуатын айқындайды деп жазылған.

Бұл жерде Ресей ғалымдары да пікір білдірген.

“Ежелгі Курыкан елі Лена өзенімен солтүстікке қарай жылжып отырып саха халқының пайда болуына негіз болды. Қолына байрақ ұстаған жауынгер орта ғасырларға тиесілі сурет. Демек оған түркі халықтарының барлығы ортақтаса алады. Біз оны тек қана якут халқының мұрасы деп айта алмаймыз. Ал қазақ халқы бұл жерден мүлдем алыста орналасқан”, – дейді тарих ғылымдарының кандидаты Виктор Дьяконов.

Ресей ғалымдары осындай пікір білдіріпті. Ал бүкіл түркі әлемінің алтын бесігі Алтай екендігін ескерер болсақ, ежелгі халықтардың қай жақтан, қай жаққа көшкендігін, тастағы таңбаның төркіні қайдан екендігін еш қиындықсыз екшелеуге болатын сияқты.

Біздің алып-қосарымыз осы банкнотқа неліктен орыс тілінде «тысяча тенге» деп бадырайтып жазып қойғаны. Бұл ненің нышаны, осыны түсінетін уақыт жеткен жоқ па? Біз қашанға дейін осылай қосамжарланып жүре береміз?- Мінбер-ақпарат

Источник: Altaynews.kz

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар