//

Фариза, Фариза жан, Фариза қыз…

728 рет қаралды

farizaАстанада 24 – қаңтар күні Қазақ поэзиясындағы дала дауысты, дара таланттардың бірі – Фариза Оңғарсынова 75 жасқа қараған шағында өмірден озды. Жырларынан Махамбеттің рухы есіп тұратын өршіл, ұлтшыл ақын еді. Фариза Оңғарсынованың поэзиясында адами қарым-қатынастар мен махаббатқа адалдық, ұлы достық пен даналық ойлар қамтылған. Ақынның жырларынан қазіргі заманның шынайы бет-бейнесін көру де қиын емес. Оның өмірбаяны да өз өлеңдерімен өрнектеліп, шығармашылығы – қазіргі қазақ әдебиетінен ойып тұрып орын алғандығы анық. Ақынның «Ақын» атты өлеңін оқыңыз:  

Ақынның нәзік жүрегі самалдан тоңар гүл еді.

Халқының махаббатымен ақсұңқар құстай түледі,

ел ғана – тұғыр, тірегі.

Әділет үшін жан салып, алдында тұрсын қанша алып –

шындыққа жетпей тынбайды,

қияметтерге қарсы ағып, баурайды сонда бал шабыт.

Сұлулық пенен пәктіктен, рақат күткен, бақ күткен,

шығып кеткенше ақтық дем, арпалысып өтер қасқайып

күңкілмен, бұқпа сақтықпен.

Аялап туған ел, жерін, өнерін, тілін, ерлерін

қастерлер елдің туындай.

Аяла халқым, суынбай, Бұқардың мұрагерлерін!

Аяулы ақын, Фариза, Фариза жан, Фариза қыз… иманың жолдас болып, жаны пейіштен орын алып, жатқан жерің жайлы, топырағың торқа болсын!

Мінбер ақпарат

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар