19 ақпанда Ресейдің әсіре белсенді саясаткері Эдуард Лимонов өзінің ғаламтордағы блогында Ресей басшысы Путинге кеңес берген. Онда ол: «Қазіргі таңда Украйна мен Қазақстан аса қиын-қыстау кезеңді бастан кешіріп отыр. Бұл жағдай мені өте қуантады. Украйна ойран-асыр, ал Қазақстанда девальвация. Ресей осы мүмкіндікті пайдаланып қалу керек. Есінеп отырмай Украйнаның бір бөлігін, Қазақстанның солтүстік аймағын қарпып қалу керек» деген. Сондай-ақ ол Қазақстанда билік ауысатын тұста шұғыл қимыдау керек. Назарбаев тез қартайып барады. Оның үстіне осыдан екі-үш жыл бұрын еліндегі жұмысшылардың оққа ұшуына жол беріп, барлық беделінен айрылды. Назарбаевтың ізін жалғастырар мұрагері де жоқ сияқты» деп соққан.
Эдуард Лимоновтың «Қазақстанның солтүстік облыстарын күштеп қосып алу туралы» сандырақ мәлімдемесіне байланысты Сыртқы істер министрлігі өз жауабын берді.
“Біз Эдуард Лимоновтың Қазақстанның солтүстік облыстарын Ресейге қосу туралы мәлімдемесін назарға алдық. Лимонов мырза Ресей Федерациясының ресми тұлғасы болып табылмайтындығын және оның еркін білдірмейтіндігін түсінеміз”, – делінген министрліктің хабарламасында.
Сондай-ақ, СІМ саясаткер мәлімдемесінің ешбір негізі жоқ және тек күлкі үшін айтылған дүние деп қабылдауға болатынын жеткізді. Дегенмен, министрлік Ресей Федерациясының атына ресми нота жолдап, Лимоновқа қатысты олардың ресми түсінігін алуды ұйғарды. Бүгін бұл нота дипломатиялық арналар арқылы жолданады.
“Ресей – біздің досымыз, одақтасымыз және стратегиялық әріптесіміз. Лимонов мырзаның мағынасыз мәлімдемесі Ресей мемлекетінің Қазақстанға қатысты сыртқы саясатымен ешбір байланысы жоқ. Лимонов мырзаның жөн-жосықсыз қылығына Ресей тарапы тиісті бағасын беретініне еш күмәнданбаймыз”, – делінген құжатта.
Сыртқы істер министрлігі бұл нота барлық шетел қайраткерлеріне Қазақстан тәуелсіздігі, егемендігі мен жерінің біртұтастығы мызғымас берік әрі оған қол сұғылмайтындығын білдіруі тиіс екендігін хабарлады. Сондықтан бұл құндылыққа қол сұғуға тырысатын кез келген іске тиісті жауап қайтаратындығын мәлім етті.
ҚР СІМ хабарлауынша, бұл мәлімдемеге назар аудармай, “ит үреді, керуен көшедінің” кейпін жасауға болар еді, бірақ мемлекеттің егемендігі мен жерінің біртұтастығына күмән келтіретін сөздерден кейін өз жауабын беру жөнінде шешім қабылданды.
“Егер Лимонов мырза өзге тақырыптарды сөз еткен болса, біз оған тіпті мән бермес едік, алайда мемлекеттің егемендігі мен жерінің біртұтастығы сынды қасиетті ұғымдар туралы сөз болғандықтан, біз бұны жауапсыз қалдырмауды ойладық”, – делінген хабарламада.
Бұл, Иттің үргені ме, әлде, Лимонов бірдемені сезе ме? Елінің жерінің тұтастығы мен мемлекеттінің тәуелсіздік жолында қазақ халқы тып-тыныш жатады деп ойлай ма екен.
Мінбер-ақпарат
Парақшамызға жазылыңыз
Мамбеттер, бұған біреу осылай айт, қазақтың тамырын басып көрейік деп отыр ғой