//

Көктем келді, мінеки, көктем келді

4601 рет қаралды
3

gul

Көктем келді, мінеки, көктем келді,

Көктем күткен күн еді көптен бергі.

Құшағымен жылытып, шуағымен

Бусандырып сай-сала, көк пен белді.

 

Көктем келді қалаға, далаға да,

Көктем енді ескірген санаға да.

Айдан алып ақ нұрын ақ қайыңдар,

Айран толар іркілдеп сабаға да.

 

Таң ийді таласып тағатыңмен,

Үкілі үміт күтеміз жаңа түннен.

Сезімдер де жібиді мұздап жатқан,

Құстың қаққан жылынып қанатымен.

 

Көктем келді көгертіп көк белдерді,

Көк жаратқан бақ қонды көп көрме енді.

Қала берсін қам көңіл қыр астында,

Қармен бірге ериді өкпең де енді.

 

Көні көпсіп тірлік пен кепкен тердің,

Көк желкесін опырар кек пен шердің.

Жауқазын гүл қасатты жарып шығып,

Орны толар оралмай кеткендердің…

 

Көктем келді, көп тырна көшпен келді,

Көз алдыңнан кешегі өшкен келді.

Алтай алқа тағынып, Алатаудың

Алқымыңнан сүйеді ескен желі.

 

Көктем келді талдырып тоқпан белді,

Жаныңды өртер жалынды отпен келді.

Күркіретіп көңілді найзағайдай,

Дүрсілдетіп жүректі тоқпен келді.

 

Көктем келді, төгілтіп төккен зерді,

Еске аласың есіріп өскен жерді.

Төл үні боп естілер төр жағыңнан,

Былтырғыдан биылға өткен белгі.

Көктем келді!!!…

                                

                         Бақытбек Бәмішұлы,

                          Алматы. 28.02.2014 

Парақшамызға жазылыңыз

3 Comments

  1. Қараталда қақаған аяз!,,, Қызғалдақ түгілі көк жауқасын да қылтиып шығатын түрі жоқ, көк тоң!!!… Саулықтың бәрі іш тастады,,, Алматыға жаз келді ме?!,,,

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар