/

Мемлекеттік мәлімдеме деген ешкінің еті емес

1049 рет қаралды
3

SIMЕліміздің ғаламторлық желілерінде Қазақстанның Украйнадағы жағдайға байланысты тіс жармай отырғаны туралы назаланған пікірлер етек алған еді. Тіпті кейбіреулері асыра сілтеп ҚР-ның тәуелсіз мемлекет екеніне күмәнді сөздер айта бастаған. Үкіметтің пұшайман халіне жігерлері құм болғанын жасырмай жазып та жатқанды. Жазғырып та жатқандары болды. Үкіметтің ақсақтың аяғын бағып отырғанын қайдан білсін. Мемлекеттік мәлімдеме деген  ешкінің еті емес. Ол мәселені, жағдайды, жан-жақты сараптап, ойланып-толғанып,  зертеп-зерделеп, кесіп-пішіп барып жасалынады. Игіліктің ерте кеші жоқ дейді.  Қазақстан кеш болсада Украйнадағы жағдайға қатысты өз ұстанымын білдіріпті. Алайда онда Украйнадағы қазіргі саяси жағдайға берілген нақты баға байқалмайды. Қалай болғанда да әйтеуір, ҚР өз даусы бар, жеке үні бар Ел екенін хабардар еткен. Енді соны оқиық. 

АСТАНА. ҚазАқпарат – Украинадағы жағдайға қатысты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жариялады.

“Қазақстан Украинадағы оқиғаларға байланысты ерекше алаңдаушылығын білдіреді. Шиеленістің одан әрі өрбуі аймақтық, сондай-ақ жаһандық ауқымдағы күтпеген нәтижелерге алып келуі мүмкін. Қазақстан барлық тараптарды жағдайды реттеу барысында күш қолдану шешімдерден бас тартуға және қалыптасқан мәселені келіссөздер арқылы шешу мақсатында барынша саяси күш-жігер танытуға шақырады. Бұл шешім халықаралық құқықтың фундаменталды қағидаттарына негізделуі тиіс. Барлық мүдделі тараптарды жағдайды бағалауда байсалды, әділетті болуға және жауапкершілік танытып, украиндық дағдарысты ушықтыруға себеп болатын әрекеттерден бас тартуға шақырамыз», – делінген мәлімдемеде.

Қазақстан тез арада жағдайдың тұрақтануына, барлық саяси күштердің бейбіт диалогына және құқықтық тәртіптің қалпына келуіне үміт артады.

мінбер-ақпарат

Парақшамызға жазылыңыз

3 Comments

  1. Самат Насир Ukimettin urlygy shydyp halgandyndan ne desin? Evrazes, kedendik odah degennin Orystyn basybaily huly bolu ekenin bile tura Nazarbaev osygan itermelep jetelep keledi emes pe? Kazakhtar osy joly osy kiltipandy uhpasa hoi ah hoi. Birah oryshul kazakhtar ugyp bolgansha Resei soltustik oblystardy bolip aketpese igi edi. Esterindi jimasandar Oljas pen Ganilerin ah otkerip bere salar.

  2. Жүкел Хамай “Мемлекеттік мәлімдеме деген ешкінің еті емес.” Дәл осылай айтпасаң, Бәміш шалдан туасың ба?!. Жарайсың, жон арқамды бір тырнап өттің!…

  3. Abish Kobdakhan Ukimettin ustangan sayasaty ote durys.Shoshandagandar osyndai kalge dushar bolady. “Tokal eshki myiiz suraimyn dep, kulagynan aiyrylypty” degen osy. Barga kanagat etu kerek. Korpege karai kosilu kerek. Shamasyn bilu kerek. Agaiynnyn aty ozgansha, korshinnin taiy ozsyn.Ukrainadan ne kaiyr. Olar ushin oryspen eregesip opa tappaimyz. Oryspen bizdi korshi etti.Moiynsunamyz tagdyrga. Baska shara jok. Elbasynyn azuly korshimen jurgizip otyrgan kazirgi sayasaty ote durys. Ras. Kazakhstanda til, jemkorlyk, aleumettik t.b sheshimin tappagan maseleler barshylyk. Alaida bul, oktyn gursilinen uikysy buzylgan sabidin bir tamshy koz jasyna tatymaidy. Elimiz aman, jurtymyz tynysh bolganga ne jetsin! Tak shto, Samat aga, elimizge til tigizbeniz. Alysta jatyp, aituga gana onai.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар