///

Алаш ақындарына ашық хат

964 рет қаралды
4

татары 1Армысың, Алашымның ақындары,

Бармысың, барша адамзат жақындары!

Әлемді сергітеді.

Жұбатуға

Жазықсыз жылағанды қақың бары.

Көгінен кекілдердің жасы парлап,

Оқ пенен отқа толмақ  жасыл айлақ.

Қырымды қыздай көрген  әлімжеттік

Ұясын ұлттың бұзып басып алмақ.

Ойласаң орыс-кекіл қанат егіз,

Мамаңды әлсіз әлем қаласа еміз.

Арада әдірем қап кепілдіктер,

Ашуын тасқа ұрады Қара теңіз.

Не болад жағаласа жала селі,

Іші іріп, ту сыртынан таласа Елі?

Тұсында ақ патшаның тұзақталған

Тұтқанды Тарасы да пана сені.

 

Қырымның қызығына жауыққандар –

Сатылған арасында  сауысқан бар.

Ақылы аш көздіктен ауысқандар.

Ашықса айға да азу салары анық,

Ұлтты жеп тоқсан тоғыз тауысқандар!

 

Жанымыз жер дегенде ауырады,

Жер үшін жанын бермек бауыр әне.

Ақ мұзға алау жағып азап шеккен,

Бауырға жарық берсең сауығады.

 

Армысың, Алашымның ақындары!

Бауырға жарық берсең сауығады!

 

Бақытбек Бәмішұлы

14.03.2014 жыл,

Алматы қаласы

Парақшамызға жазылыңыз

4 Comments

  1. Айнагул:Кара тениз таскынын таска ургызбай токтататын бир ауыз созиниз жаратушынын жадына жетип,елимиз аман журтымыз тыныш болгай!

  2. Marat:Бауырдың бүтіндігі үшін біздің ауылдан әлі бір ауыз сөз жоқ. Неткен масқаралық!

  3. Путин Қырымды “у-шусыз” тартып алды. Оның бұ басымшылдығын Қазақ Елінің үкіметі қос қолдап құптаған мәлімдемесін таратып үлгірді. Сонда біздің биліктің не ойлаған ой бар, түсінсем бұйырмасын.

  4. Ақ үй Қырымдағы наурыздың 16-сы күнгі референдумға жауап ретінде «санкция саламыз» деп мәлімдеді.
    «Обама Ресейдің әрекеттері Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығын бұзғанын баса ескертті және Еуропадағы әріптестерімен бірлесіп, Ресейді жауапқа тарту үшін шаралар қолданатынын мәлімдеді» дейді АҚШ.
    Ал Кремльдің көзқарасынша, референдум – «халықтың өз мәртебесін өзі айқындауының» мысалы. «Референдум мәселесіне тоқталған Путин референдум өткізу туралы шешім халықаралық құқық нормаларына және БҰҰ жарғысына сай қабылданғанын, Косоводағы прецедентке сәйкес болғанын айтты. Референдум Қырым халқының өз көзқарасын еркін білдіруіне мүмкіндік беріп, олардың өз мәртебесін өзі айқындау құқығын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылды» дейді Ресей.(azattyq.org)

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар