«Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қоры
2014 жыл Абылай хан дәуіріндегі әйгілі қазақ батыры Жәнібек Бердәулетұлының (1714-1792жж.) туғанына 300 жыл толып отыр. Ол қазақ даласына шабуылдаған жоңғарларға қарсы соғыстарда Абылай хан, Қабанбай, Бөгенбай, Еспенбет, Шөңкей, Ақпантай, Малайсары сынды батырлармен тізе қоса шайқасып, қазақ жерін шапқыншылардан азат етуде ерен ерлігімен аңызға айналған ірі тұлға.
Осы орайда Алматы, Астана қалаларында, ШҚО-да батыр тойы салтанатпен аталуда.
Алты алашқа сауын айтқан атаулы шараның күн тәртібіне сәйкес Астана қаласы және оның іргесіндегі Қоянды ауылында төменедегідей іс-шаралар өтеді деп жоспарланып отыр:
19-маусым, 2014 жыл. Сағат 10.00. Астана. Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде Ер Жәнібектің 300 жылдық мерейтойына арналған «Мәңгілік ел және Ер Жәнібек» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция.
- 19-20 маусым, 2014 жыл. Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қоянды ауылы. Батырдың 300 жылдық мерейтойына арналған ас және спорттық, мәдени шаралар
– Ер Жәнібек атындағы жастар мен жасөспірімдер арасында «белбеу күресінен» республикалық біріншілік (чемпионат).
– Қазақ күресінен түйе палуан жүлдесі турнирі
– Қоянды ауылы орталығындағы «Ер Жәнібек бақшасына» қойылатын батырдың атқа мінген тұлғасы орнайтын ескерткіштің ірге тасын қалау рәсімі.
– Қоянды ауылының орталығынан алынған «Ер Жәнібек көшесінің» тұсаукесер салтанаты.
– Батыр рухына арналған «мерейтой» әдеби-музыкалық кеш
- 10-қазан, 2014 жыл. Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қоянды ауылы орталығына Ер Жәнібектің атқа мінген ескерткішін орнату.
Салтанатты шараға депутаттар, облыс, аудан әкімдері қатысады деп күтілуде.
Аталған іс-шараны атқару барысында алыс-жақындағы ағайынның барлығы да белсенділік танытуда.
Келіңіздер, көріңіздер, қолдау білдіріңіздер!
Ұйымдастыру комиссиясы
Парақшамызға жазылыңыз