/

ОРАЛМАН: АЗАМАТТЫҚ АЛУДЫ ҚАЛАЙ ЖЕҢІЛДЕТЕМІЗ?

644 рет қаралды

oralman 1Мамырдың 27-сінде Астана қаласындағы “Алматы” бизнес орталығында  Оралмандардың «Асар» қоғамдық бірлестігі мен халықаралық саяси апталығы «Түркістан» газетінің ұйымдастыруымен «Оралмандар: Азаматтық алуды оңтайландырудың жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстелге Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Көші-қон комитетінен,  Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы   көші-қон бөлімінен, қоғамдық ұйым өкілдерінен және оралмандар мен БАҚ өкілдері қатысты. 

Дөңгелек үстелде әңгіме болған негізгі мәселе, оралмандардың азаматтық алу проблемалары, тұрақты тіркеу және қазір Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі дайындап, арнайы құрылған жұмыс тобы мен Парламент депутаттары талқысына түсіп жатқан оралмандарға азаматтық беру, тұрақты тіркеу ережелерін қалыптастыру мәселелері талқыға салынды.

Дөңгелек үстелді оралмандардың “Асар” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қайрат Бодаухан жүргізіп отырды.  Ол қазір талқыланып жатқан заң жобасының көптеген кемшіліктерінің бар екенін айта отырып, аталған заң қабылданғанға дейін оралмандардың жүріп тұруының қиынға айналғандығын сөз етті.

Еңбек және халықты  әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің  Этникалық көші-қонды реттеу басқармасының басшысы Марат Тоқсамбаев қазір Үкіметте дайындалып жатқан жаңа заң жобасындағы ерекшеліктермен таныстыра отырып, жиналған көпшіліктің ұсыныстарын қабылдауға әзір екендіктерін айтты. Оның айтуынша, жаңа дайындалып жатқан заң жобасы бойынша, оралмандардың азаматтық алуын біршама жеңілдету көзделген.

– Алайда онда әлі де көпшілік талқысына ұсынылуы тиіс күмәнді тұстары баршылық. Мәселен, оралман мәртебесіне қол жеткізгеннен кейін, бірден ҚР азаматтығын алуға өтініш бере алмайды. Әуелі, ықтияр хат, яғни ел аумағында тұрақты тұруды рәсімдейді, содан кейін ғана азаматтық алуға өтініш береді. Бұл дұрыс емес, – дейді ол. 

Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы   көші-қон бөлімінің басшысы Үсіпбек Бейімбет оралмандардың қазақ екендігін дәлелдеудің де біршама мәселе тудыратындығын сөз етті.

Оралмандардың “Асар” қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Қайрат Бодаухан бүгін Парламентте талқылауға түскен заң жобасының жанынан құрылған жұмыс тобымен қоса, координациялық кеңес құрылуы тиіс деп есептейді.

 

Дерек көзі: turkystan.kz

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар