БҮГІНГІ КӨШІ-ҚОННЫҢ КЕЛЕҢСІЗДІГІ
Көші-қон жалпы «миграция» деген ұғым бұл еліміз, мемлекетіміз, халқымыздың ертеңгі мүддесі үшін өте-өте үстемді іс-әркет жасауды талап етеді. Қазақстанның мызғымас шекарасынан өткен пенде, тіршілік көзі ауа, су, тауар-зат бәр-бәрін заң аясында қатаң бақылап отыратын «Елдіктің айнасы» десекте болады. Өйткені «айнаға қарап бетіңді түзе» демей ме? Солай жасай алсақ қана Еліміздің, халқымыздың тұнығы бұзылмас еді. Қазақ еліне, кең байтақ жеріне, оның қазына байлығына, жеті атасынан қыз алыспаған қаны таза ұлтының ұлысына, кімдер қызықпайды дейсіз!!
Ал, техниканың өркен ниеті шексіздікке жеткен, өзің ойлап тапқан құрал жабдықтарың өзіңді басқарып тұрған мына заманда «ағзаңды улап, ойлау жүие миыңа әсер ету, санаңды сан сақаға жүгіртіп сезіміңе селеу салу» еліктегіштер үшін төңкерістің таптырмас жолы… Әлемге аян болған қазағымның даналығын, дарынын, ақылды сабырлыққа жүгіндіре білген салиқалылығын, жау жүрек жастарының жалынын жандырмау үшін әртүрлі деңгейдегі барлық ағымдар елімізге ентелеп еніп кетіп жатқаны осы миграцияны бір жүйеге тоғыстырып ұтымды ұйымдастырып басқарудың сара жолы санамызға сенімді ұяламауында! Сол үшін де ұлы көштің тағдыры «Ұлылықта» деп айтқым келеді.
Көші-қон десе біз оны тек оралмандарға ғана байланыстырып түсінетін ұғым қалыптастырып кеткенбіз. Бұл мүлде қате ұғым. Ол халықтың көші қоны. Заң солай аталған. Ал Қазақстанда тұрып жатқан 130-дан астам деп айтыла беретін ұлт-ұлыстардың жүріс-тұрыс, қозғалысы, елімізге күніне кіріп-шығып жатқан миллиондаған адамдар, олармен ере жүретін ағымдар осы «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі. Заңда халықтың көші-қон саласына қатысты 28 түрлі ұғым бар. Осы мәселелермен өз саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру құзыреті 8-9 министрлікке берілген. Бірақ та басқарудың, үйлестірудің, жүйелеудің, есеп алып, нәтижесін қортындылайтын бағасын беріп қортындылап отыратын құзыр қайсысында? Жоғарғы жақтан 28 ұғымға байланысты туындаған мәселеге жергілікті атқарушы органдардан қай мекеме жүйелеп нақты жауап бере алатыны да түсініксіз. Міне көші-қон мекемесі соңғы 3 жылда өзі көшіп қонып жүр.
Ұлт тағдырына ұлағаттық танытатын мекеме өзі көшіп қонып жүрсе, өзгенің өзекті мәселесін шешіп беруге келгенде өз мүддесін өз кәдесіне жаратуға шебер кейбір жандар, қандастарының қамы үшін емес қалтасын қағуға машықтанып мемлекеттің мерейлі мүддесін меншіктеніп айла амалдарын асырып қалуды көздеуде. Кесірінен, кері кеткен келеңсіздіктер көші қон саласының көсегесін көгертудің жолында емес керісінше керегесін сөгу жолына қарай реформа жасалатындай пікір туындатып ықпал етуде.
Жалпы Алла тағала ақын мен жазушыға жақсы мен жаман істің аражігін айқын көре білетін қасиет дарынды айрықша берсе керек. Арқасы қозған жазушы жазып, ақын айтып қалады. Халық құптап жатады. Ал, өздері дәрменсіз жандар өкпелеп те жатады. Қалай десекте өмір жақсы жағында, жаман жағында айтып айыбын кесіп те кешіріп те тұруды талап етеді емес пе? Сол үшінде халқым «сын түзелмей мін түзелмейді» десе керек.
Соңғы кезде 2013 жылдың соңында Көші-қон заңына енгізілген өзгеріске байланысты сын пікір, ұсыныстар, ағайындардың өкпе наздары өршіп тұрғаны да осы Ұлы көшке ұлылық таныта алмағанымыздан туындауда. Деседе шектен шығып шу көтере беру еліміздің де ұлтымыздың да ұлылығына ұлағатты іс емес.
Мен өзім көшіп келгелі 23 жыл болды көші-қон саласымен 13 жыл айналысып келемін. Бұл салада, кезіндегі қолданыстағы заң талаптарына сай кімдер қалай еңбек еткені көз алдымызда көкірегімізде сақталып өтіп жатты… Бұл мәселені талқылауды келешектің тағдырына қалдырайық. Өйткені шет елдегі 5 миллионға жуық қандастарымыздың 1 миллионы өз Отандарына толыққанды тұрақты қоныстанды. Қалған 4 миллионынан Қазақ елі тәуелсіздік алғаннан бері қонаққа келіп кеткендері жетіп артылады. Соңғы жылдары тұрақты тіркелмесе де қонаққа келген қазақтар өтініш жазса болды Оралман куәлік бере бергеніміз статистикалық есептің шатысуына жеткізді. Айтайын дегенім, қандастарымыз Қазақстанның қай елді мекеніне қалай орналасуға, өздеріне қажеттілікті қандай жолмен қалай табуға болатынын жақсы да нақты біледі. Өз ара әңгімелерін естісеңіз әр саладағы мемлекеттік түрде көрсетілетін қызметтердің делдалдық құнын, екі елдің азаматы болып шет елде жүрген қандастардың кімі қайда тұрып жатқанын, басқа ұлт өкілдерін қазақ болдырып кімдер енгізіп жүргендерін, әртүрлі деңгейдегі ағымдар қалай еніп жатқанын бәрін-бәрін жақсы біледі.
Және де ұлтының ұлағатты ұланымыз дегендері білетіндерін өздері шет елде жатып ақ құзырлы орындарға жеткізе білді. Ал, елімізде ел ертеңі жақсы болады деп ел еңселігін танытып жүре берген біздер қазақта бола беретін кейбір аңқаулық жайыттарға жол беріп алғандаймыз. Осының бәрін қортындылай келгенде Үкіметі дер кезінде қағидасы қатаң Заңды бекіттіре алды. Өкініштісі қағидасы қатаң болсын деген заңда қазақ ұлтының мүддесі мүлт кеткенін кеш түсіндік. Бүгінгі таңда бар мүмкіндік мемлекеттік деңгейде талқыға түсіп, қоғам болып жеке пікір ұсыныстар құзырлы орындарға жеттіп жатқанын көзі ашық оқырман қауым БАҚ-ы арқылы біледі.
ЕЛДІ ЕЛЕҢДЕТКЕН КӨШІ-ҚОННЫҢ ЕРТЕҢІ ҚАЛАЙ БОЛМАҚ!
Қалай десекте көші-қонның тамырына қан жүгірді. Қазақ ұлт өкілдерінің азаматтық алу мәселесі бір жыл ішінде шешілетіндей өзгеріс енгізілуі қызу талқылануда.
Ең негізгі мәселе «Халықтың көші-қоны туралы» Заңының қағидасын қалыптастыратын, көші-қон саясатын мемлекеттің мерейлі мүддесі ретінде жүзеге асыратын құзырлы мекеменің тағдыры да талқыға түсуде. Оның аумақтық құрылымдары қалай қызмет атқаратыны да назардан тыс қалмай ара жігі ажыратылып жатқаны да қуантарлық жайт. Өйткені әр бір істің өзегі өз орнында өзекті шешілуіне не жетсін. Осы істерді Үкімет басшысы К.Қ.Мәсімов өзі бақылауда ұстап әкімдермен, қоғаммен, оралман қауым өкілдерімен пікірлесіп, істің анық-қанығын зерделеп жатқаны Ұлы көштің ертеңіне ұлылық көрсетіліп жатқанының жемісі. Жақсы іс жарым ырыс дегендей жақсылық күтеміз де сенеміз.
Бұны айтып жатқаныма негізгі себеп Алматы облысынан 100 отбасы кері қайтқалы жатыр қайтып жатыр деген орынды орынсыз әңгімелерден туындайды. Шыққан еліміздің азаматтық жекебас куәлігін сол елге беріп, ол елдің есебінен бір жолата шығып кеттік, отбасымызда үш адам Отанымызға тұрақты тұру мақсатымен көшіп келдік деп ресми Көші-қон мекемесіне келіп өтініш білдірген Қытай Халық Республикасынан маусым айында Алакөл ауданына келген бір ғана отбасы бар.
Көптеген келеңсіздіктерге жол берген жайыттың бірі келген қонақтар тұрақты тұрамыз деп өтініш жазып, оралман куәлік алып алғаннан кейін тұрақты тіркелмей ел арасында сауда саттық, басқа да нәпақа табу жолдарында ат сабылтып жүргендер. Ендігі заңға, келген ағайындар тұрақты тіркеліп Ықтиярхат алғаннан кейін ғана Оралман куәлік берілетін ол үшін төлем қабілеттілігі талап етілмейтін қағида енгізетілетініне байланысты 25.05.2014 жылдан Оралман мәртебесін беру уақытша тоқтатылып тұр. Жаңағы кері қайтып кетті кеткелі жатыр дегендер осы куәлікке қол жеткізе алмай «Оралманмын» деген атты оңтайлы пайдаланып қалғысы келетіндер мен осы істе делдалдық қызметтері тоқтап қалғандар, және соларға ықпал ететіндердің ісі.
Оралмандар үшін келген аудан, қаласынан алысқа бармай-ақ Халыққа қызмет көрсету орталықтарына құжаттарын тапсырып мемлекеттік қызметтің жаңаша түріне қол жеткізу мүмкіндігіне ие болатын өзгеріс заңға енгізілуге қаралып жатқаны. Осы жаңа заңда оралман деген атау жоқ болып Этникалық қазақ ұлты болып жедел азаматтыққа қолдары жете берсе нұр үстіне нұр болар еді. Бұл да шешімін күткен әлі де талқыланатын мәселе. Этникалық қазақ ретінде жеке арнайы бағдарламаға енгізілетін ұлт өкілдерінен міндетті түрде білімі, бұрынғы істеген қызметтерін куәландыратын еңбек кітапшалары бойынша құжаттары негізінде «деректі қорға» толыққанды енгізетін қағида қалыптасқаны олардың өз тағдырлары үшін де маңызды.
Исі қазақ ұлт өкілі өз елінің қай елді мекеніне мемлекеттік қажеттілікке байланысты бар десе баруы оның азаматтық борышы болмақ. Сол себептенде енді келетін этникалық қазақтар Үкімет айқындаған өңірлерге баратыны күмәнсіз. Ал, өз еркімізбен, өз қаражатымызға сүйене елді мекен таңдаймыз дегендеріне кім шектеу қояр дейсіз.
Бірақ оларға да бір реткі жәрдемақы берілгені оңтайлы боларма еді. Қазақта жаңа көшіп келген көршісіне ерулік беріп келген саналы салт қалыптасты емеспе. Жалпы көші-қон саласындағы көп жылғы тәжірибемізге сүйене өз жеке бас пікірім Көші-қон заңы бойынша берілетін ішкі көші-қон, этникалық көші-қон, бизнес көші-қон мәселелеріне байланысты қаржылай көмектер тек Қазақстан Республикасының азаматтығын алған соң ғана берілсе. Ал берілетін қаражат жергілікті бюджеттен емес Республикалық бюджеттен қаралып бекітілгені барлық жерде бір мөлшерде болатынына әсер етер ме деген ой. Үкімет бекіткен өңірге барып баспана алатындар үшін әрине айырмасы болғаны ел ертеңіне қажетті болар.
Тамыры тарихи заманнан таралатын, теңгерімі тереңнен ой салатын тәуелсіз Қазақ елінде ұлы көш ұлағаттығын таба беруіне азамат ретінде ақылмен атсалысайық ағайын!!!
Құрметбек САНСЫЗБАЙҰЛЫ,
саясаттанушы, қазақ көшін зерделеуші.
Парақшамызға жазылыңыз