///

Н.Назарбаев: Әулиелі жерден қуат алған халқымыз ата-баба­лар жолымен жү­реді

720 рет қаралды
1

nan 1111Таяуда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жезқазған өңірінде еліміз үшін стратегиялық тұрғыдан аса маңызды «Жезқазған – Бейнеу» және «Арқалық – Шұбаркөл» теміржол магистралдарының тұсауын кесіп, ұлт ұясы атанған Ұлытауда сұхбат беріп, ел мен жердің тарихы, тіл, дін жайы, экономика мәселелері жайында ой толғады.
Төменде сол сұхбаттан үзінді беру­­ді жөн санадық.
«Біздің елдігіміз, қазақ жұртының арғы түбі ғұндардан басталады. Ғұн­дар­­­дан кейін көк түріктерге жалға­са­­ды. Одан кейін Алтын Орда ор­ны­ғады. Сөйтіп, хандық дәуірге ұласып, кейін біртіндеп Тәуелсіздікке келіп ті­реледі. Осындай үлкен тарихымыз бар».
«Біз еліміз үшін, жұртымыз үшін та­рихымызды, мәдениетімізді, санамызды, ғұрпымызды өзіміздің тіліміз арқылы ғана жеткізе аламыз. Қазақ­тың кейбір сөз оралымдарын, Абай­дың сөз өрнегін басқа тілге, мәселен, орыс­шаға, ағылшыншаға аударып көр­­ші. Ол мүмкін емес. Себебі, тілдің өз қасиеті бар. Сондықтан тіл жоға­ла­­тын болса, сол қасиет те жоға­ла­ды».
«Қазір өз тағдырын Қазақстанмен бай­ланыстыратын адамның бәрі баласына қазақ тілін үйретіп жатыр. Ал ен­­ді тарихын, болашағын қазақ­пен бір­ге деп санамайтындар бәрібір ке­­те­ді. Оған біз тыйым сала алмаймыз, са­­лып та отырған жоқпыз. Сон­дық­тан өз халқымыздың сана-сезі­мін үйретіп, өз тілімізді өзіміз ба­ға­лауымыз керек».
«Қазақстанның болашағы жар­қын деп санаймын. Себебі, біз ешбір ел­ге тиі­­сіп көрген халық емеспіз. Еш­бір ел­ге жау емеспіз. Төңірегіміз-дің еш­қайсысы да бізге жау емес. Бізге сырт­тан келіп тиісейін деп тұрған еш­кім жоқ. Дегенмен, қандай жағ­дай­да да өз қауіпсіз­дігімізді ойлап, Қару­лы Күштерімізді сайлап, іші-сыр­ты­мызды, етек-жеңімізді жиып, сақ отыруы­мыз керек. Осылай төңірегіміз бейбіт, өзіміз бейбіт, ішіміз бүтін, бір­лі­гіміз бе­рік болса, ұтылмай­мыз. Қа­зақ­тың бір­лігі – мына көпұлтты ха­лықтың бір­лігі. Біз бірте-бірте жарқын болашаққа же­те­міз деп санаймын».
«Мына тұрған қайыңдар, мынау жер сонау Жошы ханның да, Алаша хан­ның да, Тоқтамыстың да, Едіге ба­­тыр­дың да – бәрінің көзін көрген шы­­ғар. Мінекей, дүние деген осылай ылғи тұра береді. Заман өтеді, уақыт алға жылжиды. Ұрпақтар бірінің жо­лын бірі жалғайды. Бірақ ата-ба­ба­мыздың же­рі осылай керемет болып қа­ла береді. Осындай әулиелі жерден қуат алған халқымыз ата-баба­лар жолымен жү­реді деп санаймын. Ол жол – сара жол, Мәңгілік Елдің жо­лы!».

Дерек: Қазақ әдебиетінен

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар