Қазақтың аса дарынды өнер қайраткері, музыка зертеушісі, дәулескер күйші, композитор, шебер дирижер Қабыкей Ақымерұлының өмірі мен өнегесі өскелең ұрпағына үнемі үлгі болып, қайталап жаңғырып, олардың жадында мәңгі жасай береді,- Бурылалтай
Парақшамызға жазылыңызҚабыкей Ақымерұлы, қазақ қайраткері
Соңғы жазбалар
Фото: www.sports.kz Таиландтың Чианг Мэй қаласында 29 қараша мен 11 желтоқсан аралығында бокстан Азия чемпионаты өтеді.
Halyk Bank Алматыда “1+1” ұтыс ойынының бесінші жеңімпазына жаңа машинаның кілтін салтанатты түрде табыстады. Енді сіз
Фото: primeminister.kz “Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде жеке тұлғалар кірістері мен мүлкін міндетті декларациялаудан босатылды. Премьер-министр
Өткен аптада қоғамдық дүрліктірген резонансты оқиғаның бірі – Мәжілістің жалпы отырысында «Орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйымды
Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орында. Десек те, қалада үй салатын, ауылда мал жаятын жер
Қазақстандықтар долларға қатысты ұлттық валюта бағамын бақылап отырғанда, сарапшылар рубльдің теңгеге шаққандағы қатынасын көріп алаңдайды. Тенгенің
Қазақстан 2025 жылы 2 миллиард ағаш отырғызуды жоспарлаған. Осыған байланысты Батыс Қазақстан облысында ағаштардың қалай егілгені
Фото: «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы «Мінбер» журналистерді қолдау орталығына – 15 жыл. Осыған орай Алматыда орталықтың
Фото: kff.kz 2022 жылдың ақпанында Әділет Бәрменқұлов Қазақстан футбол федерациясының президенті болып сайланды. Екі жылға жетер-жетпес
Бүгін Алматыда «Қазақстан» қонақ үйінің «Алтын Емел» конференция залында «Абай» баспасынан (директоры Ақберен Елгезек) жарық көрген
Күй
(Қабыкей Ақымерұлына)
Көкейінен күмбірлі күй өрілген,
Қаймананың қайғысын түйе білген.
Сара ала қаз сұңқылдап, жалғыз аққу
Азалы үні өтеді сүйегіңнен.
Күрті тентек көпіріп күркіреген,
Үйір-үйір жылқыны-ай дүркіреген.
Ақиықтай асқақтап саңқылдаса,
Ақ жаңбырдай арындап сіркіреген.
Бәйбішенің биіндей былқылдаған,
Бұлағындай Бұлғынның сылқылдаған.
Күрпілдетіп келіннің кесте тігіп,
Инесінің ізіндей жылтылдаған.
Ай қасқасын жамбымен сүрмелетіп,
Ақ кежімін шашақтап, бүрмелетіп.
Бозжігіттер өткендей бебеулетіп,
Қызды ауылдың сыртынан түнделетіп.
Апай төсін аруға түймелетіп,
Қыз-бозбала қасына үймелетіп.
Естіген жан отырар есі кетіп,
Әр бір түрлі әдемі күйге кетіп.
19.04.2008ж.
Қабыкей деген атақты күйші ол кісінің “Күрті тасқынын” айтсаңшы! Деген сөздерді халық арасынан көп еститін едім және сол күйді тыңдағанда расымен Күртінің жағасында тұрғандай әсерге бөлеп керемет жігерлендіріп, серпітіп, сергітіп жіберетіндігін несін жасырайын! Жаны жанатта болсын!!!
Бұл кісілер әдемі қартайған, ақылы азбаған, кісілікті, көшелі қариялар ғой. Әнебір шалдар сияқты емес.