Қазақ елі Кеңестер Одағының құрамынан шығып (1991 ж) Қазақстан Республикасы болып қайта құрылғаннан кейін ұлттық құндылықтарын түгендеп, рухани байлығын толықтап, ұмытылғанын еске түсіріп, ескісін жаңартып, жадын сергітіп, жаңарудың жаңа жолына бет бұрғалы да біраз жылдың жүзі болды.
Өткен ғасырда, коммунистік қоғамда өмір сүрген заманда шектеу қойылған немесе ауызға алуға болмайтын, тіпті тарих парағынан сызылып қалған жәдігерлеріміз, қазақы салт-дәстүрлеріміз, әдет-құрыптарымыз қайта оралды. Солардың қатарына осы бір ұлан байтақ жерімізді ақ білектің күші, ақ найзаның ұшымен қорғап, ұрпағының ұрпағына ұластырып келген батыр бабаларымыздың ат-есімі, атақ-абыройы, ерлік жолы, ерен еңбегі сарапталынып, өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз жанды. Бұрын бірен-саран кітаптардан ат-есімін оқып қалатын, немесе ауыз екі әңгіме-дүкендерден естіп қалатын егей батырларымыз, бүгін бір-бір тұлғаға айналды. Олардың өмір-деректері, өскен ортасы жан-жақты зерттеліп, әр тараптан зерделеніп, халық басына күн туған заманда жанын пида етіп жүріп атқарған ерлік істері дәлел, дәйектермен нақтыланып, олардың шынайы әрі көркем бейнелері айқындалып жатыр.
Осы орайда ел үшін күрескен, атамекенін сырттың басқыншы жауларынан басын бәйгеге тіге жүріп, қасықтай қаны қалғанша қорғаған ерен батырларымызға ескерткіш орнату ісі де біршама сәтті жалғасын тауып отыр. Бірақ сананың жаңғыруы өте жай жүрілетін үдеріс екені байқалады. Мысалы құлды қарғысынан босатып қоя берсең де айналып келіп қожайынының қорасын тазалап жүреді екен. Кеңес Одағы кезінде Алматы қаласындағы жоқ қараған малшыға ұқсас, ат үстіндегі Амангелді батырды көріп көзайым болатын, қырғыздың Манасын, башқұрттың Салауатына қарап аузының суы құритын, орыстың Петр біріншіге орнатқан ескерткішіне тамсанып, тамашалап мәз болатын қазағым өз тізгіні өз қолына тигеннен кейін қазақ даласын арғымақ атқа (айғырға) мінген айбарлы батырларға толтырды. Қолдайтын іс, құптарлық шара, игілікті шаруа. Жас ұрпақты отаншыл, жер-суын сүйгіш, елшіл, патриотты рухта тәрбиелеуде мұндай іс-шараның атқаратын рөлі орасан зор екені айтпасада түсінікті. Танып-білсем, ұқсам деп талпынған, ынта-ықыласы зор жас жеткіншек алып ескерткіштің қасынан бейжай өте шықпасы анық. Қайткенде бір тоқтап, көз тоқтатып, көкейіне көп сұрақ толып, үлкенге бір сауал тастайды. Сонда сен әлгі ат үстіндегі алып батыр не тұлға жөнінде, оның ерлігін, батырлығын баяндап бересің. Арманшыл жас әп-сәтте тау тұлғаға айналып, мынау қарсы алдында тұрған асай-мүсейін асынған, бес қаруы сайма-сай алып батырға ұқсағысы келеді. Жас сәбидің санасында ұлттық намыс нәрі бүр жарып, көкірек көзінде тамшыдай болса да жігер оты тұтанады. Әлгі ескерткіш бітімінің бүге-шігесіне дейін мән беріп, ұсақ детальдарына шейін зер салып, үңіліп қарайды.(суретте: Манас ескерткіші)
Үлкенді-кішілі қандай ескерткіш болмасын, ол өнер туындысы. Ал біздің қазіргі орнатылып жатқан, тұрғызып қойған кешенді ескерткіштеріміз өнерге қойылатын талаптарға сай ма? Ұлтық сана-сезімнің үддесінен шыға ма? Әлде баяғы жартас, бір жартас болып, сол баяғы еуропалық тәлім, түсінік пен ұғымнан шыға алмай жүрміз бе? Біз бұдан бұрын да осы атты ескерткіштер туралы сөз қозғағамыз. Бүгін де осы мәселеге әдейі айналып соғып отырмыз. Өйткені біздің санамыздан сол баяғы кеңестік тәрбиенің ізі әлі өшпепті. Жаңаша, қазақша ойлау көрінбейді. Өзімізді өзіміз танып-білу әліде болса мешеу қалпында жұрта қалған екен. Біздің басымыздағы мынау ұланғайыр даланың ақы исі қазақтың мыйы емес, анау орманды, ну-суы мол жұмсақ табиғатты, кезінде шалбар киюді білмеген жалаң бұт, үзеңгінің не екені түсіне кіріп көрмеген еуропалықтардың мыйы жұмыстап тұрған сияқты.
Бұл ой бізге, жуықта Талдықорған қаласында, күре жолдың бойына, Қаратал өзенінің жағасына Қаракерей Қабанбай батыр бабамызға қойылған ескерткішті көріп, тамашалағаннан соң туындап отыр. Ал сол батыр ескеркішіне көз салалық: Құйрығымен жер шаншып, қосаяқтап тік қарғыған айғырдың үстінде бәкене батыр қабағы салбырап, шірене түрегеліп тұр. Тік шапшыған жылқының үстінде адам қалай тікесінен тік тұрады? Тым болмаса тізесі сәл бүгіліп, аттың мойынына қарай бейімделіп, жалына жабыса түспей ме? Циркші емес қой ол. Сөйте тұра үзенгі бау қолқылдап бос жатыр. Төс айыл да, тартпа айыл да аттың шабына кеткен. Енді екі секірсе ері көтіне кетейін деп тұр. Қазақта Бұхар атаң айтты дейтін «жал-құйрығы қаба деп жабыдан айғыр салмаңыз» деген сөз бар емес пе. Мына айғырдың құйрығына құшағың жетпес, ал жалдан жұрдай. Осындай сәкесімсіздік бола ма? Өзі шардақ, мес қарын. Батырдың жауға мінген қазан аты қаншардай қатып, жарап тұрмас па?! Ол, ол ма? Айғырдың динозабырдың жұмыртқасындай ені бар да, ұмасы шөкімдей, бір уыс. Бар пәле осы енде деп ойлайтын сияқты. Мүсіншінің Қабанбайдың мінгені Қубас ат деген бір сөз құлағында қалған ба, мүсінді қу бас қыламын деп құлын бас қылып жібергенін қайтерсің. Айғырдың бас кейпі азынаған арқалы айғырдан гөрі үйір аңсап кісінеген сұлу байталға келеді. Жалпы біздің бұрынғы батырлар жорыққа, жауға айғыр мінген бе, азбан, қазан аттарды мінген бе? (Салауатқа қойылған ескерткіш)Міне, бүгінгінің мүсінші-архитекторы осыны ескермеймейді-ау деймін. Бір қалыпқа соққандай азынаған айғыр мінген бейнелер көбейді. Не олардың батырында да, ал олардың мінген атында да батырлық сұс, қайнап, буырқанған жігер жоқ, бір сөзбен айтқанда рухсыз, өлі бейнелер. Тым болмаса анау Салауат пен Манастан тинамдай болса да үлгі неге алмайды екен, шіркін?! Болмаса да, ұқсап неге бақпайды екен деп зығырданың қандай. Байкалдың жағасындағы бұрядтың соққан мүсінін ағылшындар бас бағына орнатып алды. Өнер деген әне, сол!
Мендік менталитет, ұлтық сана, қазақы таным деген осындайдан бастау алады. Біз бұл жайында бұрын да айтып едік, амал қанша, темір қалыпқа қысылған санадан шыға алмай қалған құрсаулы жүйке халықтың өз жадын өзіне қайтаруға сіресіп, мұрша беретін емес.
Бурылалтай,
Алматы-Талдықорған-алматы, 2014 ж, қыркүйек.
Парақшамызға жазылыңыз
осы мәтінде берілген үш ескерткішті өз ара салғастырып ой салу үшін берілген деп түсіндім. Қайсысы артық?
Меніңше бұл бейнелеу өнеріне қаратылыа кеңінен көтерілетін тақырып па екен деймін. Мүсіншінің жеке басында көшпенді мәдениеті мен өркениетінің шүлен шұғыласынан мысқал сәуле түспеген болса оған қалай өкпелей аламыз. Біз тегі ертедегі қандай өркениеттің мұрагері екеніміз ең маңызды деп ойлаймын. Бір ғана өнер саласы емес барлық қоғамдық салаларда осыны бетке алу бізге ең ләзім.
осындай дүниелерге қол қойып, қаржы төлеп, қораш дүниені жұртқа ұсынған тізгін ұстағандарды түзеу керек. Біздің билік түзелмей ел түзелмейді деп көп айта беретініміз содан. Ел қайтеді, айтады, оның айтқанын билік елеп-ескермесе.
Мүсіншің болсын, билігің болсын, ақша бөлгізіп, соны бөлісіп жеп алса болды. Оған өнерің көк тиын боп тқрғай
Осындай да қырттар болады екен- ау! қазан атты өмірінде бір рет көрмей не сандалады екен? бізге Қабанбай батырдың ескерткіші өте ұнаййды. Мынауың көре алмайтын біреу ғой№
Тілектес, мен көре алмастықтан жазғамын жоқ. ең бастысы батыр жауға айғыр мінбеген, сен соны ұқшы, әуелі. Санда ұғасың мәселе не туралы екенін.
Тілектеске қосыыламын. Қырттар оттай берсін. қараталдың жағасындағы Қабанбай батырдың ескерткішіне іші күйіп, қызғанышына дауа таба алмаған соң көки берсін.