Ғ.Тоқай атындағы Татарстан мемлекеттік филармониясында түркі дүниесінің өнер майталмандарының қатысуымен концерт өтті. Татарстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық түркі мәдениетін дамыту ТҮРКСОЙ тарапынан ұйымдастырылған кешке сегіз елдің атақты әншілері, музыка орындаушылары мен дирижерлары өнер көрсетті. Түркі дүниесінің түкпір-түкпірінен келген көрермендерді айтулы күнмен құттықтаған ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов: «Өздеріңізге мәлім болғандай, ТҮРКСОЙ түркі мәдениетін әлемге паш ету мақсатында жиі-жиі концерттік бағдарламаларға көңіл бөліп отырады. Мәдениет пен өнердің тілі, дәлірек айтқанда, ән мен аспаптың тілі баршаға ортақ. Түркі өнер әлемінде өзіңе қажетті жаңалықты таба білу маңызды оқиғалардың бірі деп ойлаймын. Менен жиі сұрайды: «Осы шара біте салысымен «Түркі әлемінің мәдени астанасы Қазан» дейтін ұланғайыр жоба жұмысын тоқтата ма?» Түркі әлемі Қазанды мәдени астана ретінде ешуақытта ұмытпайды. Керісінше мәңгі-бақи мәдени астана болып қала береді. Өйткені біз бұл жерге қайтып келеміз, қайта ораламыз», – деп мәдениет пен өнердің шекарасы жоқ екенін қайта еске салды. Сөз соңында ТҮРКСОЙ Бас хатшысы концерттің өтуіне атсалысқан ұйымдар мен өнерпаздарға арнайы сыйлықтар тарту етті. Атап айтқанда, Ғ.Тоқай атындағы Татарстан мемлекеттік филармониясының директоры К.Нұруллин арнайы ТҮРКСОЙ сыйлығымен, Ресейдің халық әртісі А.Шутиков «Мұқан Төлебаев» медалімен, Татарстанның халық әртісі Г.Ибушев, Татарстанның еңбек сіңірген әртістері М.Шамаев, А.Зантимерова, Г.Шарапова, Л.Аппакова ТҮРКСОЙ-дың Алғыс хаттарымен марапатталды. Халықаралық фестивальдердің лауреаты Ақерке Тәжібаева Е.Усеиновтың «Өмір дастан» күйін орындап берді. Оркестрге дирижерлық еткен Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Қанат Ахметов. «Біржан-Сара» операсының Сараның ариясын Татарстанның белгілі әншісі Ригина Валиева орындады. Сол сияқты «Хайтарма Ай-Петри», «Соло фантазия», Тоқтағұл Сатылғановтың «Мың қиял», «Кожай биле Тогралыг» сынды әндерді сегіз елдің талантты өнерпаздары орындап, түркі дүниесінің түкпірінен келген көрермендерге тамаша кеш сыйлады.
Парақшамызға жазылыңызТҮРКІЛЕРДІҢ ТАЛҒАМЫ: фольклорлық құндылықтардан-операға дейін

Соңғы жазбалар
Фото: instagram.com Алдыңғы жылы ғана бұл жерде тұмса табиғаттың одан сайын көркін кіргізіп тұрған бақ бар
Фото: instagram.com Бүгін Алматыда өткен «Almaty Half Marathon» кезінде екі қатысушы көз жұмды. Олар – 84
“Мінбер” кітапхана айдарымен сіздерге сайтымыздың тұрақты авторы Бақытбек Бәмішұлының “Ащы жас араласқан ана сүті” атты әңгімесінің
(1-бөлім) Жағрапиялық аумағы жағынан күн шығысында Тынық мұхиттан басталып, батысында Ақ теңізге дейін созылған ұланғайыр алқапты
Фото: t.me/olympickz Дохада спорттық гимнастикадан өтіп жатқан әлем кубогі кезеңінде Милад Карими екінші алтын медалін жеңіп
18 сәуір күні Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Шерзат Полаттың өліміне қатысты қылмыстық
Фото: ҚР спорт комитетінің телеграмынан Катар астанасы Дохада гимнастикадан әлем кубогі кезеңі өтіп жатыр. Аталмыш додада
17 сәуір күні Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне
Сәуірдің 14–і мен 16-сы аралығында Оралда қазақ күресінен жастар арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионаты өтті. Дүбірлі доданың
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі халыққа тегін медициналық көмек көрсету үшін енгізілген. Бірақ Іле ауданында