//

Арулар құтты болсын, мерекеңіз!

925 рет қаралды
3

gul

Барша аруларды  8 – наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Дендеріне саулық, өмірлеріне бақыт, көңілдеріне шаттық тілейміз. Көйлегі көк, көңілдері тоқ болсын!

Елі аман, жұрты тыныш болып, әр қашан ғұмырын той-мереке, шаттық-думан, сән-салтанат, жемісті еңбекпен өзкізуге Бір Алла нәсіп етсін!  Барлықтарыңызға Ақтанай есімді сәбидің «Мамама тілегім» деген өлеңімен сәлем жолдаймыз! Құтты болсын мерекелеріңіз!

Мінбер-ақпарат

Мамама тілегім

Маматай, тіліңді алам,

Болмасын түріңде алаң!

Тағы да бес әкелді,

Тәртіптен бүгін балаң.

 

Өзің ғой тентек еткен,

Қой демей еркелеткен.

Қойныңа кіріп кетсем,

Келгендей ерте көктем.

Маматай, айна – жүрек,

Қиялым айда жүред.

Қасыңнан табыламын,

Әр қашан қалма жүдеп!

 

Маматай, қымбаттысың,

Ақ сары, сұңғақ мүсін.

Күлгенің күндей жарық,

Сен өте сымбаттысың.

 

Жанымдай жақсы көрем,

Бойымда үміт толық.

Қолыңды жылы суға.

 Маламын, жігіт болып!

Мерекең құтты болсын!

Балаң Ақтанай, 06.03.2015 ж.

Парақшамызға жазылыңыз

3 Comments

  1. Қазақ арулары, аналары мен еңбекші азаматшалары, мерекелеріңіз құтты болсын!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар