Қазақстан президентінің лауазымына ресми кірісу рәсімінде Елбасы Қазақстанның дамуына қауiп төндiретiн 5 жаңа сын-қатердi және бес мақсатты атап өтті.
Бес қатер:
Бiрiншi қатер – әлемдiк дағдарыс, дүниежүзiнде жалпы белгiсiздiктiң өсуi. Жаңа түрдегi қақтығыстар әлемдiк қауiпсiздiк жүйесi үшiн үлкен сын болып отыр, әлемдiк аренада экстремизм мен зорлықты пайдаланатын жүйесiз ойыншылар пайда болды.
Екiншi сын-қатер – әлемдiк экономиканың турбуленттiгi жалғасып, , санкциялық, валюталық және сауда соғыстары әлемнiң барлық елдерiнде жағдайды ушықтырып жатыр.
Үшiншi, климат өзгерді, әлемде түрлi катаклизмдер орын алып жатқанын көрiп отырмыз.
Төртiншi, Орталық Азия, яғни бiздiң өңiрге әлемдегi күйзелiстiң жаңа бағыттары әсер етуi мүмкiн, бұл бүкiл өңiрге қатер төндiруi ықтимал.
Бесiншi, жаһандық дағдарыс, әлемдiк экономиканың тұрақсыздығы осы қауiп-қатерлермен күрес бойынша халықаралық жүйеге күмән тудырып отыр.
Бес мақсат:
Біріншіден тұрақтылыққтың тұғыры болып отырған орта топтың үлесін арттыру;
Екіншіден, біртұтас ішкі нарықты дамыту;
Үшіншіден, жемқорлықпен күресті жалғастыру;
Төртіншіден, жаңа жұмыс орындарын ашу;
Бесіншіден, ұлттар бірлігін нығайту;
Парақшамызға жазылыңыз
5 нәрседен қашық бол, 5 нәрсеге асық бол…