//

Ыстықкөлде журналистер бас қосты

831 рет қаралды

11036296_10203153877086243_4312050454251856387_n 11045463_867244803312744_5889146909319852603_n

Қырғызстанның інжу-маржаны саналатын Ыстықкөл курортты зонасындағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің  Спорт-сауықтыру кешенінде шілде айының 9-12 күндері ІІІ Халықаралық жазғы мектеп және І жазғы PR мектебі өткізілді.  Жазғы медиа мектептің биылғы тақырыбы медиа сауаттылыққа арналды. Шараға ресми түрде ЮНЕСКО-ның Алматыдағы кластерлік бюросы мен Қазақстанның инвесторлар альянсы және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті демеушілік көрсеткен. Жоба жетекшісі және оның ресми ұйымдастырушысы, ҚазҰУ-дың “Журналистика” факультетінің профессоры Гүлмира Сұлтанбаева мұндай бейресми бас қосулардың мақсаты жайында: “Биылғы мектептің тақырыбы медиасауаттылыққа арналды. Ал шара ЮНЕСКО 70 жылдығы мерейтойына тұспа-тұс келді. Ыстықкөл жағалауындағы Жазғы медиамектеп көптеген медиа дәріскерлердің жаңа есімдерін шығаруға септігін тигізсе, қатысушыларға медиасауаттылық туралы жаңа білім мен тәжірибелермен танысуға мүмкіндік берілді. Сондай-ақ, биылғы мектептің географиясы ұлғайды. Еліміздің Алматы, Астана, Шымкент қалаларынан, Атырау, Қызылорда өңірлерін қоса алғанда Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен де журналистер қатысты” дейді.

Үш күн бойғы медиа мектеп дәріскерлері онлайн, теле, радио және мерзімді басылымдарға арналған стандарттар, этика мәселелері, журналистерге қойылатын негізгі талаптар жайында болашақ журналистермен ой бөлісті және өзара тәжірибе алмасты. Медиа мектеп екі бағытта  медиа сауаттылық және пиар бағытында жүргізілді. Оған Қазақстанға танымал журналистер мен медиа тренерлер ат салысты. Шараға шамамен 50-дей тыңдаушы қатысты. Медиамектептің келесі қысқы дәрісін Көкшетауда өткізбекке ақылдасқан медиа мектеп тыңдаушылары мен дәріскерлері бұл жолғы шараның аса жоғары деңгейде өткендігін атап өтті.

“Мінбер-ақпарат”

11667276_10203153876446227_6418476989586749242_n 11692480_10203153877286248_5661703064352706834_n 11701122_863175270386364_1095350840892184260_n 11745357_867238076646750_4129815344304650182_n

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар