///

Аламан бәйге! Алты алашқа сауын айтылды

1850 рет қаралды

Бүгін ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының ұйымдастыруымен және «Нұр Отан» партиясы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен  өтетін Қазақ хандығының 550  жылдығына арналған аламан бәйге «Алтын тұлпар» дәстүрлі республикалық турнирі жайлы баспасөз мәслихаты болып өтті.

Жиынды ашып сөз сөйлеген ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан мырза, шараның бас демеушісі «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорын екенін таныстыра отырып, аталмыш бәйге тек жүйріктер сайысы ғана емес, дәстүрлі атбегілердің де, білім-білігін сынайтын айырықша маңызы барын атап өтті.

Ұйымдастырушылардың айтуына қарағанда, бәйге алдағы 6-қыркүйек күні Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Астанадан 30 шақырым қашықтықта орналасқан Қабанбай батыр ауылының аумағында өтеді.

Сондай-ақ, аламан  жарысқа еліміздің 14 облысы мен Астана, Алматы қалаларының әрқайсысынан 10 сәйгүлік бәсекеге түседі деп жоспарлануда. Жарысқа сәйгүліктердің барлық тұқымдары қатыстырылады. Екінші рет ұйымдастырылып отырған бәсекенің басты ерекшелігі бәйге жолы ұзартылған, яғни,  өткен жылы 43 шақырым болса, биыл 51 шақырымға созылып отыр. Жарыс әр айналымы 12,5 шақырымды құрайтын 7 бақылау бекеті бар, үлкен шеңберде өтеді.

«Алтын тұлпар» аламан бәйгесінің жүлде қоры 23 млн теңгені құраса, бас жүлде  10 млн. теңге. Мәреге алғашқы жеткен  9 тұлпарға қаржылай жүлде беріледі. Осы шара аясында «Ат сыншысы» байқауы ұйымдастырылады. Ата дәстүрін жалғап, шын жүйрікті жазбай таныған сыншыға «Толыбай сыншы», «Күреңбай сыншы», «Шоқай сыншы» атындағы арнайы  жүлделер тағайындалып отыр. Сонымен қатар, шара барысында ұлттық қөлөнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылып, ат тағалаушылардың сайысы да жалғасын табады.

http://ulttyqsport.kz/

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар