Әлемдік дағдарыс салдарынан дегенді желеу етіп теңгені 30 пайызға дейін құнсыздандырып, долларды еркін айналымға жібергелі де біраз күн болды. Қара халық бұл оқиғаға іштей наразылығын танытқанымен, өре түрегеліп, қарсы болған жоқ. Дегенмен, әр тұрғынның көңілі күпті. “Қалай өмір сүрем?” деген күмәнді ой алаңдатпай қоймайды.
Өйткені теңгенің құнсыздануы – біздің күнделікті күн көрісімізге тікелей әсер етіп отыратыны сөзсіз. Девальвацияның 2015 жылдағы екінші толқынынан кейін, халықты сабырлылыққа шақырудан шаршамаған Ұлттық банктің басқарма төрағасы Қайрат Келімбетовтің әрбір берген ақпаратына халық сенуден қалып барады.
Бұл туралы Ұлттық банк басшысы КТК телеарнасындағы «Слуги народа» бағдарламасына берген сұхбатында айтты «теңгенің девальвациясы ұлттық валютаның айырбастау құнын бәсекеге қабілетті етіп, елдегі тауар өндірушілерінің жағдайына жағымды әсер етеді. Осы кезде, республика Кеден одағы мемлекеттері мен Экономикалық кеңістік аясында өзінің мүддесін қорғап отыруға әсер етеді»
Ол, «егер мұнай қымбаттаса, теңге өсетінін, арзандаса теңге де түсетінін, мұның қандай жылдамдықпен жүретінін нарық анықтайтынын» жеткізді.
«Әзірге пайыздық мөлшерлеме бұрынғыдай теңге салымдары үшін – 10%, өзге валюта үшін – 3%. Сонымен қатар салымдар бойынша шетел валютасында 5 миллионға дейін, ал теңгеде жинақтасаңыз, 10 миллион сомаға дейін кепілдік бар. Әр тұтынушы өзі шешім қабылдайды. Орташа мерзімді перспективада долларсыздандыру үдерісі басталады деп санаймыз», – деді Ұлттық банк басшысы.
Ал бұл мәселе бойынша Алматылық тұрғындардың пікірі қалай?
Жанболат Надырбаев: Алматы қаласының тұрғыны:
Девальвацияға үйреніп қалдық қой
– Мен, сауда орталығына азық-түлік алуға барғанда, кейбір заттардың бағасы шамамен 20-30 пайызға көтерілгенін байқадым. Көп заттарды сатпай жатты. Оның себебін, баға әлі тұрақталмады деп түсіндірді. Әзірге түсініксіз жағдай болып жатыр, сондықтан ешкімді айыптай алмаймын. Халық әдетінше бір-екі рет шулап, уақыт өте қалыпты жағдайға айналып кетеді ғой. Қара халық бәріне көндігуге үйренді ғой. Бұл қарапайым адамдардың экономикалық сауатының төмендігін көрсетіп отырғаны айдан анық. Құдайға шүкір, мен кредитімді теңгемен төлеймін. Бірақ, онсыз да жетпей жатқан айлығыма қымбаттаған азық-түлік алу уайымыма айналды.
Самат Абдуллаев «саудагер»:
Амал жоқ, зат бағасын көтеруге тура келеді
– Өзім аяқ киім саудасымен айналысамын. Тауарларды қырғыз елінен доллармен аламын. Бүгін хабарласып білсем, тауарлардың бағасы біршама өсіпті. Мысалы: сапасы жоғары бір аяқкиімді 10 долларға алып жүрген болсам , ендігі тауарларды 13 -14 долларға алармын. Қазір сату бағасы бұрынғысынша, бағасын күрт көтерейін десем, тауарым мүлде өтпей қалатын сияқты. Себебі, бұл тауарларды мен алдында ескі бағамен алғанмын. Доллар тұрақталғанда аяқ киім бағасын амал жоқ соған сай өзгертеміз, тауып отырған нанымыз осы болған соң.
Қорғасбаева Жәния азық-түлік дүкенінің қожайыны:
Девальвация бізге тікелей әсер етіп жатыр
– Біз, азық-түлік дүкенін жақында ғана ашқан болатынбыз. Девальвация мәселесі бізге тікелей әсер етіп жатыр. Алатын тауарымыздың өз бағасы сататын бағамызбен тең болып отыр. Мысалы, бананды бұрын 42 теңгеден алатын болсақ, қазір оның бағасы 60 теңгеге көтерілді. Ал, біз 100-110 теңгеге сатуға мәжбүр боламыз. Азық-түлік барлық адамның күнделікті қажеттілігі болғандықтан, сауда әрине болады. Бірақ, сауда бұрынғыдай емес.
Әлішер Тілеубаев , Сүлеймен Демирел университетінің экономика факультеті деканының орынбасары:
«Жалпы девальвация – теңгенің долларға қарағанда әлсіреуі. Девальвацияның болу болмауы бүкіл әлемдік саяси экономикалық жағдайға байланысты.
Ол, кейбір мемлекеттер үшін міндетті түрде істеу керек бір тактика болып табылады. Мысалы, біздің мемлекеттің табысының 70%-ы мұнайды сатудан түседі. Оны біз әлемдік нарықта долларға сатамыз. Бұл жердегі девальвацияның мақсаты – ҚР бюджеті азайғанда теңгені көбейту. Оның бір жолы – мұнайды девальвация кезінде сату. Егер доллардың құнын көбейтсек, біз көбірек теңге аламыз. Мысалы, бұрын мұнайды 1000 долларға сатып, 188000 теңге алатын болсақ, қазіргі таңда 1000 АҚШ долларына мұнай сатып, 230000 теңге алатын боламыз. Сондықтан, девальвация кезінде мемлекеттің қазынасына көбірек теңге түседі. Бюджеттегі тапшылықты белгілі бір дәрежеде жоямыз деген сөз.
Ал, кейбір адамдар бұл жағдайды тиімді пайдаланып жатады. Доллар көтерілген сәтте көк ақшасын теңгеге айналдырып, үстінен пайда тауып жатады. Оны «спекуляция» деп атаймыз. Олар барынша пайда көріп қалғысы келетін адамдар.
Мадина Тұрарова,
Гүлжан Ахметова,
СДУ-дің “Журналистика”
мамандығының студенттері
Парақшамызға жазылыңыз
Әрине девальвация халыққа біраз қиындықтар туғызып отыр. Бірақ бұл дағдарыстан шығудың амалы. Сондықтан да сабырлық танытсақ, тығырықтан міндетті түрде шығамыз.
Әлемдік дағдарыс бізге де әсерін тигізіп жатыр. Бірақ біз қалай болса да бұл қиындықтардан өтуіміз керек.
Теңгенің еркін айналымға жіберу шарасы елімізге қажетті шешім болып табылады. Бұл еліміздің әрі қарай экономикасын нығайту мен күшейту жолына әкелетін процесс.
Қалай десек те бұл бізде ғана қалыптасып отырған жағдай емес. Дағдарыс әлемді шарпып отыр. Сондықтан да мемлекеттегілер халықтың әлеуметтік жағдайын түсіріп алмас үшін барлық амалдарды қолға алып жатқанын айта кеткеніміз дұрыс болар.
Бағамдарды арнайы қадағалау шататтары да құрылып жұмыс жасап жатқанын білеміз. Меніңше, осындай қадағалаулардың болғаны орынды.
Бастысы үрей шығармай сабыр сақатау қажет! Әйтпесе мәселе одан ары ушығып кететіні анық!
Қазір барлық мемлекеттерді дағдарыс отыр. Сондықтан түсіністікпен қарауымыз керек.
Кандай жагдай болмасын, онын еки кыры бар!
Еш даурығудың қажеті жоқ. Дүкендегі сөрелердің бағаамдары бір қалыпта тұр.
Доллардың бағасы мұнай бағасына байланысты болғандықтан, жақын арада мұнай бағасы қалпына келуіне сенемін
Қазіргі әлемдік экономикада қалыптасқан ахуалды ескере отырып, Ұлттық банк жүргізген девальвация қажетті шара болғандығы белгілі болды. Бұл еліміздің экономикасының макроэкономикалық көрсеткіштерін кейбір бағыттар бойынша жақсартуға мүмкіндік береді. Бүкіл әлемде болған дағдарыс бізге де әсерін тигізбеу өтуі мүмкін емес шара.
Долордың теңгеге шаққандағы құны түсетін, яғни арзандайтын жөні бар еді, егер еркін, шынайы еркін баға болғанда, ал жағдай басқаша, онының құлдырауына мүдделі емес, таң қаламын.
Шынында, девальвациянын болатынын мунайдын томендеуинен де коп адам байкады.