Мына төрт бүлдіршін Шона Смаханұлы атындағы №62 мектеп-гимназиясында оқиды. Ағайындылардың үлкені Евелина Заврюдина 5-сыныпқа, Доминика Заврюдина – 3, Адриана Помина – 2, Роман Помин – 1 сыныпқа барады. Олардың оқуын әжесі Елена қадағалайды екен. Әжесі қазақша аздап білетіндігін және балалардың қазір қиналғанымен, өскенде қиналмағанын қалағандығын жеткізді. Ал Заврюдиналардың әкесі Дмитрий Заврюдин:
– Біз Қазақстанның патриотымыз, Қазақстанның болашағы қазақ тілінде. Сол үшін қазақ мектебін саналы түрде таңдадық, – деп жауап берді.
Парақшамызға жазылыңыз