///

«АЛАШ ТАРИХЫНЫҢ АҚИҚАТЫ» АТТЫ ЖАБЫҚ БӘЙГЕ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

1358 рет қаралды
23

Тамырын тереңнен тартар өшпес өткені, көшпес рухы бар халық екеніміз тарихтан белгілі. Ондаған ғасырлық заманалар көші осы айтқанымыздың айқын дәлелі. Әсіресе, елдік дамуы­мыздың кең қанат жайып, төрт­күл әлемге атағы кең танылған тұсы – Тәуелсіздік дәуірі. Бұл кезең – Қазақстанның мемлекет ретінде шекарасын айқындап, қазығын нықтап, төрт тараппен байланысын мықтап, экономикалық ендіктер мен саяси бағытымыздың тың мо­делін айқындап, дамудың жаңа сатысына қадам басқан тарихи кезең. Осы жылдар ішінде өткен тарихымыз бен мәдени мұраларымыз қалпына келтіріліп, ұлы тұлғаларымызға қатысты тарих қайта жаңғырды.

Осы орайда Елбасы пәрменімен кең кө­лем­де тойланып жатқан Қазақ хандығының 550 жыл­дығына орай Қазақстан Жазушылар одағы мен Еуразиялық Топ (ERG) бірле­сіп көр­кем әдебиетіміздің соны, тың туын­ды­лармен то­лығуына, оқырмандарды иман­ды­лыққа, елін, жерін сүюге баулитын жаңа шы­ғармалардың дүниеге келуіне ұйытқы болу мақсатында «Алаш тарихының ақиқаты» атты арнайы шығармашылық жабық бәйге жария­лаған болатын. Үш жанрды қамтыған және қомақты қаржылық қолдау көрсетілген бұл ірі жоба – еліміздің мәдени-рухани өміріндегі ең бір елеулі оқиға және алғаш ұйымдастырылып отырған жабық бәйге.

Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы сек­ретариатының ұйғарымымен үш жанр бо­йынша бәйгеге түскен шығармаларды сара­птау үшін көрнекті, белгілі ақын-жазушы, әдебиет сыншысы, театр қайраткерлерінен (құрамында бір төрағасы, он мүшесі, барлығы 11 адам бар) арнайы сараптау, талдау, бағалау комиссия құрылған. Шығармаларды қабыл­дау мерзімі 2015 жылдың 10 тамызында аяқ­талды. Бәйгенің талаптарына сәйкес шы­ғармалар тек лақап атпен ғана тіркеліп алынды. Үміткердің толық аты-жөні арнайы бөлек конвертке салынған. Бәйгеге проза, поэзия, драматургия жанрлары бойынша 200-ге жуық шығармалар түскен болатын. Лақап аты жазылған шығармалар комиссия мүшелерінің барлығына алдын-ала таратылып берілген. Қазылар алқасының мүшелері шы­ғар­маларды бір жарым ай бойы оқыды. Бәй­геге түскен барлық шығармаларды терең талдаудан, кәсіби сұрыптаудан өткізген комиссия мүшелері 2015 жылғы 28 қыркүйек күні толық құрамда қорытынды жиынын өтк­ізіп, бәйгенің ақтық шешімін шығарды. Ко­миссия төрағасының ұсынысымен барлық шешімдер, шығармаларды бағалау ашық дауыс­қа салынды. Жүлдегерлер толық белгілі болған соң барып комиссия төрағасы және мүшелерінің көзінше үміткер туралы толық мә­лімет жазылған конверттер ашылды. Хат­тама жасалды. Шығарылған шешімді Қазақс­тан Жазушылар одағының басқармасы секретариаты дауысқа салу арқылы бекітті. Комиссияның ортақ шешімі бойынша жүлде­гер­лер құрамы анықталды:

Проза жанры бойынша:

Бас жүлде. Бүркеншік аты – «Батыс», шы­ғар­маның аты – «Какаду». Авторы – Тынымбай Нұрмағамбетов.

1 орын. Бүркеншік аты – «Шегірұлы», шығарманың аты – «Дүрбелең». Авторы – Момбек Әбдәкімұлы.

2 орын. Бүркеншік аты – «АБВГ», шығар­ма­ның аты – «Шығайбайдың алтыны». Авторы – Жанна Абузарова.

2 орын. Бүркеншік аты – «Сұлтан Мәмет», шы­­ғар­маның аты – «Төретұмсық». Авторы – Бақытжан Қанапиянов.

2 орын. Бүркеншік аты – «Жол», шығарма­ның аты – «Маған таныс тағдырлар». Авторы – Қуаныш Жиенбай.

3 орын. Бүркеншік аты – «Жошы», шығар­ма­ның аты – «Абыз дала аңызы». Авторы – Әділ­бек Ыбырайымұлы.

3 орын. Бүркеншік аты – «Ұлан», шығар­­ма­ның аты – «Дүбірге толы дүние». Авторы – Төкен Әлжантегі.

3 орын. Бүркеншік аты – «Ақиық», шығар­маның аты – «Жолаушы». Авторы – Асқар Алтай.

3 орын. Бүркеншік аты – «Сұр жебе», шы­ғар­маның аты – «Оңқа-Жәдік оқиғасы». Авторы – Серік Сағынтай.

Поэзия жанры бойынша:

Бас жүлде. Бүркеншік аты – «Ес­іл-Нұра», шығар­маның аты – «Кене­са­ры­ның Ақмолаға шабуылы». Авторы – Се­рік Тұрғынбекұлы.

1 орын. Бүркеншік аты – «Ұрпақ», шы­ғар­­ма­ның аты – «Баба байрақ». Авторы – Сайлау Байбосын.

2 орын. Бүркеншік аты – «Қаракөк», шы­ғар­маның аты – «Сен – отсың, мен – күлмін». Авторы – Серік Ақсұңқарұлы.

2 орын. Бүркеншік аты – «Таң», шығарманың аты – «Шерменде». Авторы – Жарас Сәрсек.

2 орын. Бүркеншік аты – «Қоңыр», шығар­ма­ның аты – «Низам». Авторы – Әбубәкір Қай­ран.

3 орын. Бүркеншік аты – «Ләйлек», шығар­ма­ның аты – «Тұңғиық». Авторы – Қорғанбек Аманжол.

3 орын. Бүркеншік аты – «Ан-арыс», шы­ғар­­маның аты – «Қарт даламен тілдесу». Ав­то­ры – Наурызбек Саршаев.

3 орын. Бүркеншік аты – «Есілбек», шығар­ма­ның аты – «Азаттық шуағы». Авторы – Ба­қыт­бек Бәмішұлы.

3 орын. Бүркеншік аты – «Рухсана», шығар­ма­ның аты – «Қазағым менің ұраным». Авторы – Ғалым Әріп.

3 орын. Бүркеншік аты – «Шойын жол», шы­ғарманың аты – «Жеті жарғы». Авторы – Ескен Елубай.

3 орын. Бүркеншік аты – «Үмітбек», шы­ғар­маның аты – «Бойтұмар». Авторы – Мыңбай Рәш.

Драматургия жанры бойынша:

Бас жүлде. Бүркеншік  аты ­– «Рахмет», шығар­ма­ның аты – «Хан тұқымы». Ав­торы – Иранбек Оразбаев.

1 орын. Бүркеншік аты – «Қара құйын», шығарманың аты – «Нарком Жүргенов». Авторы – Рахымжан Отарбаев.

2 орын. Бүркеншік аты – «Ізет», шығар­маның аты – «Мәңгілік махаббат әні». Авторы – Сұлтан­әлі Балғабаев.

2 орын. Бүркеншік аты – «Көкжал», шығар­­ма­ның аты – «Аңсар». Авторы – Думан Рамазан.

2 орын. Бүркеншік аты – «Бекназар», шы­ғар­маның аты – «Мырзабидің жазасы». Авторы – Жолтай Әлмешұлы.

3 орын. Бүркеншік аты – «Жантақ», шығар­ма­н­ың аты – «Дөп-дөңгелек дүние». Авторы – Ғани Балтағарин.

3 орын. Бүркеншік аты – «Қара Ғаши», шы­ғар­маның аты – «Еңсегей бойлы ер Есім». Авторы – Кенжебай Ахмет.

3 орын. Бүркеншік аты – «Айсері», шығар­ма­ның аты – «Шерата мен Шынбала». Авторы – Жәркен Бөдеш.

3 орын. Бүркеншік аты – «Кәстай Бекілән», шығарманың аты – «Азат Алаш – даңқты Алаш». Авторы – Мағира Қожахметова.

дерек көзі: Қазақ әдебиеті газеті

Парақшамызға жазылыңыз

23 Comments

  1. Алаш тарихының ақиқаттары туралы біраз шығармалармен таныс болдым. Алашытың ұрпағы ретінде енді аталған еңбектің бәрін оқып шығуым керек. Елбасымыздың даналығының арқасында Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтудеміз, Алаш тарихымен терең танысуға мүмкіндік алып отырмыз. Президентіміз аман, жұртымыз тыныш, бейбіт өмір болсын алаштың елінде. Біз экономикалық қуатты, рухани бай елге айналайық.

  2. Тарихымызды дәріптейтін жақсы шара өткізлген екен. Меніңше осы шығармалардың жиынтығынан Қазақ хандығының 550- жылдық мерейтойынан мәңгіге мұра болып қалатын кітап жасап шығарса керемет болады.

  3. Мерейтой қарсаңында ұлттың тарихи санасын қалыптастыру, нығайту жолында көптеген іс-шаралар ұйымдастырырылды. Бұл шығармалар сайысының мәні мен маңызы зор деп білемін. Міндетті түрде барлығын болмаса да, 5-6 шығарманы оқып шығамын.

  4. Енді бұл шығармаларға жарнама жасап, халықтың назарына ұсынса жақсы болатын еді.

  5. Үздік атанған драмалық шығарманы сахнада қойса нұр үстіне нұр болатын еді.

  6. Қаншама керемет авторлар және дәл сондай жақсы шығармалар көзі! Осындай шараны әрқашан өткізу керек, меніңше, соның арқасында жұртқа есімдері сіңіп, белгілі болмақ, ал басты қуған идеясы да жарқын жүзбен қарсы алады оқырмандар қауымы)))

  7. Осы жарыска катыскан туындыларды кайдан окыса болады екен?

  8. Тамаша, казак адебиет мен жазу онерине али де болса жакын жастар барында, менин тилим манги жасайды!

  9. Мундай шаралар, биздин рухани дуниемизди толтыра келеди!!

  10. Бул шыгармаларды бир томгып шыгаруга болады гой енди!

  11. жеңістері құтты болсын! кілең игі жақсыларды жинап алыпты ғой.

  12. оооо жеңістеріңіз құтты болсын. Қандай сыйлық болды екен? Жаза кету керек еді.

  13. мұндай мұшәйраларды жастардың арасында да өткізу керек. Әйтпесе, мында кілең мықтылар. Құтты болсын дегенемен де.

  14. ал, жеңістеріңіз құтты болсын, бізге жұғысты болсын.

  15. туф, ағаларымыз үшін қуаныштымын. Тек жастарға жол бермепті.

  16. оқып шығу керек енді жазған-сызғандарын. Жеңіс құтты болсын, 550-жылдық та құтты болсын!

  17. 550-жылдық құтты болсын. Сол орайда ұйымдастырлағн мүшәйраның жеңмпаздарының жеңісі құтты болсын.

  18. Тамаша жарыс, жазушылар одағы шығармалардың арасынан кереметтерін таңдап алуы қыйынға соққан көрінеді! Жеңіске жеңген жазушыларды құттықтаймын!

  19. Керемет мерекелер өткізілді астанадағы, өзіміздің тарихымызды ұмытпайық

  20. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Мерейтой құрметіне өткізілген іс-шаралар өте көп, осындай құнды дүниелер халықтың есінде қалады

  21. Тәлім-тағылымы мол дүние екен, шынымен оқырмандар қауымын жақсы қасиеттерге, елжандылыққа баулитын шығармалар бар деп ойлаймын

  22. Тамаша жарыс, жазушылар одағы шығармалардың арасынан кереметтерін таңдап алуы қыйынға соққан көрінеді! Жеңіске жеткен жазушыларды құттықтаймын!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар